Сонау 20 ғасырдың басында Ж. Аймауытов: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес , ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген. Талабы таудай білімді, дарынды, ақылды, инабатты, тәрбиелі жеке тұлғаны тәрбиелеп, жетілдіріп шығару — әрбір ұстаздың міндеті. Дамыта отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру осы заман талабы.
Сабақ жосапарларын пайдаланушы мұғалімдер өз мүмкіндігі мен қажеттілігіне қарай тақырып аясын кеңейтіп, дамытып алып кетсе нұр үстіне нұр. Егемнді елімізді бүкіл әлем мойындаған мына дәуірде, еліміздің келешегі жас жеткіншектерді туған елі мен ұлтын сүйетін, оның салт-дәстүрдерін құрметтейтін жауапкершілікпен атқарғанымыз өзімізге сын.
Әр мұғалім — өз сабағының көшбасшысы. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізіп, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету — біздің міндетіміз. Осы міндетімізді Абай атындағы орта білім мектебінде көрсете білді. Өткен аптада бастауыш сынып мұғалімдері қызықты апталық өткізді. Апталықтың әр күні қызықты оқиғаларға толық болды. Өйткені бастауыш сынып оқушылары бұл шараға қызығушылықпен қатысып өзара білім-білік, өнерімен сынға түсті.
Мұғалімдері де бір апталық қойған жоспарларын өте қызықты өткізе білді. Апталықты 2 сынып мұғалімі Кусманова Гульмира Жумагалиевна «Минуттық атақ» сыныптық тыс шарамен ашты. «Менің Отаным — Қазақстан» тәрбие сағатын 1 сынып мұғалімі Оралган Амангүл өткізді, Масакбаева Бакыт Мухтаровна «Ойлы болсаң, озып көр» атты сыныптан тыс шара өткізді. Ахметова Айгуль Кадыровна шараға орайластырып «Ең үздік қол өнер» (геометриялық фигуралардан құрастыру) атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. «Ойлан тап» викториналар сайысын Кусманова Г.Ж. жүргізді. Міндетті түрде ашық сабақтарда өткізілді. Апталық оқушыларға өте ұнады, апта аяғында әр оқушы марапатталды.
«Жақсы ұстаз ол – мектептің жүрегі» деп ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин айтпақшы, әр күнгі өткен іс –шара, ашық сабақтар мектебімізде өз дәрежесінде жетті деп ойламын.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындап, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор деп ойламын.
Ахметова Айгуль Кадыровна,
Абай атындағы жалпы беретін мектебінің
бастауыш мұғалімі,
Павлодар облысы,
Лебьяжі ауданы