Home » Ашық сабақтар » Қымбатты Ана, мерекеңмен!

Қымбатты Ана, мерекеңмен!

Әсем безендірілген залға балалар екі-екіден қол ұстасып кіреді. Әуенге ілесіп, би қимылдарын орындайды.

Мақсаты: Балаларға 8 — наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Ана десем, алғыс алам халқымнан

Ана десем, теңіз болам шалқыған.

Ана десем, ашылады қабағым

Ана десем, әділдікті ұғамын.

Біз ғана емес

Қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар, қасиетті аналар.

Қымбатты аналар,қызғалдақтай құлпырған қыздар көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз аналар мерекесі құтты болсын.Аналарымызға,ақжаулықты әжелерімізге ,құлпырған қыздарымызға арналған «Ана гүл,ана жыр, өмір шуағы»атты ертеңгілімізді тамашалауға қош келдіңіздер!

Таңғажайып сәт. (Музыка ырғағымен Бәйшешек келеді)

Бәйшешек: -Сәлеметсіңдер ме,балалар.Армысыздар қонақтар! Мен көктемнің алғашқы гүлі-бәйшешекпін. Сендерге көктемнің келгенінен хабар бере келдім, мен көктемнің хабаршысымын. Бірақ менің достарым жоқ. Мына жерден сендердің ән айтып, көңілденген дауыстарыңды естіп келдім. Сендер менімен дос боласыңдарма?

Балалар: Иә

Жүргізуші:Қош келдің,бәйшешек! Бізбен бірге болып,балалардың өнерін тамашалаңыз. «Бар жақсылық, күллі әлемге тараған, аналардың ақ нұрынан жаралған» дей отырыпбалалардың орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.

Ән: «Ақ мамам»

Жүргізуші: — Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

Бұл кім?

Балалар: Ана, ана, ана.

Жүргізуші: Әрине, бұл біздің аналарымыз. Ана — перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарын тыңдайық:

Мерей:            Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Алисұлтан : Аялаған,саялаған,

Бар бақытым берекем.

Апатайым, құттықтаймын,

Бүгін сенің мерекең

Ұлпан:           Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден

Анамызға сыйлаймыз

Алихан:         Әлпештеген ,аялаған,

Ақ сүт берген апатайым,

Тақпақ айтып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын

Дария:           Бал бөбегін баптаған,

Мамам үшін мақтанам

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші, келші, ақ мамам

Аида:             Шалқып тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз

Аналарды құттықтап,

Би билейміз бәріміз .

 

Бәйшешек: Ал, достарым, мен сендерге бір би ала келдім. Менімен қосылып билеңдер.

Жүргізуші: Тамаша . Қыздарымыздың орындауында«»биін қабыл алыңыздар.

Би: «Көбелектер»

Жүргізуші: Ақ қар еріп

Су көбейіп!

Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады.

Балаларым айтындаршы

бұл қай кезде болады? \Көктем мезгілінде\

Көктем келеді:    Мен көңілді көктеммін,

Былтырда келіп кеткенмін

Құшағым гүлге толсын деп

Нөсерімді төгемін.

.Жүргізуші: Ару көктем ,қош келдің . Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың тамашала ! Кәне балалар ана туралы қандай тақпақтар білеміз?

Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр.- деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!

Арнұр:       Анам,анам, ақ анам,

Мен өзіңдей ақ балаң

Айтқан тілді аламын,

Жұмсағанға барамын

Бақдаулет:Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым

Диана:     Баланың да тірегі

Дананың да тілегі

Ауырмасын ешқашан,

Анамыздың жүрегі

Диас:       Бізді өсірген апатай,

Еңбегіңде зор екен.

Құтты болсын, апатай,

Құтты болсын, мерекең

Алибек:   Анашым,жан анам,

Балдай тәттібал анам

Марфуға:Анашым ақ сүт беріп аяладың

Біз үшін күш жігерді аямадың

Анашым, айтарым көп, тіл жетпейді

Өзіңді аңсап келіп, саяладым

Жүргізуші: Жарайсыңдар, қандай ақылды балалар. Көктеммен бірге ойын ойнайық.

Ойын: «Гүлді жина»

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топ 5 баладан.Алдарында орындықтың үстінде 5 гүл жатыр.Балалар сол гүлдерді кезек бір бірден алады . Сосын құмыраға салады.

Жүргізуші: тобымыздың жас әншісі Оралбек Марфуғаның орындауынағы ән аналарымызға арналады.

Ән: «Әлемнің жарығы»

Жүргізуші:

Мерекеге арналады бүгін билер ,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер

Алдарыңызға қазір ұлдар биі.

Қол соғып демеу берер көрермендер

Би «Аралар» Орындайтын –ұлдар.

Жүргізуші: тақпақтарымызды жалғастырайық.

Інжу:              Анаң болса қасыңда

Басқа бақыт не керек.

Аналардыңжүрегі,

Мейірімді ғой керемет

Нариман:      Бөбегіңнің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым.

Ұзақ өмір жүз жасап,

Ауырмашы анашым

Нұрсезім:       Жанымызды жайнатқан,

Өзіңіз ғой аналар.

Зор денсаулық, мол бақыт,

Тілейміз біз балалар

Ақтілек:        Тілейміз көктем күнінде,

Барлық адам қуанар.

Аналарды мейраммен,

Құттықтайды балалар

Альфия:         Әлпештеген, аялаған.

Ақ сүт берген апатайым,

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын

Дарын:           Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі

Амир:             Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Жүргізуші: «Ана да күн сияқты күннің бетін бұлт шалса, дүние бұлыңғыр тартады. Ана ренжісе, үйдің ішін қараңғылық кернейді. Ана жымиса, үй ішінен шашырап күн шығып келе жатқан сияқтанады. Ана күлкісі күннің шуағы тәріздес» Сондықтан балалар аналарымызды ренжітпей,аналарды құрметтеп тілін алып әрдайым қуанышқа бөлеп жүру керек дей келе балалардың орындауында әсем әнге кезек береиік.

Ән: «Ақ әжем»

Жүргізуші: Орыс тіліндегі тақпақтарға кезек береиік

Айжамал:     День сегодня необычный,

Очень примечательный,

Потому что мамин праздник

Праздник замечательный!

Айша:             Посмотрите за окошко

Стало там теплей немножко

Главный праздник наступает

Солнышко его встречает!

Алан:               Мы поздравляем мам,сестренок,

Любимых бабушек своих,

Ну и,конечно же, девчонок,

Подружек наших дорогих

Мишель:       Сднем 8 марта

Маму поздравляем

Будь здорова, мама,

Мама дорогая!

Розы на салфетке

Вышили мы сами

И теперь подарим

Нашей милой маме

 

Станислав: Слушай нашу песенку,

Мамочка любимая,

Будь всегда здоровая,

Будь всегда счастливая!

Хальчам:        Мне мама приносит

Игрушки, конфеты,

Но маму люблю я

Совсем не за это

Жүргізуші:   Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.

Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!

Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер. (балалар сыйлықтарымен ортаға шығады)

Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық! Сау болыңыздар!

Жексенбиева Раушан Масимжановна,
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
Есік қаласы,
«Айжан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.