Есіркеп Айнұр Пазикқызы,
Шымкент қаласы,
№74 Айдана бөбекжай балабақшасы.
Білім беру саласы: «Таным» экология негіздері.
Сабақтың мақсаты :
1.Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға үйрету.
2.Байланыстырып сөйлеуге дамыту.
3.Табиғаты аялауға тәрбилеу,эстетикалық талғамды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Көрнекілігі: Қыс көрінісі туралы тақырыптық сурет,үлестірмелі суреттер,бейне таспа және т.б.
Әдісі: Сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: Кеспе әріптер арқылы,бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбын табу.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезені:
/Ортамен амандасу/
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеткендер.
Өсті ақыл ойымыз.
Өсті,міне, бойымыз.
Иіліп сәлем береміз,
Әдепті боп өсеміз.
— Балалар, далада күн суық болғанмен біздің жүрегіміз ыстық, мейірімге толы. Бір-бірімізге деген жылы лебізімізді айтып, көніл күйімізді көтерейік.
/балалардың бір-біріне деген тілегі./
ІІ.Кіріспе бөлімі.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу.
Педагог сабақ тақырыбын ребус шешкізу арқылы анықтайды:
— балалар, сендер «сауат ашу» сабағында «ребус» деген сөзбен, оның қандай болатынын таныстыңдар. Мына ребусты шешіп көрейік. Педагог «Қ» әрпін көрсетіп:
— Мынау қандай әріп (дыбыс) деп сұрайды?
— «Қ» әрпі (дыбысы)
— Дұрыс.Ендеше,біз « Қ» әрпімен кейінгі тұрған суреттерге көңіл аударайық.Ненің суретін көріп отырсыңдар? Толық жауап берейік.
— Ыдыстардың суретін көріп отырмыз.
— «Ыдыс» деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі?
Сендер оны «сауат ашу» сабағынан білесіңдер.
— «Ы» дыбысы естіледі.
— Біздің суретте бірінші «Қ» әріп тұр. «Қ» — деп дауыстап айтайық. Екінші тұрған ыдыстардың бірінші дыбысын дауыстап айтайық: «Ы»
— Енді екеуін қосып айтайық: «ҚЫ»
— Дұрыс, енді балалар, үшінші болып ненің суреті тұр?
— Дұрыс «сағат» «С» дыбысын да «сауат ашу» сабағында өткенсіңдер.
— Енді суретке қарап, «Қ» дбысына өзінен кейінгі тұрған суреттердің бірінші дыбыстардың қосып айтып көрейік. Қ…Ы…С
— Қандай сөз шықты?
— «Қыс»
Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қыс»
— Аяз жылдың қай мезгілінде болады?
— Қыс мезгілінде болады.
— Аяз қандай болады?
— Қатты, суық. Бетті, қолды үсітіп жібереді.
— Аязды күні ойнауға болама?
— Болады. Суықтан қорықпау керек.
— Қандай қысықы ойындарды білесіңдер?
— Аққала соғамыз, сырғанаймыз, шаңғы, шана, коньки тебеміз.
— Хоккей ойнаймыз.
Негізгі бөлім.
а) Педагогтің түсіндіруі .
— Дұрыс айтасыңдар. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс келді. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз, денемізді шыңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанақ ойнап, аққала жасай мыз. (Есікті тықылдатып, қоян келді)
— Балалар бізге бүгін орманынан «Қоян» қонаққа келеді. Ол қоянды «Аққала» жіберіпті. Аққала қояннан көптеген тапсырмалар беріп жіберіпті. Сол тапсырмаларды бірге отырып орындайық. /Есікті қағып қоян сыныпқа кіреді, және өзін таныстырады, және оны мұғалімге береді./ /Аққаланың бірінші тапсырмасы./
1. Қыс, боран, қар, күн деген сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыру.
суық
Қыс қандай болады? аязды
қарлы
2. Қыс түсті. Қар жауып тұр. Күн суық. Дала аяз болып тұр. Боран соқты.
— Сөздік жұмысын жүргізу.
Дөң – көтеріңкі биік жер, төбе.
Қос – екі. Қос аяқта – екі аяқта
3. «Көңілді қыс» суреті бойынша әңгіме құрастыру.
4. Жұмбақтар жасыру.
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. /Аяз/
Отқа жанбайды, суға батпайды. /Мұз/
Қыс болса қыр мен ойды аралайды,
Жаз болса қозғалуға жарамайды. /Боран/
Жазда болмайды, қыста болады.
Терезеге қонады, әсем ою салады. /Қырау/
/Қосымша балаларға тапсырма қыс туралы өлеңдер сұрау және бейнетаспадан қыс көрінісін тамашалау/
- Дәптермен жұмыс:
/Қыстың көрінісін дәптерге түсіру, және салған суретке қарап, әңгіме құрастыру.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып, сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып – ытқып секірді.
Қарап еді артыңа,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің
/Аққаланың соңғы тапсырмасы/
«Аққала дидактикалық ойыны.
Шарты: тақтаға жартылай қиылып жасалған аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері: мұрны, басына киетін шелегі сияқты суреттер жатады. Балалар осы бөліктерді алып, көздерін жұмып тұрып, тақтаға жапсырады.
Аққала сөзін қатыстырып, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастыру. Мысалы: аппақ аққала, әдемі аққала, үлкен аққала. Біз аққала тұрғыздық.
Қорытынды: Не білдік? Не үйрендік? /Педагог Қ. Жұмағалиевтың «Ақпан» өлеңі оқылады. Сабақта белсендік көрсеткен балаларды атап өтіп, жұлдызшамен бағалау, сабақты аяқтау.