Home » Балабақша » Қыс қызығы

Қыс қызығы

Бердаулетова Жанат Талгатовна,
Нұр-Сұлтан қаласы, № 70 «Құлыншақ» балабақшасы
«Балапан»  ортаңғы тобының тәрбиешісі.

 Мақсаты:Балаларды табиғатты тамашалап, қыс қызықтарын айтып беруге, қыстық ойын түрлерін айтып беруге уйрету.Сөздік қорларын кеңейтіп,шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту,табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп ,
Бас иеміз  біз.
Тәрбиеші: Ал балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп отыр.

  1. Бір жылда неше мезгіл бар? Төрт мезгіл бар
  2. Қане атап шығайық? Көктем,жаз,күз,қыс.
  3. Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі
  4. Қыс мезгілінің неше айы бар? Желтоқсан,қаңтар,ақпан.
  5. Қазір қай айы? Ақпан
    Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар өте білімді,тапқыр екенсіңдер,
  1. Қыс мезгіліне байланысты мақал мәтел айтып беріңдерші балалар?
    Мансұр:Қыстың қамын жазда ойла.
  1. Қыста қандай өзгерістер болады?

    Жанерке:Боран соғады,аяз болады,қар жауып,күн қатты суытады.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар!Енді балалар маған қыста не жауады ,сол туралы әңгімелеп беріңдерші?

Інжу:Қыста қар жауады,ол аппақ ,өте жұмсақ,үлпілдек болады.

Тәрбиеші:Ой бәрекелді.Жарайсың Інжу.

  1. Қар туралы кім бізге мақал мәтел айтып береді екен?

    Мұстафа:Қар көп болса,ақ нан көп болады.

9.Балалар қыстық киімдерді атап беріңдерші:Жылы пальто,етік,құлақшын,қолғап,жылы шалбар,шарф.

10.Осы сырт киім туралы мақал -мәтел білесіңдерме ?
 Ақтоты:Ел жұрттың қадірі
Іс түскенде білерсің
Сары тонның қадірін,
Қыс түскенде білерсің
11.Балалар қыста қандай ойындар ойнаймыз?Шанамен,шаңғымен,конькимен,аққала жасап ойнаймыз.
Осы кезде аяздың сықырлаған даусы мен боранның ысқырған даусы қойылады,балалар тоңып,аяқтың сықырлаған дауысын қайталайды.
 Барлығы:Қандай суық қыс деген
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
Тәрбиеші:Балалар сендерге қыс мезгіліне байланысты жұмбақтар жасырамын,сендер жауабын табыңдар.
Қыста ғана болады?
Ұстасаң қолың тоңады?
Қар
Қолы жоқ сурет салады
Тісі жоқ тістеп алады?

                                     Аяз
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Қыс.

Тәрбиеші:Ал балалар мен сендерге тақтаға аяздың ,терезеге салған суретін құрастырып көрсетейн,ал сендер құрастыру алаңына барып құрастырасыңдар.

12.Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз
Өсіп өніп толамыз
Күнге қарай талпынып
Көкке қолды созамыз
Қанат қағып ұшамыз
Құстай ұшып самғаймыз
Қыс мезгіліне біз тоймаймыз
Асыр салып ойнаймыз.

  1. Балалар енді кезекті қыс мезгіліне арналған тақпақтарға берейік.

Жанасыл:Ауыл сырты биік жар
Бізді күтіп тұр қарап.
Төбесіне шығып ап,
Жөнелеміз сырғанап.
Айша:      Ақ қар болды далам
Ақ жамылды айнаа
Ал балалар тұрмайық
Қызықтайық қысты біз.
14.Тәрбиеші:Біз қандай тақырыпта оқу іс әрекетін өттік?
Қай мезгіл туралы әңгіме айттық?
Не қурастырдық?
Не үйрендіңдер?
Сабақ сендерге ұнады ма?
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар,сендер оқу-іс әрекетіне белсенді қатыстыңдар.Қонақтармен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыздар!

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.