Ұлт тәрбиесінде ұстанымы ерекше ол-қазақ халқы. Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие. Ата-ананың міндеті — жас ұрпаққа халқымыздың әдет-ғұрпын, адамгершілік, инабаттылық, адами қасиеттерін сіңіру. Әсіресе, қазақ отбасында қыз баланың тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, қатты сөйлеп ұрмаған және тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған. Қыз баланы кішкене күнінен еркелетіп, осы үйдің қонағы деп төрден орын берсе де, пысықтыққа, ширақтыққа тәрбиелеген. Қыз тәрбиесіне аса сақтықпен қараған ата-бабаларымыз еркелете отырып, есіртіп жібермеген.
Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Қыз бала анаға қарап бой түзейді,көп нәрсені анадан үйренеді. Осы орайда «Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер» деген текке айтылмағандай. Басқа ұлтқа қарағанда біздің, қазақ қызының бойынан ізеттілік, ар-ұят, үлкенге құрмет көрсету, үлкеннің алдын кесе көлденең кесіп өтпеу сияқты қасиеттерді байқауға болады. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші адам анасы. Қазірде қыз бала тәрбиесі көп талқыланады. Кезінде осылай тәрбиелеген едік, «Қазір қыздар» деген теріс түсініктер қалыптасқан. Өмір сүріп жатқан заманымыз ,ортамыз әсер ететін болар. Әйтседе, қыз тәрбиесінде имандылыққа, ибалыққа тәрбиелеуде, бастысы адамдыққа тәрбиелеу, ешқандайда заман ағымына қарамайды.
Тәрбиенің бастауы — ол ата-ананың өз іс-әрекетімен жүріс-тұрысы деп білемін. Біз мың жерден жақсы сөз айтып, құлағына құйып тәрбиелейміз деген бос әурешілік. «Қызға қырық үйден тыйым» болғанмен, оның сана-сезіміне, көзқарасына деген тыйым болмау керек. Қазақта сондықтан болар «Бала берсең сана бер» деп бекерге айтылмаған. Жапон халқында бала тәрбиесінде ешқандай жаман деген сөзді қолданбайды екен. Бізде тек жақсы сөйлеп,жақсы жағымызбен мақтанатын болайық.
Ана тілімізде «Қыз» деген сөз бар. Ол — ең қасиетті де құрметті сөз. Қасиетті болатыны — бүкіл адамзат әйелден тарайды. Қыз келін болады, анаға айналады. Одан кейін «әке» деген сөз зор дәрежеге жетеді. Осы арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.
Етегін жауып елікпеген,
Өзгеге мойын бұрып желікпеген.
Қыздарының иманды, ибалықпен.
Жайдары мінездерін көрсем деп ем, — деп ұлттың айнасы «Қызға қырық үйден тыйым» екенін ұмытпайық.
Төлеубаева Нұргүл Қайырбекқызы,
№229 Жалпы орта мектеп мұғалімі