Home » Жаңалықтар » ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ОРКЕСТРЛЕРІ МЕН АНСАМБЛЬДЕРІНІҢ ШЕРУІ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ОРКЕСТРЛЕРІ МЕН АНСАМБЛЬДЕРІНІҢ ШЕРУІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Қызылорда облысының білім басқармасы Халықаралық балаларды қорғау күні (ағымдағы жылдың 1 маусымы) Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің Шеруі өтті.

Шерудің мақсаты – бұл «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяны іске асыру жағдайында эстетикалық және патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен студенттердің салтанатты, көше-фестивальді шеруді қолдау және дамыту.

Шерудің міндеттері балалар мен жастардың музыкалық мәдениетін арттыру ғана емес, өзінің білім ұйымына мақтаныш және қатыстылығын қалыптастыру, республиканың білім мекемелерінің беделін көтеру және жарнамалау. МУЗЫКАЛЫҚ ШЕРУ – бұл біздің еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін кең көлемді республикалық акция.

Бұл шара алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, республиканың мәдени өмірінде бірегей оқиға болды.

Бұл күні бір уақытта әр облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың орталық көшелерінде барабаншылар отряды, үрлемелі оркестрлер мен ансамбльдер, мажореткалар, черлидерлер, хор және би ұжымдары жүріп өтті.

Шеру — музыкалық ұжымның әр қатысушы үшін көркем-эстетикалық дамудың түрі, балалардың, педагогтар мен ата-аналардың шығармашылық жетістіктерін көрскен орасан зор мүмкіндік болды.

Шеруді дайындауға оқушылар, студенттер, мектеп мұғалімдері, колледждер мен ЖОО-ның оқытушылары, ата-аналар мен мәдениет және спорт өкілдері белсенді қосылды.

Қызылорда облысының

Білім басқармасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.