Home » Мақалалар » Қызықты физика апталығы

Қызықты физика апталығы

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің білім саласындағы өзгерістердің жаңартылған білім мазмұнымен жүргізіліп  отырған кезеңде оқушылардың  физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары.

Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі физикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.

Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады. Сәуір айының 3-7күндер аралығында мектепте  физика пәнінің апталығы өткізілді.Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.

Апталықтың мақсаты: физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың интербелсенді тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.

Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, кештер, қабырға газеті сайысы, олимпиадалар, сыныптан тыс іс- шаралар.

Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді,  онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті.

Апта ағымында келесі ашық сабақтар берілді: Ж.Ш. Келдібекова – физика пәнінен тізбектелген сабағын «Өзіндік индукция» 10 сыныбында, «20 сұрақ, 1есеп» логикалық сұрақтар мен есептерді шешу барлық сыныптарда жүргізілсе, 9сыныптарында «Тапқыр достар» интеллектуалдық сайысты физика пәні мұғалімі Булекбаева Гульмира  қызықты  етіп өткізді.

 

Іс — шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін, логика мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын көрсетіп, қосымша да білім алды.Барлық сабақтар жақсы деңгейде өткізілді, мұғалімдер интербелсеңді тақтаны пайдаланды.

Апталық барысында әр оқушы өз білімі мен логикалық ойлау қабілетін шыңдай түсті.

7-11 сыныптар арсында апта бойы «Жұмбақтар – физика әлемінде» атты қабырға газеті сайысы өтті. Бұл сайыста I орын -10 сынып, II орын -9 сынып, III орынға- 8 сынып ие болды.Пәндер бойынша 7-11 сыныптарда жұмыс және бақылау дәптерлері тексеріліп, анықтамалар берілді.

Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. Сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен марапатталды.

Қорыта келе айтарым, ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі.

Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.

 

Булекбаева Гульмира,
Оңтүстік  Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы,
Жылы су ауыл әкімшілігі
Мырзашоқы елді мекені
«І. Жансүгіров атындағы № 28 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
физика пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.