Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Егер құндылықтар жүйесінде білімділік басты құндылыққа айналатын болса, ұлт табысқа жетеді» деген болатын.
Өзімізге мәлім, 2016 жылдан бастап жаңартылған білім бағдарламасы және бағалау жүйесі Республикалық мектептерде енгізілген. Әрине, Қазақстанның білім беру жүйесін жетілдіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, білімділікті басты құндылық етуге тек Қазақстан мамандары ғана емес, бес жыл көлемінде шетелдік сарапшы мамандардың талқылауына түсіп қабылданғандығын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы айтқан еді. Бүгінде, 2017 жылғы 26-27 қазанда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ орта білім саласының өзекті мәселелеріне арналған ІХ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Дәстүрлі конференция Қазақстан мен шетел мамандары арасында ынтымақтастық орнатып, үздік тәжірибелермен араласуға мүмкіндік береді. Бұл пікірталас, тәжірибе, ой алмасатын конференцияның негізгі тақырыбы – білім саласындағы құндылық. ХХІ ғасырдағы білім саласының басты ерекшелігі де осы құндылық арқылы ұрпағымыздың еліне, Отанына, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады. Ендеше, конференцияның басталуы дәл осы ұлттық құндылықтарымызды заманауи технология желісінде насихаттай отырып бүгінге дейінгі жетістіктерімізді көрсетумен ашылды. Қазіргі ғасыр электронды ғасыр десек, сонау қырмандағы астықтың жиналуын, оның жерге бидай болып егілетінін, қандай жолмен таралатынын, ата-бабаларымыздан қалған мұраларымызды, жеті қазынамызды Атыраулық «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» «Көлеңке театр» жастары көз алдымызға елестетіп берді.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Бас төрайымы Шамшидинова Күләш Ноғатайқызы: «Мына жаңартылған білім бағдарламасы деп неге айтамыз, себебі, білімнің бағдарламасы түбегейлі өзгерген жоқ. Мектептерде осы уақытқа дейін беріп келген негізгі бағдарламаларды әлі де болса қалыптастыра береді. Бірақ, күтілетін нәтиже өзгереді. Технологиясы мен методикасы өзгерді. Осыған байланысты бүгінгі конференцияда әңгіме болады. Екіншіден, мектептің психологияға байланысты жұмысы, бүгінгі жағдайда баланың психологиясын түсінуге және осы оқу процессінде толық пайдалануға, әр баланың ерекшелігі бар. Сол ерекшелікті дұрыс пайдалану арқылы баланың оқуға деген құштарлығын арттыру мәселелеріне көп мән беріледі».
Келесі кезекті конференцияға арнайы келген Халықаралық спикерлерге берді. Олардың әрқайсысы дүниежүзілік білім деңгейлеріне талдамалы қорытынды жасай отырып, білім саласындағы жаңа бағдарламалырына тоқтала өтті. Айта өтсек, Паси Салберг. Финляндиядағы оқу жүйесіндегі реформа жасауда үлкен еңбек сіңірген. Бұл кісінің жазған еңбектері бүкіл дүниежүзіндегі білім саласында айналысатын адамдардың қазіргі пайдаланып отырған дүниесі бар. Сингапурдың Ұлттық білім академиясының басшысы Он Сен Тан, Канадалық Гордон Ньюфелд психологияға байланысты мәселелерді көтерді. Оның ішінде, Россиялық сарапшылармен тығыз байланыса отырып көптеген мәселелерді қарастырамыз. Себебі, біз олармен толыққанды жұмыс жасап отырмыз. Әлі де болса білім жүйесінде бағалауға байланысты сұрақтар бар. Сол сияқты тағы да басқа мәселелер жөнінде шетелдік мамандармен оннан артық секция жұмыс істейді. Екі күндік жұмыс уақытына созылған конференция біріншіден, дүниежүзілік белгілі, беделі өте жоғары ұйымдармен әріптестікті жалғастыру үшін пайдаланса, екіншіден, қандай дүние жасасақ та оның авторлық құқығы Қазақстанда болу керек. Үшіншіден, еліміздің мамандарын жоғары деңгейде дайындау. Осы аталған үш мәселенің айналасында жұмыстар жүргізіледі және дәл осы кезде меморандумдарға қол қоямыз деп айта алмаймыз, — деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Бас төрайымы Шамшидинова Күләш Ноғатайқызы. Биылғы конференцияда Рухани жаңғыруға, тәрбие мәселесіне байланысты секциялар және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мамандарымен консультация да ұйымдастырылған.
Айта өту керек, Білім беру ұйымдарының қызметін қолдау мақсатында білім беру саласындағы халықаралық және отандық компаниялардың өнімдерін таныстыруға Конференция шеңберінде білім беру ресурстарының көрмесі ұйымдастырылды. Білім беру көрмесінің аясында инновациялық жабдықтар, 3D принтерлер, LEGO-роботтар, ғылыми-педагогикалық әдебиет, сондай-ақ, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқулықтары мен білім беру ресурстары ұсынылды. Көрменің маңызды оқиғаларының бірі – көрнекті авторлардың қолтаңба сессиясы және кітаптарының тұсаукесері болды.
Оқырмандар назарына, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастырған «Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, әл-ауқаттылық және инновация» атты конференцияға қатысушы жетекші шетелдік және отандық ғалымдар мен практик мамандар өздерінің ғылыми еңбектері, инновациялық идеялары және озық тәжірибелерімен «Педагогикалық диалог» журналының жаңа санында бөліседі.
Мұстафина Жансая Алибекқызы
Білім айнасы
Астана қаласы