І. Сабақтың мақсаты: 1. Өткен сабақтардағы құрақ құрау туралы алған білімдерін дамыту. Жұлдызша құрағының үлгісін дайындау, құрау технологиясын, түс үйлесімдерін үйрету.
- Оқушыларға атадан балаға мұра болып келе жатқан құрақ құрау өнерін қызықтыра отырып, заман талабына сай түрлендіріп, әрлендіріп, жасауды меңгерту.
- Қолөнерді сүюге, үй тапсырмасын сәндендіре білуге, оны жасауда төзімді, талғамды, білікті және іскер болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас және жаңа сабақты меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, сөзжұмбақ шешу, әңгімелесу, ойын түрінде, сарамандық.
Пәнаралық байланыс: тарих, геометрия, сурет, логика, эстетика, қазақ тілі.
Көрнекілігі: көрме, эскизді плакаттар, буклет, нұсқау карта, ойын түрлері, үлгілер, құрақ көрпеше, сөзжұмбақ.
ІІ. Сабақтың барысы: (1-2 мин). 1. Ұйымдастыру
- Кезекші, сабақта кім бар, кім жоғын айта ғой (түгенделді, жоқ оқушыларды сынып журналына белгілеу, себепті, себепсізін, мүмкін болса, анықтау).2. Үй тапсырмасымен жұмыс. III. Өткен сабақты қайталау: (5-6 мин).О — Құрақ түрлерімен таныстық. (плакаттағы сұрақтарға жауап алу)
- М. — Жақсы, кәне есімізге түсіріп көрелік.
- М. — Өткен сабақта қандай тақырып өттік?
- Қазақ халқының қолөнері туралы не білесіндер?
- Құрақ дегеніміз не? Ол қалай, неден жасалады?
- Құрақшы деп кімдерді айтамыз?
- Құрақтың қандай түрлерін білесіндер?
- (әр топтың бір-бір оқушысынан жауап алу).
М. — Балалар, жауаптарың дұрыс. Енді үй тапсырмасын қорытындылау үшін бір ойын ойнайық!
— Ойының аты: «Ақ сандығым ашылды»
— Шарты: сандықшаның ішіндегі конверттерде қиындылар бар. Сендер сол қиындыларды қүрастырып, құрақ жасайсындар. Кім тез, әдемі етіп, дұрыс құрайды, көрелік.
М. — Рахмет, аяқтадыңдар ғой. Енді кішкене шаршағанымызды басу үшін осы шеберлігіміз бен қазақтың шешендік өнерін байланыстырып дем алайық.
— Екінші ойынымыз — «Шеберлік пен шешендік»
— Бұл ойында әр топтан 1 оқушы өнер мен еңбек туралы мақал-мәтелдің бірінші сыңарын айтса, басқа келесі топтан екіншісін жалғастырады. Мысалы:
- Оқушы: Өнерлінің қолы ортақ — десе
- Оқушы: Шешеннің сөзі ортақ.
- Оқушы: Еңбек ерлікке жеткізер.
- Оқушы: Ерлік елдікке жеткізер.
1. Оқушы: Өнерлінің қолы алтын.
2. Оқушы: Өленшінің сөзі алтын.
- Оқушы: Өнер – таусылмас азық,
- Оқушы: Өнер – жұтамас байлық.
- Оқушы: Қыз еркем – кестесімен көркем,
- Оқушы: Ұл еркем – өнерімен көркем.
- Оқушы: Еңбек түбі – береке.
- Оқушы: Көптің түбі – мереке.
М. — Рахмет, жақсы-жақсы мақал-мәтел айттыңдар. Демек, еңбек-бәрін де жеңеді екен, өнерлі адам ешқашан аш қалмайды, берекелі өмір сүреді екен дегенді түсіндік. Жарайсындар!
- I Негізгі бөлім. Жаңа сабақты түсіндіру: (15-16 мин). « Ырыс алды –ынтымақ »
- Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – тақырып бойынша өткен құрақ туралы ойымызды, ісімізді, оны іске асырып, меңгеру, құрақ құрауда төзімді болып, бастаған істі оңды аяқтауға қалыптасу.- Сондықтан, «Жұлдызша» құрағын құрап шығару үшін мына нұсқау картасына қарандар.
- Мұңда мынадай геометриялық фигуралар көрсетілген. Осы фигуралардың мына-мына түрлерін біріктіргенде жұлдызша шығатынын көреміз.
- Яғни жұлдызша үшін геометриялық фигураларының (….) т.б көрсету, үйлесу жобасын таныстыру.
Құрақ
Мата қалдықтары Түр-түсі Тұрмыста қолданылуы
РОМБ ҚЫЗЫЛ КӨРПЕШЕ
ТРАПЕЦИЯ САРЫ ТӨСЕНІШ
КОНУС ЖАСЫЛ СЫРМАҚ
ҮШБҰРЫШ КӨК ЖАСТЫҚҚАП
Геометриялық фигуралар
1-2 оқушыдан сұрау:
- Айтшы, «Жұлдызша» құрақ үшін қандай геометриялық фигуралар керек екен?
- Құрақ дегеніміз не?
- Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар, біріншісі – көлдің жағасында өсетін өсімдік, яғни жас қамыстың атауы, екіншісі – бұйым жасаудың атауы.
- — Негізінен құрақтың сан алуан түрлері бар екенін білдік, соның ішіндегі «Төртбұрыш», «Тұмарша», «Саңармүйіз», «Аққу», «Шахмат», «Торкөз», «Қызғалдақ гүлі» т.б. құрақтар.
- «Жұлдызша» құрағы ел ішінде кеңінен тараған.
- Біз бұйым жасау үшін алдымен жобасын сызамыз. Оны сендер үйден орындап келдіңдер. Енді оны жоба бойынша геометриялық пішіндерді қатты қағаздан түсіріп, қиып аламыз.
- Жаңа сабақтан алған білімдерін іске асыру: (10 мин).
- Сонымен, жаңа сабақтан алған білімдерінді іске асыру үшін «Бәрін білгім келеді» сарамандық жұмысымызды бастайық. Жұмысымызды бастамас бұрын құрал-жабдықтарымызды ретке келтіріп, түгелдеп алайық және қауіпсіздік ережелерді еске түсірейік. Қане, кім айтады?2. оқушы: Қайшымен жұмыс істегенде абай болу керек.
- 1. оқушы: Ине, жіп, қайшы, т.б. өткір заттар – барлығы арнайы қорапшаларда тұру керек.
- Дұрыс, жарайсың!
- Бүгінгі үйренетініміз — «Жұлдызша» құрағы, оны көбінесе көрпе, кілем, түскиіз тігуде пайдаланады. Құрақ көрпешелер бір-бірінен қайталанбайтындығымен ерекшеленеді. Үйлесімдік нұсқау картасы бойынша жұмыс істейміз.
- Ал, балалар іске сәт. Тіккен істеріне мұқият болындар, әдемі тігіңдер.
- Сендерге беретін уақыт 8-10 минут.
- (оқушылар жұмысын бітірген соң жұмыстарын тексеріп шығып, кемшіліктерін айту).
- Міне, «Біткен істің, міні жоқ». Өте жақсы!
- Мұндай жұмысты 8 Наурыз мейрамда аналарына тігіп, сыйлыққа беруге болады. “Жылы төсеніште отырыңыз” — деп.
Жаңа сабақ пен өткен сабақтан алған білімдерін пысықтау. ( 5-6 мин).
- Ал енді, жаңа сабақ пен өткен сабақтан алған білімдерінізді пысықтап көрелік.
- Мынау құрақ құрау ойынының сұрақтары: Плакаттағы сұрақтардың дұрыс жауаптарын стрелка белгісімен белгілейміз.- Келесі ойының түрі түрлі-түсті әрпі бар қағаздарды дұрыстап құраса, мақал-мәтел шығады. Мысaлы: (да өнер құрау құрау ). ( Әр топтың екі оқушысына бір-бір тапсырмасын беру).
- Дұрысы: Құрақ құрау да өнер.
- Рахмет, балалар!
- Барлығымыз дұрыс құрастырдық.
- Қане, оқып шықшы.
- (Әр оқушы құрастырған мәтелді оқып береді).
VІ. Қорытынды.
М. — Сонымен, біздің сабағымыз қорытындылауға таяп қалды. Соны біз «Сөзжұмбақ» арқылы аяқтайық.
(Тақтаға плакат ілінеді. Әр топ 6 сұрақтарға жауап береді)
І — Топ оқушы шығып:
- Тықыр немесе түкті тоқылған бұйым.
- Киім немесе басқа затқа арналған дайындама.
- Денені табиғи құбылыстан қорғайтын қабат.
- Қолөнердің бір түрі.
- Кестелеген ұзын орамал.
- Бұйымды көктеп тігу әдісі.
ІІ-Топ оқушы шығып:
- Ою-өрнекке сән беретін барқыт.
- Қол өнердің мата қиындыларынан тігілетін түрі.
- Әйелдердің әшекей бұйымы.
- Саусақтың басына киетін темір қалпақ.
- Өруге. Тігуге арнап иленген ірі мал терісі.
- Екі түсті киізден жасалған төсеніш.
І. Топ – Жауап: 1. кілем, 2. үлгі, 3. киім, 4. кесте, 5. сүлгі, 6.жөрмеу
ІІ. Топ – Жауап: 7. мақпал, 8. құрақ , 9. сырға, 10. оймақ, 11. қайыс, 12. сырмақ.
— Рахмет! (дұрыс болса – мадақтау, егер дұрыс болмаса – қатесін жөндеу).
VІІ. Сабақты қорыту. ( 2-3 мин).
М. 1. — Сонымен, бүгін қандай тақырып өттік ?
- — Не үйрендік ?
- — Рахмет, түсінгендеріңе, сабаққа белсенді қатысқандарыңа! Әрқашан үй тұрмыстарыңа көңіл бөліп, үйренгендеріңді іске асырып жүрулеріңе тілектеспін.
(Оқушыларды бағалау, күнделікке баға қою).
Үй тапсырмасын беру: ( 1-2 мин).
— Үйден осы жұмысты аяқтап келу.
— Қонақтармен қоштасу.
— Сау болыңыздар! (орындарынан тұрып, қонақтарды шығарып салу).
Қалыбаева Анар
«Б.Тамабаев атындағы орта мектебі» КММ
Еңбек пәнінің мұғалімі
Алматы облысы
Қарасай ауданы, Қаратөбе ауылы