Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Қызыл телпек математика әлемінде

Қызыл телпек математика әлемінде

 Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық, Коммуникация, Әлеуметтік орта, Денсаулық.

Білім беру бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.

Тақырыбы: Қызыл телпек математика әлемінде.

Мақсаты: Заттардың түрлі топтарын санау оның санын анықтап, тура кері санауға үйрету.Балалардың қарапайым математикалық ұғымдар мен құрылымдық іс-әрекеттердің тәсілдерін логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу,сұрақ-жауап.

Үлестірмелі: Бәліш,жолақ қағаздар, түрлі түсті геометриялық пішіндер, т.б

Шаттық шеңбер: Қайырлы таң, Жер Ана!

Қайырлы таң, Көк Аспан!

Қайырлы таң, достарым!

Қайырлы таң, қонақтар!

Аман есен болайық.

Бейбітшілік қолдайық.

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз ашық ұйымдастырылған оқу-қызметінде орман алаңқайында өтпекші. Орманға саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?

Балалар: Иә, ұнатамыз

Тәрбиеші: Қәне балалар орманға әндетіп барайық,

Ән сандарды санайық.

Тәрбиеші: Балалар, міне, орманға да келдік, орман қандай керемет, таза ауа, жап-жасыл ағаштар. Балалар орманда қатты айқайлауға немесе қатты сөйлеуге болмайды.

-Балалар орманды ластауға, ағаштар немесе бұтақтарды сындыруға болама?

-Балалар жауабы

(Қызыл телпек балаларға кездесіп қалады.)

Қызыл телпек: Сәлеметсіңдерме,балалар. Мені таныдыңдарма, қай ертегінің кейіпкерімін? Мен ылғи да осы жолмен әжемнің үйіне барамын. Қасқырдан қашып сендердің дауыстарыңды естіп осында келдім. Енді мен ешнарседен қорықпай әжеме саңырауқұлақ апарып беремін. Сендер маған көмектесесіңдерме?

Балалар жауабы;

Тәрбиеші; Балалар олай болса Қызыл Телпеке саңырауқұлақ теріп берейік. Саңырауқұлақтың жарамды,жарамсыз болады. Біз енді жарамдысын (қозықұйрық деп атайды) тереміз.

(1 ден 10 ға дейін санайық тура және кері санау, үш тілде) Орман ағаштарына сиппатама (түсіне, геометриялық пішініне)

Д / ойын: Орман ағаштарын құрастырамыз. (тақтамен жұмыс)

Тәрбиеші: Балалар біз әртүрлі орман ағаштарын құрастырдық. Кәне,балалар орман ағаштары туралы тақпақ айтып берейік.

Қайын ағаш: Аппақ қайың қарағай

Қосылыпты табысып

Сұлу терек,жасыл желек

Құшақтасып қабысып

Қарағайым,жұпар майың

Жібек жолмен аңқиды.

Емен ағаш: Егістікте көлемді

Қоршай ектік еменді

Ескен желден егенді

Қорғап тұрар ол енді.

Қара ағаш : Көше бойы аралас

Қаптап өскен қара ағаш

Жемісі жоқ болса да

Саясы көп дара ағаш.

Терек ағаш: Тереземнің алдында

Тербетемін қос терек

Өсірген жаз айында

Өзіме тұр еркелеп.

Жолда өзен бар, енді судан қалай өтеміз, балалар?

Балалар: Көпір құрастырамыз.

Тәрбиеші: Дұрыс, онда әр түрлі пішіндерден көпір жасаймыз. Құрастырылған көпір қандай геометриялық пішіндер?

Балалардың жауабы

Тәрбиеші: Қанша пішіндерден көпір жасадық?

Балалардың жауабы.(үш тілде айту).

Қызыл телпек: Балалар мен әжеме бәліштен басқа не апарып беремін?

Балалардың жауабы:

Қызыл телпек: қолымдағы құтыларды үлкеннен кішіге дейін орналастыру керек. (түстерін ажырату, үш тілде). Жарайсыңдар,балалар!

Топқа келіп балаларды сергіту жаттығуын жасаймыз.

Сергіту сәті: Орманда кірпі келеді

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті міне,керегі.

Екеуі қайың астынан

Біреуі терек қасынан.

Қанша болмақ есепте

Тоқылған салса себетке.

Тәрбиеші: Енді балалар орманда алған әсерімізді шығармашылық әдіс-тәсіл арқылы жеткізейік.

Қорытындылау: Балалардың жасаған жұмыстарын тақтаға іліп қорғату, талдау.

Балалар біз қайда саяхаттап келдік?

Кімге кезіктірдік?

Орманнан не тердік?

Сендерге бүгінгі ашық оқу қызметі ұнадыма. Балалар арасында сұрақ жауап алмасуы.

                                      Сейметова Нұржанар,
ОҚО Кентау қаласы «Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасы
«Темірқазық» тобының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.