«Шығыс халықтарының арасында,жалпы мұсылман
елдерінде қыз баланы ерекше бағалайтын,
қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі
де бірегейлі де-біздің қазақ».
Н.Ә.Назарбаев
Жар құшып, сәби сүю, ана атану — үлкен бақыт. десекте бүгінгі таңда ерте жастан ана атану жайы қоғамның басты мәселесіне айналды. Деректерге сүйенсек жыл сайын тек дамушы елдердің өзінде 18 жасқа толмаған 7,3 миллион қыз ана атанады екен. Тіпті 15 жасқа жетпей жатып, сәби сүйген жеткіншектердің саны 2 миллионнан асып, әлем бойынша 70 мыңға жуық жеткіншек босану кезінде бұл дүниемен қош айтысатындығы белгілі.
Міне осы қоғамымызды толғандыратын мәселе — «Қыз тәрбиесі-қоғам ошағы» атты тақырыбында Кеңгір селосының № 2 ЖОББМ» КММ-ның мектепішілік «Ізденіс» шығармашылық тобының «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» бағыты аясында құрылған топ 2018 жылдың 16-қарашасында дөңгелек үстел өткізді.
«Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» қағидасымен қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген отбасы мәртебесін нығайту мақсатын алға тартты.
Дөңгелек үстелге Ішкі істер бөлімінің жергілікті испекторы: Алтынай Бейсенбевна, мектеп медбибісі Нұрғайша Сабитовна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Замзагүл Тауфиховна, мектеп психологы Рысбике Алтынбекқызы қатысты.
Бір-біріне мейірім тарату мақсатында «Жүректен жүрекке «атты тренинг жасалды. Ерте жүктілік жайлы статистикасы бар бейнеролик көрсетілді. Мектеп медбибісі Нұрғайша Советбековна отбасында дүниеге келген қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызын, ерте жүктілік ана мен баланың денсаулығына кері әсер беретіндігін, яғни ең алдымен қыздар бедеулікке, түрлі генетикалық ауруларға ұшырайтындығын, жасөспірімдердің ерте есеюіне теледидардан беріліп жатқан үнді, түрік, корей телесериалдарының және әлеуметтік желілердің кері әсерін, “ойнап жүріп, от басқан” мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпаратты толықтап жеткізді. Ішкі істер бөлімінің жергілікті инспекторы Алтынай Бейсенбевна ерте жүктіліктің салдары, ішімдіктің кесірі, кешкі көшедегі жүріс жайлы, оның зиянды жақтарын, зардаптарын қыз балаларға егжей-текжейлі айтып түсіндірді. Мектеп психологы Рысбике Алтынбекқызы қазіргі қыздардың бейнесі жайлы мысал келтіріп, қыздардың сырласы — анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін, қыз бала өз ісіне жауап берудің маңызын, жастайынан арын сақтау-бұл ұрпақ өрбітуге айрықша ықпал ететіндігін, сезімді ақылға жеңдіру төңірегінде айтып, кез-келген уақытта кеңес алуға болатынын мәлімдеді. Қыз балаларға, келген қонақтарға таратпа материалдар берілді. Мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Замзагүл Тауфиховна жеткіншек қыздардың оң жақта отырып-ақ құрсақ көтеруі- ұлтымызға сын екендігін ата-аналар түсініп, ұлдары мен қыздарын ұлттық салт-дәстүр негізінде тәрбиелеуге баса көңіл бөлудің мәнін, қыз балаға тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы әңгімеледі. “Қызға қырық үйден тию, қала берсе күңнен тию” сөзінің төркініне түсінік берді. Қызбалаларға зор сенім артатынын, болашақ дені сау ана болу қажетігін айтып, іс-шараны қорытындылады.
Есіркепова Н.Ө,
Жезқазған қаласы
«Кеңгір селосының №2
Жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
Бастауыш сынып ұстазы