Home » Ашық сабақтар » Қызыл телпек қонақта. Дүйсекова Халила Мұхамеджанқызы

Қызыл телпек қонақта. Дүйсекова Халила Мұхамеджанқызы

Мақсаты: балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту. Тілдерін дамыту. Бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Аңдардың, құстардың, орманның, үй жануарларының, үйдің, гүлдердің, т.б. суреттер.

Қажетті заттар: Себет, Қызыл телпек, аудио-диск, бәліштер, қарындаш, үлестірмелі суреттер.

Шаттық шеңбері:
Таң сәріден тұрып ап,
Сәлем берем баршаға,
Сәлем, саған туған жер!
Сәлем, саған туған ел!

— Қайырлы таң, қайырлы күн!

— Армысыздар, қонақтар!

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

— Көктем мезгілі.

— Көктем мезгілінің айларын атап шығайық.

— Наурыз, сәуір, мамыр.

— Балалар, айтыңдаршы, бір жылда неше мезгіл бар?

— Төрт мезгіл бар.

— Олай болса жыл мезгілдерін атап шығайық.

— Көктем, жаз, күз, қыс.

— Әр мезгілде неше ай бар

— Әр мезгілде үш ай бар

— Бір аптада неше күн бар?

— Апта күндерін атап шығайық

— Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

— Балалар, қане тыңдаңдаршы, бізге біреу келе жатқан сияқты…

  • Сәлеметсің бе?! Балалар, сендер таныдыңдар ма, бізге қонаққа кім келді?
  • Қызыл телпек!
  • Балалар, сендер ақылды, қайырымды және көп нәрсе білетін сияқтысыңдар. Сендер әжеме апам пісіріп берген бәлішті апарып, жағдайын біліп келуге менімен бірге баруға қалай қарайсыңдар?!
  • ИӘ! Біз сенімен берге барамыз.
  • Ол үшін алдымен мен себеттегі бәлішті санап алайын. Ал сендер маған көмектесіңдер.
  • 1,2,3,4,5.
  • Енді кері санап қайта себетке салайық
  • 5,4,3,2,1.
  • Бәлішімізді себетке салып алдық, енді бәріміз бірге жолға шығайық.
  • Әженің үйі алыс, жолда көптеген қызықты оқиғаларға кездесеміз.
  • Балалар, Қызыл телпектің әжесінің үйіне бару үшін біз неден өтеміз?
  • Орманнан өтеміз!
  • Орманда нелер өмір сүреді?
  • Жабайы аңдар!
  • Орманда тағы нелер бар?
  • Орманда құстар бар
  • Ормандағы құстарды қалай атаймыз?
  • Ормандағы құстарды дала құстары дейміз.
  • Көктемде жылы жақтан ұшып келетін құстарды қалай атаймыз?
  • Жыл құстары деп атаймыз.

Сергіту сәті.

Тік тұрам да қос қолыммен,

Таянамын бүйірді,

Топылдатып аяқты,

Шапалақтап қолымды,

Басымды мен шұлғимын.

Құс қанатша қолымды екі жаққа жаямын.

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымды мен табамын.

Жолымызды жалғастырайық.

  • Балалар, мына әдемі гүлдер қандай гүлдер?
  • Қызғалдақтар!
  • Тағы қандай гүлдерді көрдіңдер?
  • Бәйшешек, түймедағы гүлдері өсіп тұр!
  • Бұл гүлдерді қандай гүлдер деп атаймыз?
  • Дала гүлдері!
  • Дала гүлдерінен басқа қандай гүлдерді білесіңдер?
  • Бөлме гүлдері (қоянқұлақ, қазтамақ алоэ, фиалка).
  • Балалар, мына жаққа назар аударыңдаршы, мында не көріп тұрсыңдар?
  • Қой, жылқы, сиыр, түйе, ешкі.
  • Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?
  • Үй жануарлары!
  • Үй жануарларының төлдерін атап шығайықшы.
  • Қозы, құлын, бұзау, бота, лақ.
  • Міне, балалар, біз Қызыл телпектің әжесінің үйіне келіп жеттік.
  • Қараңдаршы, әженің үйінің жанында нелер өсіп тұр?
  • Ағаштар!
  • Олар қандай ағаштар?
  • Алма ағашы және емен ағашы!
  • Алма ағашы биік пе әлде емен ағашы биік пе?
  • Емен ағашы биік, алма ағашы аласа.
  • Алма ағашы үйдің оң жағында орналасқан ба әлде сол жағында орналасқан ба?
  • Алма ағашы оң жағында! Емен ағашы сол жағында.
  • Алма жеміс пе әлде көкөніс пе?
  • Алма жеміс, себебі ол ағашта өседі.
  • Көкөністер қайда өседі?
  • Көкөністер жерде өседі.
  • Балалар, біз әжеге көмектесейік! Көкөністер мен жемістері араласып кетіпті, біз оларды бөліп жинап берейік.

Үстел үсті тапсырмасы «артығын тап»

Қорытынды: Бүгін бізге қонаққа кім келді? Біз онымен бірге қайда бардық? Жолда нелер көрдік?

Балаларды марапаттау.

Дүйсекова Халила Мұхамеджанқызы,
«Арт-терапия басым бағыттағы
№45 «Самұрық» балабақшасы,
тәрбиеші, Астана қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.