Home » Балабақша » Қыстап қалған құстың ұясы

Қыстап қалған құстың ұясы

Кабетенова Гулнур Мейрамбековна
Нұр-Сұлтан қаласы, №70 «Құлыншақ» балабақшасы,
«Ақбозат» ересектер тобының тәрбиешісі

 

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным».
Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту», «Аппликация ».
Мақсаты:Қыс мезгіліндегі ғажайып сәттерді естеріне түсіру.Балаларға қызығушылық таныту. Геометриялық пішіндерден шырша, үй, күн құрастыру.Құрастырып жапсыру. Желімді ұқыпты пайдалану.
Көрнекілігі: Қыс мезгілінің суреттері, пішіндер , желім, әріптер.
Тәрбиешінің оқу қызметі:   Балалар,күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы.Жылуымыз ды жан-жағымызға беріп,жылулық шеңберін құрып,келген қонақтарымызбен амандасайық.
Шаттық шеңбер.
Қол алысып кәне біз,
Достасайық бәріміз.
Армысың алтын күн,
Армысың балабақшам,
Армысың достарым.
Сіздерді көргеніме қуаныштымын,
Үлкенге де, кішіге де,
Амандасып алайық.
Басымызды иеміз.
Сұрақ-жауап:
Бұл суретте қай мезгілді көріп отырмыз?- Қыс мезгілі. Қыс мезгілінде неше ай бар? – Үш ай бар.
Қыс мезгілдерінің айларын атап айтыңдаршы?- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Қыс мезгілдерінің ерекшеліктерін есімізге түсіре отырып, ойын ойнайық.
Д/ойын: «Қыс мезгілінің ерекшеліктерін тап»Ойын шарты: Тақтаға қыс мезгілінің суретінің қалташасы ілінеді. Үстел-үстіне төрт жыл мезгілінің ерекшеліктерінің суреттері. Балалар төрт жыл мезгілдерінің суреттерінің ішінен тек, қыс мезгілінің суреттерінің ерекшеліктерін тауып тақтаға ілу қажет. Балалар ойын шарты бойынша орындайды. Жарайсыңдар балалар. Балалар, қыста ауа таза болады, сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек, ойын арқылы денелерің шынығады. Балалар , біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?-Жаңа жыл, 16-шы желтоқсан және 1-ші желтоқсан-ел басы күнін тойлаймыз. Ғажайып сәт: Айзере келеді. Балалармен сәлемдеседі. Далада күн суық екен, ментоңып, жылынуға ішке кіріп едім, осында тап болдым.  Бұл қай жер? – Бұл, «Құлыншақ» балабақшасы, оның ішінде «Ақбозат» тобы.Ой сенің шанаңда не бар?                                                                                                                                                                                    Балалар мен жолдан  мына әріптерді  тауып алдым. Қане, көрейік! Қандай әріптер екенін білесіңдер ме?
Сергіту сәтіне келейік
Қар жауғанда топ бала
Соқтық келіп аққала.
Мұрны сәбіз,уп-ушкір
Көзі көмір қап-қара
Көне шелек басында,
Сыпырғышы қолында.
Мұзайдынды аршуға,
Келгендей-ақ ол мұнда.
Осы балалар қыс туралы тақпақ білемізбе?
-Білеміз.
-Олай болса қыс туралы тақпақ айта қойыңдаршы.
Нурила: Жасыл емес жайнаған,
Ақ мамыққа айналаң
Сырғанақта ойнайсың,
Қызыққа енді томайсың,
Алақай-ау, алақай
Қыс келіптұр балақай!
-Өте жақсы.
Енді мен сендерге жұмбақ айтамын, соны ойланып жауабын айтыңдар.
Түсі аппақ болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар).
-Өтежақсы, дұрыс
Зулап түсіп төменге
Шықпас менсіз төбеге (Шана).
Қызыл жыңғыл түбінде,
Қыздай болып отырмын.
Беті-қолымды жуып алып,
Мұздай болып отырмын.

                                     (Қырғауыл)

Балалар, бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: «Қыстап қалған құстың ұясы »  болғандықтан, құстар туралы айтамыз.
Қорытынды:-Балалар, бүгінгі жасаған жұмыстарымызға қарайықшы, біз нені бейнелеп шығардық?- Құстың  ұясы қандай пішіндерге ұқсайды?- Неше бөліктен тұрады?-Ұяның түсі қандай?
Бағалау: Балалар сендер бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы  қатыстыңдар.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.