Шилменбетова Айида Тилекуловна,
Нұр-сұлтан қаласы,
№ 70 «Құлыншақ»
балабақшасының тәрбиешісі.
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс — тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, ойынға қажетті заттар.
Тәрбиеші: Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан — жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.
Мейірімділік жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық,
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білемізбе?
Балалар: Қаржауады, аязболып, борансоғады.
Тәрбиеші: Ендеше, боран соққанынқимылменқалайкөрсетеміз?
( Балаларқолдарынжоғарыкөтеріп, гуілдейді)
Тәрбиеші: Қаттыаязболып, тоңғанда не істейміз?
(Қолдарынқусырап, аяқтарынтопырлатады)
Тәрбиеші: Ал, күншыққанда не істейсіңдер?
(Алақай, депқолдарынкөтереді)
Тәрбиеші: Жарайсыңдарбалалар! Енді қыс айларына тайықшы
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Тәрбиеші: *Желтоқсан — жылдыңаяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы.
* Қаңтар — жыл басы, қыстыңортасы, олеңқарлы ай, бұл айда қаттысуық, үскірікаязболады.
*Ақпан — жел мен боранныңайы. Бұл айда еңауыр, әрісуық, дүлей боранды.
Тәрбиеші: Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
Қане, іс — қимылменкөрсетейікші (Балаларіс — қимылменкөрсетеді)
Балалар: Бас киім, үстімізге тон, аяғымызғаетік, қолымызғақолғапкиеміз!
Тәрбиеші: Балалар, біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?
Балалар: Жаңажыл!
Тәрбиеші: Дұрыс, айтасыңдарсоныменқатар 16 желтоқсан — Тәуелсіздіккүнін, 1желтоқсан – Елбасы күнін тойлаймыз! Балалар, мынау ненің суреті?
Ғажайыпсәт./Осы кездеаққалакеледі/
Аққала: Сәлеметсіңдерме балалар! Мен сендермен ойнауға, сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім.
Мына сандық шаның ішінде сендерге арналған сыйлықтарым бар.
Тәрбиеші: Кел төрлет, сен туралы айтып отыр едік. Балалар, қонаққа не келді?
Балалар: Аққала
Аққала: Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
«Қар жинау» ойыны.
Ойыншарты: Қар ерімей тұрып, шелекке тез жинау.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, бәрекелді! Балалар, бізге аққаламыз құр келмепті, тапсырмалар ала келіпті.
Аққала: 1тапсырма: Балалар сендерге қыс мезгілі ұнайма?
Қыс мезгілінің ұнайтын және ұнамайтын жақтарын атаңдаршы?
Балалар: ұнайтын жағы: Жаңа жыл келеді, шаңғы, коньки тебеміз, шанамен сырғанаймыз, қар жауады, қар лақтырып ойнаймыз, аққалажасаймыз.
Ұнамайтын жағы: қатты аяз болады, суық жел тұрады, боран соғады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Енді барлығымыз бірге сергіту сәтін орындап, бір серігіп қалайық:
Шынығамыз бәріміз,
Иіліп, бүгіліп, денеміз.
Хоккейді де ойнаймыз,
Шаңғыны да тебеміз.
Әрлі – берлі жолсалып,
Қарлақтырып, ойнаймыз.
Қорықпаймыз аяздан
Спортшы болмай қоймаймыз.
2.Тапсырма: Кім қыс туралы тақпақ біледі? (Балалар тақпақтар айтады )
Айғаным: Қаржауғанда топ бала,
Аспаннан аққар төгілді. Соқты қардан аққала.
Шанамен біз ойнаймыз, Мұрны сәбіз, үп — үшкір,
Шаңғы теуіп сырлаймыз. Көзі көмір, қап — қара.
Самир :Ауыл сырты — биік жар,
Ақ мамыққа орайды. Бізді күтіп, тұр қарап.
Мұз болады, қатады, Биік жарғашығып — ап,
Жып – жылтыр боп жатады. Жөнелеміз, сырғанап.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Қане, балалар енді
Ақ ұлпа қардың суретін жапыстырайық
Аққала: Жарайсыңдар балалар, менің тапсырмаларымды орындадыңдар! Рахмет! Балалар, сендер өте ақылды, өнерлі, тапқыр екенсіңдер! Топтарың ыстық екен, мен жылы жерде көп тұра алмаймын, еріп бара жатырған сияқтымын. Еріп кетпей тұрғанда, қайтайын. Өзіммен бірге алып келген сандық шамдағы сыйлықтарымды берейін. Жақсы балалар мен сендерменқоштасамын, келесі жыл кездескенше сау болыңдар!
Тәрбиеші: Балалар ақ қаламен қоштасайық!(Аққалашығыпкетеді)
Қорытынды: Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?
Қыс мезгілі
Бізге бүгін қонаққа не келді?
Аққала
Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.
«Жүректен — жүрекке»:
Балдай тәтті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойын менен өседі,
Ойымыз бен санамыз.
Қол ұстасақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!