Home » Айтарым бар » Қылмыстың алдын алу…

Қылмыстың алдын алу…

 Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда  көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр.Алайда, соңғы кездері еліміздегі орта мектептер арасында әртүрлі түсінбестіктің салдарынан төбелеске шыққан мектеп оқушыларының бір-біріне пышақ сұғып алу деректері жиі кездесе бастады. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Дегенмен, осындай түсінбеушіліктің алдын алу мақсатында ауылымызға Ұлытау ауданының прокуроры, кіші әділет кеңесшісі; Тәттекенов Қанат Қайроллаұлы және Ұлытау ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі; Байзақов Еркебұлан Нұрбалаұлы мектеп оқушыларымен кездесіп, елімізде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге болмайтындығын,және де тәртіпке бағыну керектігін айтты. Қанат Қайроллаұлы өзінің ақыл кеңестерін мектеп оқушыларына ашық, қарапайым түрде жеткізіп, қылмысқа бармаудың бірден бір жолы, ол түрлі үйірмелерге қатысып, спортпен шұғылдану қажет екендігін түсіндірді. Еркебұлан Нұрбалаұлы өзінің осы қызметке қалай келгендігін және болашақта мектеп оқушыларының да полиция қызметкері жолына түсу үшін ең алдымен тәртіп қажет екендігін айтып өтті. Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп атам қазақ айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.

Сонымен қатар Ұлытау ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің учаскелік полиция майоры; Айдарбеков Дидар Бауыржанұлы оқушылармен жиі кездесіп, түсіндірме жұмыстарын уақытында жүргізіп тұрады және де мектеп ұстаздарының да оқушыларға деген еңбектері ұшан теңіз. Осы кездесулердің барлығы қылмыстың алдын алуы емес пе. Осындай кездесулер әр өңірде жиі болып тұрса, оқушыларымыз спортпен шұғылданып, түрлі үйірмелерге барса, онда мектеп оқушыларының арасында түсінбеушілік болмас еді. Бұл ретте ата-аналар мен ұстаздар және ауылдық учаскелік инспектор осы үш топ бірігіп жұмыс жүргізсе нұр үстіне нұр болар еді.

Бекет Бағдат Дастанұлы
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы,
№17 Байқоңыр ЖОББМ КММ-сі
Ұйымдастырушы педагог

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.