Home » Ашық сабақтар » Қыс қызығы

Қыс қызығы

С.М.Мумеева,
№45 «Балбұлақ» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы

 

Мақсаты: Балаларға АРТ- терапия элементтерін ала отыра қыс қызығын сезіндіру; Әсемдікті сезінуге тәрбиелеу; Сурет салу терапиясын орындау.

АРТ-терапия туралы түсінік: Психотерапияның маңызды салаларының  бірі қазіргі таңда  арт-терапия  болып табылады.Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы  арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру  немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы кеңеюде. Яғни бұл терапия адамның  шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адам бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды.

Тренинг барысы:

«Сәлемдесу жаттығуы»

Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Топқа келген қонақтарға

Әрдайым әдеппен

Ақ көңілмен, ізетпен

Біздер сәлем береміз.

Балалар келген қонақтармен үш тілде амандасады.

Таныстыру: Әр бала өз есімін айтып танысады. Шаттық шеңберде тұрып бір-біріне  жылы  лебізін білдіреді.бүгін сен өте әдемісің. Арсен саған денсаулық тілеймін.

Қыс мезгілі туралы балаларға сұрақтар: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс айларын кім атайды?

Қыста не жауады?

Қыста адамдар қандай киімдер киеді?

Дыбыс жаттығуы: Балалар қыста қатты жел болғанда қандай дыбыс естиміз? У-у-у-у-у-у-у

Слайд арқылы балаларға достық ұғымын түсіндіру.

Достық-адамның сан бояулы, көп қырлы қасиеті. Сондықтан достық ұғымына  толық анықтама беру мүмкін емес. Суретте балалар бір-бірімен  дос, тату болып жүр. Балалар сендерде бір-бірлеріңмен татусыңдар  ма? Жарайсыңдар!

Сурет бойынша балалар өз жеке ойларын айтады.

Арт-терапия «Қысқы серуен» релаксация

Өзімізді ыңғайлы, қалыпты ұстап көзімізді жұмамыз. Аяғымызды, денемізді толықтай бос ұстаймыз.Үш рет терең  тыныс аламыз. Енді көз алдымызға керемет қысқы ауада серуендеп жүрміз деп елестетеміз. Айнала аппақ, қар жауып тұр. Күн жып-жылы. Айналада тату бәрі балалар аққала соғып жүр. Сендерде балалармен аққала жасадыңдар. Аққала әдемі болып шықты. Кәне, көзімізді ашамыз.

Арт-терапия соның  ішінде  бейнелеу терапиясы бойынша сурет салу.

 

 

 

 

 

 

 

Дәстүрден тыс әдісті қолдана отырып әркім өз қалауы бойынша қыс мезгілін, аққаланы, қардың суретін  тіс пастасымен, мақтамен, мақта таяқшаларымен, түрлі-түсті тұздармен сурет салатын боламыз. Балалар сурет салады.Салған суреттерін мадақтау.

Сергіту сәті:

Мынау біздің аққала,

Айнымаған ақ бала.

Мұрны сәбіз сорайған,

Көзі көмір қап-қара.

Сыпырғышы қолында,

Тұр ылғи бір орында.

Би терапиясы: Балалар әуенге билейді.

Қорытынды:  Балалар сендерге бүгінгі оқу-қызметі ұнады ма?

Бүгін сендерге не жаңалық болды?

Енді жүректеріңе қолдарыңды қойып, менімен бірге мына сөздерді айтайық:

«Біз өзімізбен бірге бүгінгі барлық үйренген жақсы қасиеттерімізде жүрегімізде сақтаймыз»

Қоштасу.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.