Home » Жаңалықтар » Қызылорда облысының мұғалімдері халықаралық деңгейдегі сертификаттарға ие болды

Қызылорда облысының мұғалімдері халықаралық деңгейдегі сертификаттарға ие болды

Ағымдағы  жылдың 29 наурызы күні «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов «Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік және тілдік-коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру» оқу бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтаған орта мектептің жоғары сыныптарының жаратылыстану бағытындағы «Химия», «Биология», «Физика» және «Информатика» пәндерінің мұғалімдеріне сертификаттар табыстады. Сонымен қатар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов үш тілде оқытуды ендіру кезеңінде мұғалімдердің пәндік және тілдік-коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырушы курстардың маңыздылығына тоқталды.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.