Home » Мақалалар » «Қыз Жібек»

«Қыз Жібек»

Кыдырбаева   Меруерт Сейлбекова

№ 76 «Әдемі»  балабақшасының  музыка  жетекшісі

 

Тақырыбы: «Қыз Жібек»

Мақсаты: Музыка арқылы балалар жүрегіне терең бойлап, рухани  құндылықтарды қалыптастыру. Өзін қоршаған  әлемнен әсемдікті сезіне алатын, эстетикалық талғамы жоғары, мәдениетті болып өсуіне ықпал ету.

Міндеті:Музыкалық қимыл-қозғалыстар арқылы өткен тарихымыздан сыр шерте отырып, әдемі жүріп-тұруға баулып,  эмоциялық сферасын дамыту.

Түрі: Сахналық қойылым

 

Әуен ойналып бір бала атпен кіреді.

Бала: Уа, халайық! Сөзіме  құлақ салайық!

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар

Жәрмеңке!

Жәрмеңкеге шақырамыз! (шығып кетеді)

Әуен ойналып, жәрмеңкеге  саудағерлер кіреді.

Бала: Әшекейлер, алыңыздар!Алыңыздар?Арзанға  беремін!

Бала:Үкілі домбыра сатамын! Домбыра сатамын.

Бала: Күміс сапты, сегіз өрім қамшы!Алыңыздар, арзанға беремін!

Бала: Мата алыңыздар! Алыңыздар!Жібек, мақпал, барқыт! Барлығы бар.

Бала: Алтайдың қызыл түлкісі! Үлпілдеген түлкі терісін алыңыздар.

Бала: Құндыз бөрік сатамын! Сері жігіттер, бөрік алыңыздар!

Бала:Қос етекті  жібек көйлек! Сұлу қыздар, көйлек алыңыздар!

Бала: Сәукеле сатамын! Қалықдыққа сәукеле алыңыздар!

Қаршыға:Япырым-ау! Атақты Базарбайдың Төлегені келеді деп еді!

Қайда екен? (қолын  көлегейлеп қарайды)

Әуен ырғағымен Төлеген мен Шеге шығады.

Төлеген: Ассаламалейкум, аға! Базарбайдың Төлегені мен боламын! (қол алысып амандасады)

Қаршыға: Уааликсалам, мырзам! (балалар –саудагерлер шығып кетеді) Алты шекті елінің ханы Сырлыбайдың уәзірі Қаршыға мен боламын!

Шегемен қол алысып амандасады.

Төлеген: Бәрекелді, аға. Жол болсын!

Қаршыға: Мырзам сізге лайықты қыз бұл аймақта жоқ,-деп естіп әдейілеп келіп едім!

Төлеген:Ол рас!Қалыңдық таппай жүргеніме төрт жыл болды!

Қаршыға: Ендеше сүйіншіңізді әзірле, мырзам!

Төлеген: Ол кім? Тұрағы  қайда?

Қаршыға: Тұрағы Ақжайық, Шектінің сұлуы өзіңізге  бұйырып тұр!

Төлеген:Неше күндік жер екен?

Қаршыға:Шамамен жүз…не бары жүз-ақ күн!

Төлеген:(ойланып) Олай болса жолға жиналайын. Нөкерімді жинайын!

(Әуен ойналып, Қаршыға шығып кетеді)

Күй ырғағымен  Төлегеннің шешесі кіреді.

Шешесі: Қарағым-ау! Қарт ата-анаңды жалғыз тастап, қайда кетіп барасың?

Төлеген:(анасының кеудесіне басын сүйіп) Анашым, жыламаңыз! Қалыңдық іздеп тапқан соң, елге  қайтып ораламын. (Төлеген мен Шеге тізе бүгіп қол жаяды)

Шешесі:

Кетер болсаң қарағым

Әуелі құдай, мен сені

Кәміл пірге тапсырдым.

Әйелдің пірі Бибі Батима

Баламды саған тапсырдым

Адасса жолға салып жүр

Сүрінсе қолдап, алып жүр

Пәлекет келсе, қағып жүр

Баба Түкті Шашты Әзиз

Ұлымды саған тапсырдым!

(Қолын көке  жая дұғасын  аяқтап, бетін сипайды. Төлегеннің  маңдайын

сүйіп, қостасып кетеді)

Шешесі: Қош, Құлыным, қош!

Төлеген:Қош болыңыз, Анашым!

Дүниеде ғашықтық қиын екен

Ынтық болдым бір қызға

Бір көргенше сол қызды

Ішіме қайғы толғызды!

(Шеге мен Төлеген сахна артына кетеді)

Әуен ойналып, қыздар мен жігіттер кіреді.

«Бипыл» әні орындалады.

Балалар:(ән соңында) Бәрекелді! Ой, пәлі!

Қыз Жібек пен жеңгесі Батсайы шығып тұрған құздармен,  бозбалалармен ізетпен бас иіп амандасады. Әуен ойналып  сахнанаң екінші жағынан Төлеген мен Шеге шығады.

Шеге: Пай, пай! Ойыңдағының өзі екен, Төлеген! Қандай сұлу қыз! Шіркін! Пай, пай!

Жібектің  дос қызы Дүрия Шегеге әзілмен:

Келе сала қақсаған

Біреудің жоғын жоқтаған

Сен кім едің?

Батсайы:Міндегені емес, құрбыңның әзіл сөзі ғой! Көңілдеріңізге алмай былай жоғары шығыңыздар,-деп төрге шығарады.

Бекежан: (музыка әуенімен өкіектеп келеді): Бұл не той, бұл не жйын?

(Жібекті көріп,  тізерлеп отыра қалып)

Ер арманы –Жібек

Тұғырыңды түлеп,

Түлеуменен жүдеп

Отырмысың тотым.

Батсайы:(мысқылдап),

Отырмысың, тотым?! Хи,хи!

Қай уақытта болып еді

Жібек сенің тотың

Имену жоқ, сыйлау жоқ

Сенікі осы қай көку?!

Бекежан: (ашумен),Қанды қолмын жасырман

Құс ұшырман басымнан

Қаны тамған қанжармен

Қыз алдында бас ұрман

Ханға лайық басым бар

Төрге сүйреп шығарам

Ерге лайық кеудем бар

Өрге сүйреп шығарам!

Дүрия:(мысқылмен)Бір көкірек әйтеуір

Басылмай жүрген

Қолы жетпеске ұмтылады

Байқап баспай аяғын.

Жібек: Ескілік кісендеген жүйрік едім

Тайпалсам айлық жерге талмайтұғын

Құмар-ау, асқақтадың асып кеттің,

Ескілік бұрақ саздай болса да

Келмейді жөнсіз, жүнжіп жасып кеткім!

Батсайы:Бұрынғының жолы бар, ендігі сый бізден, еркем!

Төлеген:Әрең тапқан іздеп

Сөз кезегі менен жеңгей!(Батсайға тағзым етеді)

Соңғы сөзің күш болсын

Сол асудан асарда.

Жібек:Асығыс болсақ та, атүсті болмайық та, Төлеген!

(Батсайға қарап):Не болғаным жеңеше

Құлап кеттім бе,тым кез?

Батсайы:Еш оқасы жоқ, ойлағаның болады еркем! Ендеше көңіл көтеріп, думанымызды бастайық!

Бәрі:Бастайық! Бастайық! Бәрекелді!

Бекежан:Маған күші тең келер кім бар? Шығыңдар ортаға!

Дауыстар:Мен бар! Мен!

Ойын: «Білек күш сынасу», «Күрес».

Жібек:Жеңеше, сый-сияпат жасап биін көрсет қыздардың!

Би: «Шашу»

Қаршыға:Жігіттер, біз де өнерімізді көрсетейік.

«Ақ сиса» әнін ұлдар орындайды.

Бала:

Отыз күн мен отыз түн

Жібек тойы тойлансын

Жиналған халық қуаныш

Алтыбақан ойналсын!

Ойын: «Алтыбақан» («Еркем-ай» әнінің әуенімен).

Көкке жетіп төбеміз

Алтыбақан тебеміз.

Көтеріліп биікке

Көкжиекті көреміз.

Көкке жетіп төбеміз

Алтыбақан  тебеміз

Бірімізге біріміз

Түсіп орын береміз.

Бала:Аққудай өрнек салған көл бетіне

Қыздарымыз би билейді тербетіле.

Би: «Текемет басу»

Бала: Сүйінші, сүйінші, келе жатыр.

Төлегеннің шешесі қарсы алады. Батсайы шашу шашады.

«Гәкку»  әні орындалады. Төлеген мен Жібек қол ұстасып, текемет үстімен жүреді. Бәрі жарты шеңберге тұрады. Рольде ойнаған балаларды таныстыру.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.