Кусаинова Дәметкен Боранбековна,
Нұр-Сұлтан қаласы №70 «Құлыншақ» балабақшасының
II санатты денешынықтыру нұсқаушысы
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімдері: Дене шынықтыру.
Мақсаты: Берілген тапсырмаларды зейін қойып орындауға үйрету. Ойын арқылы балалардың қимыл іс-әрекетін дамыту, тұлға бітімдерінмен аяқ, қол, кеуде бұлшық еттерін жетілдіріп оны әрі қарай дамыту. Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Қолданылатын құрал-жабдықтар: үрмелі доптар, шығыршықтар, таяқшалар, қаршықтар, маскалар, шаңғы.
Өтілетін орны: Денешынықтыру залы.
Саппен денешынықтыру залына кіреді, музыканың сүйемелдеуімен.
Нұсқаушысы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Есік қағылады: Хат тасымалдаушы, хат әкеледі.
Нұсқаушы: Ой, бұл хат кімнен болды екен? Кәне, ашып оқып көрейін. Орман аңдарынан екен, балалар, сендерді қысқы орманға саяхатқа шақырып жатыр. Бірақ, бұл хаттың ішінде тапсырмалар бар екен, соны орындауымыз керек! Орманға саяхатқа дайынсыңдар ма?
Балалар: Иә
Ал ендеше сапарға аттанайық! Балалар, міне бізде орманға келіп жеттік. Ал, енді тапсырманы орындау үшін бойымызға күш жинап, денемізді қыздырайық.
Жаттығу: Таяқшалармен
I.
1.Б.Қ.таяқша төменде
2.таяқша жоғарыда
3.таяқша желкеде
4.Б.К
II.
1.Б.Қ. таяқша алдында
- алға иілу
3.таяқты жерге қою
4.Б.Қ
III.
1.Б.Қ.дізеге отыру
2. қолды жоғары көтеру
3.Б.К.
IV
1.Б.Қ. таяқ жерде
2.таяқшадан секіру
3.солға секіру
4. Б.Қ
Осы кезде түлкі келеді. Хатты ұрлап әкеткен. Хаттағы тапсырманы балаларға түлкі береді.
Жасырулы жұмбақтар:
- Шығыршықтан – шығыршыққа секіру.
- Үрмелі допты домалату.
- Мерген. (қар ату)
- Шаңғы (шаңғымен сырғанау)
Түлкі: Балалар, сендер керемет мықты екенсіңдер, күштерің көп екен, жылдам, шапшаң, епті екенсіңдер, тапсырманы жақсы орындадыңдар. Енді мен сендер мен ойын ойнайын.
Ойын:« Түлкі мен қояндар».
Өткізіліп жатқан оқу қызметі өз мәресіне жетті. Түлкі балаларды мадақтап, дәррумен ас-алма таратты.