Home » Ашық сабақтар » Қыс кереметі

Қыс кереметі

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық»,

«Денсаулық» «Әлеумет»

Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуін, сурет көріністерін бейнелей білуге үйрету, өз ойын толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету, бұған дейін алған білімдерін тиянақтау. Балалардың сөйлеу қызметін, тілін, есте сақтау қабілетін, көркемдік талғамын, ой-қиялын дамыту.Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: «Қыс» презентациясы, үлгі суреттер, геометриялық фигуралар, қолғаптар, қарлар, гуашь бояуы, сүрткіш.

Билингвальды компонент: аққала снеговик snouman, шана сани sani, қар снег snow қыс- зима- sammer

Балалар, бүгінгі күніміз күндегіден әлдеқайда өте ерекше болғалы тұр.Бізге қонаққа көптеген апайлар келді, олай болса жарты шеңберге тұрып келген қонақтармен амандасайық.

— Балалар қараңдаршы айнала қандай әдемі айтыңдаршы

Қазір қандай жыл мезгілі?

— Қазір қыс мезгілі.

— Қыс мезгілі үш тілде қалай қалай деп айтамыз?

— Қыс –зима снау.

— Қыс мезгілінде не жауады?

— Қыста қар жауады.

— Қардың түсі қандай болады?

— Қардың түсі ақ .

— Қар жылы ма әлде суық бола ма?

— Қар суық болады

— Қар орыс тілінде қалай аталады?

— Қар-снег

Балалар қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?

-Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл.

Балалар, мынау не?

Аққала.

Аққала неден жасалады?

Аққала дене бөліктері қандай пішіндерден тұрады?

Балалар қараңдаршы, мына Аққаланың қасына жақындап көрейікші. Осы кезде Аққала келеді.
Ғажайып сәт:
/Осы кезде Аққалаға жан бітеді/

Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Кел төрлет, сен туралы айтып отыр едік.

Аққала: Балалар қысқы табиғат туралы білесіздер.Олай болса үстелдерге жақындайық, қысқы ағаштың суретін бейнелейік.

1-тапсырма: Алдарыңыздағы көк парақшаға әдемі қар жамылып тұрған ағаштарды бейнелейік, осы әдемі ағаштарға қар жаудыртайық, ол үшін үстел үстінде бояу құйылған ыдыс, сүрткіш және бейнелі суретіміз бар, алдымен  қолымыздағы таяқшаны бояуға батырамыз да баяу түрде қардың суретін саламыз.

2 тапсырма: Аққала: Ал қанеки балалар қыс туралы кім жыр-шумақтар біледі?

Маркус:
Снег идёт, стоят машины,
Даже шины не шуршат.
В нашем городе сегодня-
Самый снежный, снегопад

Азиз:

Балалар шықты далаға,

Ойнап, күліп жүр енді.

Шаналармен озады,

Аққаланы соғады.

Айсана:

Светло –пушистая

Снежинка белая,

Какая чистая,

Какая смелая

Бегайым:

Қыс қызықты балаға,

Ойнаймыз көп далада.

Қарды үйіп аулаға,

Сырғанайды бар бала.

Какая смелая.

Сергіту сәті: Қандай суық қыс деген!

Қалтырайды қыс деген

Құлақшаңды кимесең

Құлағыңды тістеген.

Жарайсыңдар, балалар, Аққаламен бір көңіл көтеріп сергіп қалдық.

Енді менің достарымның көп болғанын қалаймын.

3-ұжымдық жұмыстар:Балалар менің достарымның қолғаптарын мына  математикалық пішіндермен өрнектеп берейік

«Аққаланы құрастыру»  «Қолғап өрнектеп беру»

Балалар алдарыңызда түрлі геометриялық фигуралар жатыр, осы пішіндерді пайдалана отырып бәріміз аққала құрастырайық.

4-тапсырма: Балалар, мына алдымыздағы суреттерден қысқа қажетті заттарды сызба арқылы көрсетейік.

Аққала: Жарайсыздар, балалар !

Балалар Аққаламен бірге дыбыстық жаттығу айтайық.

Ыс-ыс-ыс келді қыс,

Ан-ан-ан соқты боран,

Ар-ар-ар үлпілдек қар,

Ты-ты-ты аяз қатты

Аққала:Жарайсыңдар, балалар бүгін сіздермен ойнап бір көңілім көтеріліп қалды, өте білімді екенсіздер. Менің кететін уақытым таяп қалды, қар әлеміне аттанайын,  достарым да күтіп қалды, қыс мезгілін көңілді әрі қызықты өткізіңіздер, сендерге  әкелген тәттілерім бар, соны тәрбиеші апайларыңа табыс етейін барлығын бөлісерсіздер, сау болыңыздар балалар!

Шеңберге біз тұрайық,
Әдепті бала болайық.
Көріскенше күн жақсы.
Сау-саламат болайық.

 

Мейрамгүл Оразбайқызы Баян,
№36 «Балақай» бөбекжайының ІІ санатты тәрбиешісі,
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.