Home » Ашық сабақтар » Қыс, қар, құс

Қыс, қар, құс

 

Мақсаты: қыс, қар, құс тақырыбын біріктіріп және кіріктіріп оқыту.
Нәтижесі: өз пікірлерін дәлелдей алады, ақпаратпен бөліседі, қорытынды жасайды.
Ресурстар: «Суретшімен катар тұру», «Қобдиша», «Күлкілі алфавит», «Коллекционер», «Себет», «Төлқұжат», «Сорбонка» және тағы басқа әдістер.
Топқа бөліну қар бүршігінің түрлері бойынша өтті.
Тақырыпқа кірісу сатысында шана мен шаңғы таңдау ретімен болды.
Білу мен еске түсіру «Суретшімен катар тұру», «Балаларға арналған философия» арқылы ұйымдастырылды.
Мұғалім тарапынан осы кезеңде нұсқау айтылды және формативтік баға берілді. Тапсырманың  мағынасы мынадай: бас киімсіз қыста мұз айдынындағы қызды сынаңдар, осы екі суреттегі/оқулык пен қыз балалардың ұқсастығын табыңдар, сосын алған әсерлеріңмен бөлісіңдер, екі қыз баланың суретінен айырмашылық детальдерін табыңдар. Оқушының жауаптары: 1. Қыз баланың бас киімі бар 2. Шарфы бар.
Бірінші топ ұғу/түсіну кезеңінде «Күлкілі алфавит» жаттығуын қолдана отырып, -Жи/-Ши/-Ча/-Ща/-Чу/-Щу деген буындарды мәтіннен тауып тақтаға постерге іледі.

Сол жұмысқа формативті баға алды, ал осы уақытта екінші топ «Коллекционер» тәсілін осы тапсырмада қолданады және -Ща буыны неге бір рет қана кездесетінін түсіндіреді. Неге -Жи буыны көп кездесетінін айтады және шаңғы деген сөз орыс тілінде тек көпше түрде тұратынын айғақтайды.
Қолдану әрекетінде бірінші топ аққала төлқұжатын құрды. Екінші топ қағаз қобдишаға -Жи, -Ши, -Ча буындарын жинайды, мұғалім топқа бағыт береді.
Анализ кезеңінде оқушылар қыс, қар, құс тақырыбына хокку өлеңін шығарады, содан соң хокку талдаудан өтеді.
Синтез — білгенді  жинақтау деп саналады, сондықтан бір топ қаздың атынан «Мен қаз – Гагась» атты эссе шығарады. Ал екінші топ үйректің атынан хокку шығарады. Сорбонкаларға суреті жоқ жағына қыстап қалатын немесе ұшып кететін құстар туралы сөйлем құрастырады.
Бағалау кезеңінде өз білімдерін өлшейді, яғни білемін, үйрендім, қате жіберемін деген критериймен.
Рефлексия шеңбердегі хат арқылы ұйымдастыруға қолайлы.

Айгуль Алпысбесовна Адылханова,
 Ш.Айманов атындағы мектеп — интернаттың  жоғары санаттағы орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,
Павлодар облысы,
Баянауыл ауданы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.