Home » Мақалалар » Қытайдан келген бизнесмендер  жаңа жобалық кеңсеге бірінші болып келді

Қытайдан келген бизнесмендер  жаңа жобалық кеңсеге бірінші болып келді

Ағымдағы жылдың 18 маусымында Петропавл қаласында ашылған «Бизнесті және инвестицияларды қорғау» атты жаңа жобалық кеңсесіне Солтүстік Қазақстан облысына 80 млрд инвестициялады тартуды жоспарланған Tielin Logistics Co Кытай өкілдері барды.

Бұл жоба ел экономикасында инвестициялау процесін жеңілдету үшін және бюрократиялық рәсімі мен сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында ашылды.

Қытай инвесторлары бірнеше өндірісті құруды жоспарлап отыр. Олардын арасында подшипниктер және электромобильдерді құрастыру зауыты, целлюлоза өндіру, бидай диірмен өңдеуі жоспарланған. Өңірімізде бұл кәсіпорындарда 1650 жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ Қытай кәсіпкерлері 4 км теміржол мен электр станциясын салуға мүдделі.

Компания үәкілдерінің айтуы бойынша, осы кеңсенің ашылуы облысқа жаңа инвестициялар тартуға, сондай-ақ бизнес-ортада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың санын қысқартуға оң әсерін тигізеді.

Осы жобалық кеңсе 31-ші Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында берілген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша өз ісін бастады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті бастамасымен аумақтық жоба кеңсесі «Даму» қорының облыстық филиалы ғимаратында ашылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.