Home » Ашық сабақтар » Құмдағы жылан

Құмдағы жылан

Мақсаты: Балаларға құмның қасиеті мен түрлері туралы білімдерін кеңейту. Оларды шығармашылыққа баулу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін дамыту. Құмның қасиетімен таныстыру. Құммен сурет салу дағдыларын қалыптастыру. Саусақ қол моторикасын, ой-өрісін, қиялын, зейінін дамыту. Дәстүрлі емес әдіспен құммен сурет салуды жалғастыру.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, көрсету, еске түсіру, ойын, саусақты шынықтыру, құммен сурет салу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, құм түрлері. Әр балаға құммен жұмыс жасағанда сақталатын қауіпсіздік шараларымен таныстыру. Құмның түрлерін жинау, құм суреттерін зерттеу.

Оқу іс-әрекетінің барысы.

Тәрбиеші: — Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бүгін бізге қонақтар келді. Балалар қонақтармен амандасу үшін шаттық шеңберіне тұрамыз.

(балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберіне тұрады)

Балалар: Мына сұлу әлемде,

Адам өмір сүреді.              Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді.

(балалар ортаға жарты шеңбер болып тұрады)

Тәрбиеші: — Балалар, біздің республикамыз қалай аталады?

(Балалардың жауаптары)

Өзіміздің сүйікті және байтақ жерімізге қандай тілек білдірер едіңіздер ?

-Елімізде тыныштық болсын!

-Әрқашан күн сөнбесін!

Балалар, біз Маңғыстау облысында тұрамыз. Біздің Маңғыстауда құмды аймақтар бар.

Тәрбиеші: Балалар, өткен оқу-іс әрекетіміздің бірінде біз өте қызықты құм теориясымен таныстық. Құммен сурет салу тәсілдерін үйрендік. Сурет салу үшін алдымен құмның қасиеттерін айтқан болатынбыз. Қане, балалар есімізге түсірейікші, кім айтады?

Балалар: Құм сусымалы болады.

Тәрбиеші: Балалар, оны қайдан білдіңдер?

Балалар: Қолымызға салғанда сусылдап түсіп қалады.

Тәрбиеші: Ал құмның түсі туралы кім айтып береді?

Балалар: Құмның қоңыр, қара, ақ түстері болады. Құмның ылғал және құрғақ түрлері болады.

Тәрбиеші: Өте жақсы, балалар, жарайсыңдар. Ал енді құммен жұмыс жасағанда сақталатын қауіпсіздік шараларды естерімізге түсірейік.

Балалардың жауаптары: Құммен жұмыс жасағанда өте мұқият және сақ болуымыз керек. Құмдарды үстелге төгуге және адамға қарай шашуға болмайды. Себебі, көзімізге кіріп кетуі мүмкін. Құмды аузымызға салмаймыз. Қасымыздағы адамдарды алаңдатып жұмысын бөлуге болмайды.

Тәрбиеші: Өте дұрыс. Балалар, біздің әлемде құмды жерлер өте көп. Біздің туған жеріміз Маңғыстауда да құмды аймақтар бар. Мысалы: Үстірт, Сенек, Тұщықұдық, Ұштаған елді мекендерінің қасындағы құмдар.

(интерактивті тақтадан аталған құмды жерді көрсету)

-Бүгін мен сендерді біздің өлкеміздегі құмдардың түрлерімен таныстырамын. Алдарыңыздағы үстелдегі ыдыстарға назар аударыңызшы.

Тәрбиеші үстелдің үстіндегі ыдыстарға жақындап, құмдардың түрлерімен таныстырады:

  • Теңіз жағасындағы құм.
  • Қара топырақ.
  • Шағал, таза құм

Балалар ыдыстарды құмдардың түрлерін ұстап көреді. Құмдардың айырмашылығын айтады, сипаттайды.

Балалардың жауаптары:

Теңіз жағасындағы құм. Жазда теңізге барғанда ойнадым. Түсі ақшыл сары болады.

— Бұл – қара топырақ. Оны көктемде балабақша ауласында ағаш, гүл отырғызғанда көргенмін. Түсі қоңыр, қара.

— Бұл – таза құм. Ол біздің сурет салған құмға ұқсас.

Тәрбиеші: — Дұрыс айтасыңдар. Балалар, енді әркім өз орнына барып, жұмыс жасауға дайындаламыз.

(балалар жұмыс орындарына барып, алжапқыштарын киіп 2 дайындалады)

Тәрбиеші: Ал, енді, балалар, ойын ойнағыларың келе ме?

Балалар: Иә, ойнағымыз келеді.

Тәрбиеші: Ендеше, мен сіздерде құмды жерлерде болатын табиғат құбылыстарын айтып берейін.

(Желдің дыбысы естіледі) құмды жерлерде жел жиі тұрады. Құм борап тұрады, құм бір жерден бір жерге көшеді.

(Балалар қораптың ішінде қолдарымен құмды шашады)

Кезекте аспанда бұлт торлап жаңбыр шықтай бастады. (Жаңбырдың дыбысы естіледі)

(балалар саусақтарымен құмды түртеді)

Жаңбыр тоқтап, бұлт ашылып, арасынан жадырап күн шықты.

(қуанышты дыбыс естіледі)

(балалар құмда Күннің суретін салады)

Тәрбиеші: Міне, балалар, ойын ойнап саусақтарымызды да шынықтырып алдық. Мен бір көңілді әуен естіп тұрған сияқтымын. Сендер естіп тұрсыңдар ма? (күн кіреді)

  • Балалар, мен сендерге үлкен өтінішпен келіп тұрмын. Маған құмнан тасбақаның суретін салып беріңдерші.

Тәрбиеші: Құмға жыланның суретін салып көрсетеді. Жыланның құрылысымен таныстырады.

          Балалар құмға сурет салады.

Қорытынды: (Тәрбиеші балалармен сұрақ – жауап тәсілімен оқу қызметін қорытындылайды)

-Балалар, құмның қандай қасиетін білеміз?

-Маңғыстауда қандай құмды аймақтармен таныстық?

-Құммен жұмыс жасағанда қандай сезімде болдыңыз?

-Бізге қонаққа кім келеді?

-Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Тәрбиеші: — Жарайсыңдар, балалар, маған да құмда сурет салған ұнады. Сіздер ең әдемі, жақсы талантты балаларсыздар. Құммен тағы сурет салғыларың келе ме?

Ендеше, келесі оқу қызметінде ылғал құммен сурет салуды үйренеміз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Назарбаева Тұрақ Сансызбаевна

№5 «Балбөбек» балабақша тәрбиешісі,

Манғыстау облысы,

Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе-2 ауылы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.