Home » Білім және өнер » «Қыз – ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауы

«Қыз – ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауы

 

   2016-2017 оқу жылының  наурыз айында  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің онкүндік аясында  5 сынып оқушыларының қатысуымен, «Қыз-ұлт болашағы » атты қыз сыны байқауы өткізілді. Бұл байқаудың  наурыз мерекесі қарсаңында өткізілу мақсаты: Қыздарымызды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. Әр қыз баланы парасатты, жан-жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.

Бүгінгі өткізіліп отырған байқауымызда «Қыз – ұлт болашағы» деп тегін атаған жоқпыз. Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру – басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда қыздарымыз көп біліп, өз білімдерін көтереді деп ойлаймын.

Сайысқа қатысқан қыздарымыз бойындағы нағыз қазақ қызына тән қасиеттерін байқау барысында бар мүмкіндіктерінше көрсете білді. Сайыс мынадай кезеңдермен ұйымдастырылды.

  1. «Мен қазақтың қызымын» өзін-өзі таныстыру барысында аруларымыз өздерін сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырды.
  2. «Зерделінің ойы озық» — деп аталатын бұл кезеңде, әр аруға 10 сұрақтан қойылды. 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беруі тиіс. Бұл кезеңде де аруларымыз өз ойларын жинақтап, білімдерін көрсете алды.
  3. «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету кезеңінде аруларымыз өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерді бір серпілтіп тастады.
  4. «Қонақ күте білеміз бе?» кезеңі бойынша аруларымыз өздері үйден дайындап алып келген  ұлттық тағамдарын, қалай дайындағаны жайында айтып, өздерін қорғап шықты.
  5. «Қыздарға әсемдік жарасады» ұлттық киім үлгісін көрсету кезеңінде, қыздарымыз халқымыздың ұлттық дәстүріндегі киім үлгілерін жиналған көрермендерге көрсету арқылы, сыртқы бейне арқылы өздерінің нағыз қазақ қызына лайық екендерін дәлелдеп берді.

Сайысымыздың қорытынды бөлімінде «Лицей Аруы»-2017 жыл атағы

5 «Ә» сынып оқушысы Тюлюубаева Елнараның  еншісіне тиді. «Әсем Ару» номинациясын 5 «А» сынып  оқушысы
Қуанышева Арайлым  жеңіп алды. «Өнерлі Ару» номинациясын 5 «Б» сынып оқушысы Тұрапбекова Айым ие болды. «Сымбатты Ару» номинациясын  5 «В» сынып оқушысы Жұмабек Алтынай жеңіп алды.

Қыздарымыз ата-бабаларымыздың көне заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сөндірмей жалғастыратын өнерлі де, ибалы боп өссе дейміз.

Астана қаласы №84 мектеп-лицейі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жумабекова Гулнар Сериковна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.