Home » Балабақша » Қызықты қыс мезгілі

Қызықты қыс мезгілі

Оспанова Батила Садвакасовна,
Нұр-Сұлтан қаласы №70 «Құлыншақ» балабақшасы
Мектепалды даярлық тобы, І ші санатты тәрбиеші

Мақсаты:  Б) Балалардың қыс туралы білімдерін қалыптастыру. Өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білуге үйрету. Сөздік қорына қарама-қарсы сөздерді – антонимдерді енгізу арқылы толықтыру.

Д)Сөйлеу қарқынын өзгерте білу ептілігін дамыту. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, таза айтуға уйрету. Қойылған сұрақтарға толық жауап беруге, сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын қысқаша әңгіме құрауға үйрету. Халық ауыз әдебиетіне қызығуылықтарын арттыру. Ұсақ  саусақ моторикасын дамыту. Сурет салуға деген қызығушылығын арттыру.

Т) Жабайы жануарларға сүйіспенілікпен қарауға тәрбиелеу. Қамқор болуға, еңбекшіл болуға, бір-біріне кедергі жасамауға тәрбиелеу.
Әдіс — тәсілдері: Тәжірибе , әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, сергіту сәті.
Көрнекіліктер: Суреттер, ұлпа қарлар, тәжірибеге қажетті заттар,тіс пастасы,бояулар,трафареттер.

Тәрбиеші: Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз ыстық мейірімге толы.  Жылуымызды жан — жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.
Мейірімділік жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық,
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.

Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?

Балалар: Қыс мезгілі деп жауап береді

-Қыс мезгілінде неше ай бар?(үш ай бар)

-Қандай,қандай айлар?(желтоқсан,қаңтар, ақпан)

-Қазір қыс мезгілінің нешінші айы?(қазір қыс мезгілінің 3-і айы ақпан айы)

-Дұрыс айтасыңдар,жарайсыңдар!
Жұмбақ:»Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тонады.»(қар)
-Дұрыс айтасыңдар, жүмбақтың жауабы қар екен.
-Балалар қарды қолға ұстасақ ,ол қайтеді?(еріп кетеді)
-Қалай ойлайсыңдар қар қайдан пайда болады?
Балалар:Аспаннан ұшып түседі.
Тәжірибе: Шәйнекке су қайнатып ,оны бір стақанға құйсақ бу шығады
Енді стаканды әйнекпен жапсақ тамшы пайда болады.(тәрбиеші көмекшісі әйнекті тамшы қату үшін  далаға шығарып қояды.)
Тәрбиеші: Міне осындай құбылыстар табиғатта болады.Жаз мезгілінде жауған жаңбырлар,көлшіктегі сулар,т.б күн қатты ысығанда буға айналып ұшады.
Осы булар күн суығанда жерге қар түйіршіктеріне айналып жерге түседі.
Музыка:№17 Психологиялық жаттығу «Ұлпа қарлар»
-Балалар бір сәт көзімізді жұмып ,өзімізді бұлттан түскен  кішкентай көңілді ұлпа қарлар сияқты елестетіп көрейікші. Олар бір-бірімен ойнап ,айналып ұшып барлық жерді  ақ мамықпен жабады.
Сиқырлы музыка: №14
Ғажайып сәт: —Ой балалар,  қараңдар біздің тобымызға да   ұлпа қарлар ұшып келіпті. Олар жәй емес ,сиқырлы ұлпақарлар сияқты. Олар бізге тапсырмалар  алып келіпті
1-Тапсырма:Ойын:»Сөз ойла,тез ойла»
Тәрбиеші: -Қане балалар айтыңдаршы қар сөзі  қандай дыбыстан басталып тұр?
Қ» дыбысынан басталатын сөздер айту.-қар,қарындаш,қолғап,қоян,қасқыр т.б.
Тақтамен жұмыс:Қар , қыс,ақ сөзін жазу,дыбыстық талдау жасау.
Балалар.: Қ А Р –үш дыбыс бар
—  Екі дауыссыз
— Бір дауысты дыбыс бар .(ақ, қыс сөздеріне де дыбыстық талдау жасау)
2-тапсырма: »Логикалық сұрақ-жауап?»
дыбыс неше бөлінеді?
-дыбыстарды біз не істейміз?
-2-қоянның неше құлағы бар?
-Бір қолда неше саусақ бар?
-Түнгі аспанда күннің көзі нешеу?
-Бағдаршамның неше түсі бар?
-Ұшбұрыштыі неше бұрышы бар?
-Тік төртбұрыштың неше қабырғасы бар?
-Машинаныі неше дөңгелегі бар?
-Кемпірқосақтың неше түсі бар?
-Бір жылда неше мезгіл бар?
Ойын:»Қарама қарсы сөздер» «доп лақтыру арқылы»
— биік———аласа
— үлкен———-кішкентай
— қатты——-жұмсақ
-ыстық——суық
— қара———ақ
-алыс-жақын
-лас-таза
-үстінде-астында
-ыстыұ-суық
-түн-күн
-бос-толы
-ауыр-жеңіл
-қысқа-ұзын
-Жарайсыңдар!
3- тапсырма:
«Апта атаның неше қызы бар?»
-Апта күндеріне, сандарды сәйкестендіріп қою.
4- тапсырма.» Қар үстінде ненің іздерді? »
Жабайы жануарлардың ізін тауып береді.
Аю,тиін.қасқыр,қоян,кірпіге өз іздерін сәйкестендіріп қояды.
-Балаларқоян неге қыста өз тонын өзгертеді?(өйткені ол  өзін басқа жыртқыш аңдардан қорғау үшін қар сияқты аппақ тон киеді.)
Сергіту сәті: «Аққала»
Қар жауғанда топ бала
Соқтық келіп аққала
Мұрны сәбіз, үп-үшкір.
Көзі көмір қап-қара.
Көне шелек басында
Сыпырғышы қолында
Мұзайдынды аршуға
Келгендей-ақ ол мұнда.
  —Слайд қосу
5—тапсырма:»Мнематаблица бойынша әңгіме құрастыр»
 Тіл ұстарту жаттығуы:
Ан-ан-ан- соқты боран
Ар-ар-ар- үлпілдек қар.
Ты-ты-ты-аяз қатты.
-Қыста күннің көзі шығады,бірақ жылытпайды.
-Қыста қатты аяз болады.
-Қыста қар тазалаймыз.
-Қыста қатты аяздар болады.
Қыста қызықты ойындар көп.
-Қыста жиі қар жауады.
-Қыста  борандар соғады
6-тапсырма: Интерактивты тақтамен жүмыс»
(математикалық тапсырмалар)
№ 3-2,
№ 6-4; 8
№ 5;
№7 »Жеке жұмыс»
-Жарайсыңдар, балалар! Бүгін мен өте қуаныштымын, қыс  туралы көп біледі екенсіңдер.Ұлпа қарлардың тапсырмаларын жақсы орындадыңдар.
-Енді осы қыс туралы алған білімдерімізді естелік ретінде ғажайып қыс суретін ,тон киген қыздардың  суретін салып көрсетейік.
Үлгі көрсету:
-Балаларға  үш топқа бөлініп сурет салуға ұсыну
Саусаққа жаттығу:
Торғай, торғай, торғайсың
Жақын келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда торғай тонбайсың.
-Баяу музыка қою.№18
Балалар жұмысқа кіріседі.
-Қорытындылау.
Тәрбиеші: -Балалар бүгін біз сендермен  қандай мезгіл туралы әңгімелестік?
-Қар қайдан пайда болады екен?
— кесте бойынша әңгіме құрастырдық.
-қар,қыс сөздеріне дыбыстық талдау жасадық
-есептер шығардық
-сурет салдық
Мақтап, мадақтау.
-Ризамыз,ризамыз, Бүгінгі күнге ризамыз

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.