Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Құрастыру
Мақсаты:
Білімділік: Табиғаттағы тіршілік, қысқы ағаштар туралы білімдерін кеңейту. Ағаш түрлері туралы мағлұмат беру. Қыс мезгіліндегі ағаш кейіпін таныстыру. Дамытушылық: Балалардың қол икемділігін арттыру, табиғи материалдармен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. Ойлау қиялдау дағдыларын дамыту. Шеберлік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Ағаштарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:1. түсіндіру әдісі.
- Тосын жағдай.
- Табиғи материалдармен жұмыс.
- Сұрақ-жауап әдісі.
Қолданылатын көрнекіліктер:Тәрбиеші үшін; Ағаштар суреттері, жыл мезгілдері суреттері, үлгі сурет, қылқалам, субояу. Балалар үшін; Қол сүрткіштер, қылқалам, сұйық желім, қарақұмық, мақта, қағаз.
ҰОҚ-нің барысы: Кіріспе бөлім. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық сәт.
Мен әдемімін.
Менің достарым әдемі.
Менің шашым әдемі,
Досымдікі одан да әдемі.
Менің қолым әдемі,
Досымдікі одан да әдемі.
Біз әдеміміз.
Тәрбиеші: Иә, балалар бүгін бәрің әдемі екенсіңдер.
Тосын жағдай: Орман арасынан аңдардың дыбыстары естіледі.
-Балалар бұл ненің дыбысы?
-Аю, қасқыр, қоян.
Бір кезде ішке әуенмен қоян кіреді.
Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге қонаққа келдім. Мен жай келген жоқпын сендерге тапсырмалар ала келдім. Қане, бірге орындайық. Сендер мына жұмбақты дұрыс тапсаңдар сабақ соңында сыйлық беремін.
Жұмбақ.
Күн жылынса киінеді,
Суытса шешті киімді.
Жел соқса тербеледі,
Желге күш береді.
Балалар жауабы: Ағаш
Слайд: Ағаштар туралы мағлұмат беру.
-Блалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс.
-Қыс айлары?
-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Ондай болса бүгін қысқы ағашты құрастырып көрейік. Бұл да қоянжанның бір тапсырмасы деп білейік. Сондықтан оны ренжітпейік.
Қол мойындарына, саусақтарға арналған жаттығулар.
Санамақ: Ағаштар.
Тоғыз торғын тоғайың,
Емен, тобыл, ақ қайың.
Тәрбиешің достарың,
Шаттық толы маңайың.
Жұмыс барысы:
Үлгілер:
Балаларға мақта мен қарақұмық ұсынылады.
Тақтаға ілінген екі бөлікті ағашты құрастыру.
Бірінші бөлігі ағаштың діңі қарақұмықтан құрастыру.
Екінші бөлігі ағаш бұталарын немесе басын мақтадан жасау.
Жұмысты аяқтау.
Сергіту сәті:
Көк қарағай, көк қарағай
Көкке қарай соз қолыңды қарағай.
Оңға қарай көлеңкеңді соз қарағай,
Солға қарай көлеңкеңді соз қарағай.
Көк қарағай, көк қарағай.
Балалар жұмыстарын аяқтайды.
Көрініс:» Ағаштарға қамқорлық.»
Ерте, ерте ертеде жыл мезгілдері бір үйде өмір сүріпті. Олар өз мезгілдеріндегі ағаштарды іздеуге жолға шығады. Бірақ таба алмайды. Олар өз ағаштарын табу үшін жыл мезгілдерін сипаттайды. Солай ағаштарын тауып алады. Қатты қуанады. Сол сәтте тентек бала ағаш бұтасын сындырып тастайды. Бұған жыл мезгілдері ренжіп жылайды.
Қоян: Жыл мезгілдері одан да бұл ағашты таңып байлап су құйып баптайық.
Тентек бала: Жыл мезгілдері мен қояннан кешірім сұрайды.
Бәрі бір шеңбер құрып:
Тентек бала болмаймыз,
Ағаштарды қорғаймыз.
Балалар жұмыстарын қолдарына алып, бір- бірінің жұмыстарына баға береді.
Қорытынды: Қоян балаларға сыйлығын беріп, қоштасып кетеді.
Наурзалина Н.К.,
Ақтөбе қаласы,
МКҚК № 26 «Үміт» Мектепке дейінгі ұйым
ортаңғы қазақ «Достық» тобы