Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде «Мен – Чемпионмын!» республикалық балалар спорттық теледидарлық ойынының кезекті финалы 5-8 маусым күндері аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында өткізілді. «Мен – Чемпионмын» республикалық балалар спорттық теледидарлық ойынының мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту және өсіп келе жатқан ұрпақтардың бойында спортпен тұрақты шұғылдануға тәрбиелеу.
«Мен – Чемпионмын» ойынының міндеттері:
-орта білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды спортпен тұрақты шұғылдануға тарту;
-балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
-орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың бос уақытында мәдени – спорттық іс-шараларды ұйымдастыру сапасын арттыру болып табылады.
Аталған жарыста Қызылорда облысының құрамасы І-орынды иеленіп, «Қайсар» командасы Республикалық кезеңнің Чемпионы атанды.
Облыс құрама командасын жоғары деңгейде дайындап, қолдау көрсеткен білім басқармасының аймақтық дене тәрбиесі орталығының бөлім басшысы Бағылан Танманбет, №23 мектеп-лицейінің денешынықтыру пәні мұғалімдері Алматов Ердеш Сардарұлы, Мендыбаева Гулмира Маралқызының еңбегін айта кету керек.
Алдағы уақытта «Мен – Чемпионмын» ойыны республикалық финалдарының барлық кезеңдері «Хабар» телеарнасында көрсетілетін болады.
Сулушаш САПАРБАЕВА
Қызылорда облысының білім басқармасынан
Қызылорда қаласы