Home » Жас қалам » Құрбымның жетістігі

Құрбымның жетістігі

Оның сурет салуы өзгелерден ерекше. Суреттен қандай бейнені көргің келсе, аумаған сол қалпында тани аласың. Шынайылық басым. Қарап тұрып қызығып кетесің. Іштегі арманыңды бейне бір сезіп тұрғандай сезімде қаласың, дәл соны қазір суреттен көріп қоятындай да болсың.

Суретшілік — бұл адамға берілетін өнердің ең әдемісі, психологиялық ой-санаңның өрбуіне, өсуіне демеуші қасиеті бар өнер деп түсінемін. Суретші болу бұл саған жігер береді, өмір деген үлкен әрі құпиясы көп айдынға сені бір сүңгітіп те көреді. Сол тұста талмай, талабыңмен танылсаң  онда жаныңды жадыратары хақ.

Мен де осы бір үлкен өнерді өзіне серік ете бастаған әлі талай суретшіліктің қыр-сырын сезінуге тырысып баққан, болашағын бүгіннен болжап алдына мақсат еткен досым туралы сыр ашпақпын. Ол – біздің сыныптың суретшісі атанған досым Майя. Онымен алғаш танысқанда бойындағы өнерді әсте байқай қойғаным жоқ. Өзімнің пайымдауымша, суретшіні салған суреті танытатын секілді. Мен алғаш оның ақ қағаз бетіне қара қарындашпен салған суретін көргенімде оның не салып отырғанын анық байқамаппын. Жай күнде көріп жүрген  қарапайым суреттің бірі екен деп тіптен таңырқау да білдірмедім. Ал бұны көрген пән мұғалімі Майямен бірден шүйіркелесіп, оған бөлек тапсырма беріп, жоба жасауға ұсыныс тудырғанда құрбымның бойындағы жақсы қасиеттің барын ұққандай болдым. Бірде досыммен сырласқанда ол өзінің осы суретке қалай келгенін әңгімелеп те берген. Ең алғаш сүретіңді қай жаста және нені салған едің деген сұрағыма:

  • Дәл білмеймін, 2-ші сыныпта сияқты. Ол суретім «Тырна мен түлкі» деп жымиды ол.

Мен іштей таңданып, әсте балалар әртүрлі бояу қарындашпен әкесі мен анасының суретін, болмаса үй мен айнала өскен ағаштардың суретін салушы еді. Бұлай салуына не себеп болды екен деп, қызықтап қайта сұрадым.

  • Жаңағы атаған суретіңді салуыңа не себеп болды?-деп едім.

Ол күліп алып:

  • Анам Фарида ертегілерді көп оқитын, әрі біздің үйдегі айнаның алдында үстіңгі жағы сүйірлеу келген ұзын құмыра тұратын. Соны үнемі көріп өскен мен суретте осындай бейне болу керек деген ой туса керек, үнемі құмыра, ыдыс салуға құмар болатынмын және оларды толық бітірмейтінмін. Соңғы жағын анам аяқтап тастайтын. Бірақ суреттен көбіне «4» деген баға алатынмын. Бірде адамның келбетін салу керек болды, портрет дегенім. Бірден Леонардо да Винчидің ұлы шығармасы Моно Лизаны салуға кірістім. Бірақ маған ол кезде компьютердің көмегі көп болды.

Майя құрбым сурет әлеміне ден қойғаны сондай Атырау қаласында өткен мектеп оқушыларының арасындағы облыстық «Есірткіге қарсы» сайысында облыс бойынша қатысқан 200 суреттің ішінен алдыңғы қатардан көрініп 1-ші орынға ие болды. Бұндай үлкен сайысқа тұңғыш рет қатысып жүлдеге ие болу сурет өнеріне тіптен жақындата түскендей болды. Кейін Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқуға түскен соң, сурет бұл менің өнерім деген арманды ойы одан сайын оны жетелеп әкеткендей болды. М.Құбашева Астанада өткен «Қазақ хандығының 550 жылдығына» байланысты сайысқа жіберген суреті қазақ халқының сол кездегі оқиғасын сипаттайтын әдемі көріністі бейнелеген және сол суреті де жақсы бағаға ие болғанын айтуға болады. Бұл өнерін осы мектепте ұштаған, болашағынан үлкен сенім артқан ұстазы Арай Баянқызы Рысқалиева (қазірде Орал қаласындағы НЗМ-де). Ол апайымен үнемі хабарласып ақыл-кеңесін сұрап отырады. Өйткені Баян апайы тек қыл қаламмен сурет салуды ғана емес, бейнелеу өнерінің ерекше әрі жаңаша бағыты құммен сурет салу өнерін де үйреткен еді. Осы өнерде қысқа мәтіндермен сурет салуы аса қызықты. Таңқалыс тудырады. Сонымен қатар құрбымның бойында киім тігу өнері де бар. Мектептегі «Студия моды» деген үйірмеде бал кештеріне арнап әдемі көйлек те тігіп, мектептегі өткен шарада оқушылар подиумға киіп көрсеткен де болатын.

Бос уақытыңды қалай өткізесің деген сұрақты қойғанмен оның үнемі бос болмайтынын білемін. Дегенмен ол кітап оқығанды керемет ұнатады. Тек оқып қоймайды сондағы оқиғаны суретке салып отырады. Соңғы кезде салған суреттерінің ішінде графикалық стильде салған қазақи өмірді бейнелеген суреті жоғары бағаланып, ол қазірде Астана көрмелеріне жол тартты.

Бүгінде өнердің әр қырынан өзін танытып жүрген құрбымның болашағы айқын. Ол суретші болу. Болашағынан зор үміт күтетін ата-анасы да, айналасындағы құрбылары  да Майяның бойынан табылған талабына ақ тілек айтып, өнерің жана берсін деп оған үлкен сеніммен қарайды.

          Габитова Гюзель

Атырау қаласындағы химия-биология

бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің

11-сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.