Home » Ашық сабақтар » Қыс қызығы

Қыс қызығы

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерді бақылап, ажырата білуге, қысқы табиғат көрінісін әңгімелеуге үйрету. Сөйлем құрау арқылы  тілін, ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қыс мезгілінің суреттері.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, тақпақ айту. Сабақтың барысы: Сәлемдесу шаттық шеңбері. Тәрбиеші залға балалармен кіріп, қол ұстасып  шеңбер болып тұрады.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Бәріңізді құрметтеп

Бас иеміз біз

Тәрбиеші: Балалар сабақты бастамас бұрын денемізді жаттықтырып алайық. Тәрбиешінің  көрсетуі бойынша таңғы жиын.

Тәрбиеші:Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс

Қыста ауа –райында қандай ерекшелік болады?

Күн суық, қар жауады, боран, аяз.

Қыста қалай киінеміз? жылы, қалың.

Қыста қандай мерекені қарсы аламыз? Жаңа жылды.

Балалар енді біз тақтаға қарайықшы.балалар зейінін тақтаға аударады.

Балалар мына суретте жылдың қай мезгіл

Суретке қарап әңгімелеу және тақырып қою

Қыс туралы тақпақтар:

1 Далада қар борайды.

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады

Жып-жылтыр боп жатады.

2 Жапалақтап ала қар

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты балалар

Шаңғыларға арқалап

3 Аралайды бақшаны

Үзілмейді жақсы ән

Гүлденеді бақшалар

Жауса жаусын ақшақар

4 Жылда осылай келеді.

Көп қуаныш береді.

Шашу етіп біздерге

Ақ күмісін төгеді.

Тәрбиеші: Балалар сендер қысқы орманға саяхатқа барғыларың келеме? Иә .

Ендеше, мен сиқырлы қалпағым мен сиқырлы шапанымды киіп алайын, соның көмегімен біз орманға барамыз.(көздерін жұмыңдар, айналыңдар)

Тәрбиеші: Балалар біз орманға келдік, көздеріңді аша қойыңдар. Орманнан нелер көріп тұрсыңдар. Балалардың жауаптары.(қоян секіріп шыршаның тұбінен шығады)

Қоян: Ой сәлеметсіңдерме, балалар ! орманда не істеп жүрсіңдер?

Балалар: сәлеметсізбе қоян, біз орманға саяхатқа келдік.

Қоян: Мен осы шыршаның астында інімде жатыр едім, сендердің дауыстарыңды естіп, сендермен бой сергітіп ойын ойнайын деп шықтым. Менімен ойын ойнағыларың келе ме, балалар!

Иә, ойнаймыз.

Тәрбиеші: бәріміз қоянды ортаға шақырайық.

Ұзын құлақ сұр –қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып секірді.

Тәрбиеші: Қоян рахмет саған менің балаларыммен бірге көңілді сергіту сәтін өткіздік.

Қоян :Рахмет балалар  менде сендермен ойнап сергіліп қалдым. Сау болыңдар.

Тәрбиеші: Балалардың назарын ұйықтап  жатқан аюға аударады.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы мына апанда не бар? Аю

Аю не істеп жатыр?(ұйықтап жатыр)

Аю оянып кетпесін, жай ғана өтіп кетейік

(осы кезде бір дауыс естіледі)

Жоқ балалар қашпаңдар!

Тәрбиеші:Балалар бір дауыс естіле ме? Иә .

Бұл кім болды екен?

Түлкі:      Мен түлкімін, түлкімін

Біреулерге күлкімін

Кейбіреулерді алдаймын

Енді біреуін арбаймын.

Түлкі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсізбе! түлкі сен не үшін қар жинап жүрсің?

Түлкі: Мен қарды көп жинап, үлкен аққала жасаймын, сендер маған көмектесесіңдер ме? Иә .

Ойын: Қар жинау».

Түлкі: Рахмет балалар. мен енді барайын, сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз.

Тәрбиеші: Балалар тонған сияқтымыз, топқа оралайық. Ақырын көзімізді жұмып, сиқырлы қалпағыммен шапанымның көмегімен оралайық. Міне балалар  біз топқа келдік, отырыңдар. Балалар сендер қоян мен түлкімен ойын ойнадыңдар. Енді менің де сендер мен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «иә-иә, жоқ-жоқ»

Жарайсыңдар балалар! Жақсы ойнадыңдар.

Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?Иә

Несімен ұнады? Орманға бардық, аңдарды көрдік.

Қыс мезгілі сендерге ұнайма? Иә.

Несімен ұнайды? Қармен ойнаймыз, шанамен сырғанаймыз.

Тәрбиеші: ал енді балалар қонақтармен қоштасып алайық. Сау болыңдар.

 

Сапиева Жанна Арыновна
 Түркістан облысы, Кентау қаласы
«Жұлдыз» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.