ІІ.Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын рөлін, жалпы ойға қосатын әртүрлі мағыналық реңктерін байқату, сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге, қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету. Қыстырма сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру. Дұрыс, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Балалардың сабақта белсенділігін, сауаттылығын, дүниетанымын кеңейту, арттыру.
Тәрбиелік:
Тақырып мәнін толық игеруге, сауатты, ұқыпты жазуға баулу, тәрбиелеу
ІІІ.Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер:
Сұрақ-жауап, СТО элементтері «Миға шабуыл», «Мозайка» әдісі
IV.Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық: тілек айту.
Үй тапсырмасы: Алдымен сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты еске түсіру
1.Қыстырма сөз дегеніміз не?
2.Қыстырма сөзге мысал келтір
«Миға шабуыл» әдісі
1.Шынында, сурет арқылы қыстырма сөзді пайдаланып сөйлем құрастыру.
, жаңылмасам қыстырма сөзін пайдаланып сөйлем құрастыру
- , бәлкім қыстырма сөзін пайдаланып сөйлем құрастыру
- Негізгі бөлім:
Ендеше балалар бүгінгі жаңа тақырыбымыз, осы «Қыстырма сөздердің тыныс белгілері» деп аталады.
Өздеріңнің келтірген мысалдарың арқылы түсіндірейін:
- Шынында, сенің ақылың кем екен.
Егер, қыстырма сөз сөйлемнің басында кездессе қыстырма сөзден кейін үтір қойылады.
- Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, жаңылмасам, үш жүздің билері.
Егер қыстырма сөз, сөйлемнің ортасында кездессе екі жағына да үтір қойылады.
- Тәуелсіздіктің 25-жылдығы биыл керемет тойланатын шығар, бәлкім.
Егер қыстырма сөз сөйлемнің соңында кездессе қыстырма сөздің алдына үтір қойылады.
1-жаттығу. Ауызша орындалады.
3-жаттығу. Өлеңдерді мәнерлеп оқыту, қыстырма сөзді атау.
5-жаттығу. 1-2 топ қаратпа сөзі бар сөйлемдерді теріп жазу
3-4 топ қыстырма сөзі бар сөйлемдерді теріп жазу.
Ортақ қасиетін ауызша айтып шығу.
Сабақты пысықтау
«Мозайка» әдісі
Берілген суреттер арқылы, тыныс белгілерін тиісті жерге қойып, сөйлемдер құрастыру.
VІ. Үйге тапсырма: 2-жаттығу.
VІІ. Қорытынды: Бағалау, пысықтау, тиянақтау.
Оңтүстік Қазақстан обылысы, Кентау қаласы
Әл- Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясы
бастауыш сынып мұғалімі Жиенбаева Болғанай Сұлтанбайқызы