Мақсаты: Қысқы табиғат пен ориандағы тіршілік туралы түсінік беру, табиғатты, қысқы орманды бейнелеуде баланың қызығушылығын арттыру,саусақ маторикасын дамыту.
Білімділік: Балалардың шығармашылық қабілетін арттыру. Балалардың ой-өрісін, саусақ маторикасын дамыта отырып орман көрінісін бейнелеуге үйрену.
Дамытушылық: Қысқы табиғат пен ормандағы тіршілік туралы түсінік беру, табиғатты, қысқы орманды бейнелеуде баланың қызығушылығын арттыру, саусақ маторикасын дамыту.
Тәрбиелілік: Табиғаты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Балалар орындарына орналасып, назарларын тақтадағы слайдқа аударады, суретке қарап қыс ерекшеліктерін атайды.
Суретке қарап қысқы ойындарды атайды. Мысалдар келтіреді.
Суретке қарап әңгіме құрайды. (Аққала жасап жатқан балалар)
Қыс келбеті бейнеленген көрініске қарап, көздерін жұмып, музыка әуенімен елестете отырып, суретке ат қояды. («Қысқы орман») көрінісі.
Қысқы киімдердің атауын атап, қалай дұрыс киіну керектігін бейнелеп көрсетеді.
Сергіту сәті: Жұмбақпен берілген аңдарды дұрыс таба білу.
- Сұрғылт тартқан түсі бар
Ақсиған көп тісі бар. (Қасқыр) - Үстінен тоны түспеген
Аузынан балы кетпеген. (Аю) - Қорыққанда жел аяқ,
Отырғанда домалақ. (Қоян) - Өзі ширақ, өзі қу
Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)
Орман аңдары туралы жұмбақ шешімін тапқан соң, олардың дауыстары мен жүрісерін салып көрсету.
Саусақ жаттығуларын орындату.
Балаларды жұмыс жасау үшін үстел үстіне шақыру.
1) Жұмыстың жасалу жолдарын көрсету, түсіндіру.
2) Қажетті құралдармен таныстыру.
3) Қауіпсіздік шараларын ескеру.
4) Қысқы орманды бейнелеу.
Балаларға жасалған жұмыстарын мадақтай отырып, сыйлықтармен бағалау.
Тлесова Рысжан Жанганаева,
Ақтөбе қаласы,
МКҚК № 26 «Үміт» Мектепке дейінгі ұйым
екінші кіші «Балбөбек» тобы