І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Кіріспе сөз. Ғ.Рахметова:
- Қымбатты қонақтар, оқушылар! Міне, біз бүгін мектебімізде «Қыздарым қызғалдағым» атты кездесу сабағын 5 — сыныптар арасында ұйымдастырып отырмыз. Бүгін біз өнегелі Әже, ардагер ұстаз, мерейлі медбибі, шебер ұстаздармен кездесу кеші ретінде өткізбекпіз. Олай болса, бүгінгі қонақтарымызбен таныс болыңыздар:
- Алтын алқа иегері, көп балалы ана, кітап авторы ақын Сақыпжамал Өксікбайқызы
- Балалар мен жасөспірімдер сарайының шебер ұстазы «Сәндік қолтаңбалы және көркемөнер» бөлімінің «Алтын көмбе»үйірмесінің жетекшісі Гүлмира Тынымбайқызы
- НұрОтан партиясы Жезқазған қалалық филиал кеңесшісі Жанбота Нұрланқызы
- Мектеп медбибісі Балайша Құдайбергенқызы .
- Мектеп инспекторы Ілтипат Ардаққызы
Сіздерге қош келдіңіздер дейміз!!!
Қол шапалақтау.
Ғайни: Қымбатты қонақтар, оқушылар!
Назарларыңызға кездесуіміздің алғы сөзі ретінде слайд-шоуымызды ұсынамыз.
Күй 5мин
Би; Қамажай 8- оқушы, 3 мин
Ғайни: Қыз қылығы болмаса, құр шырайдан не пайда?- деген пікірге ой бөлісейік
- Қазір қандай қыздарды жоғары бағалайды деп ойлайсыз?
- Адамда жан сұлулығы мен тән сұлулығының қайсысы басым болуы керек деп ойлайсыз?
- «Астың дәмін тұз келтіреді, елдің сәнін қыз келтіреді» деген мақалды қалай түсінесіздер?
Міне, біз бүгін осы сұрақтарымызға қонақтарымызбен әңгімелесу арқылы жауап табатын боламыз.
Кездесу кешіміз сұрақ – жауап, пікір алмасу түрінде өтетіндіктен оқушыларымыз қонақтарға сұрақ қоятын болады. Қонақтарымыздың тарапынан тың мәліметтерге ие болып, кездесу кешіміз мағыналы болатындығына сенімдіміз.
Әуелі, қонақтарымыздың барлығына бір ортақ сұрақ қойсақ дейміз. Ата бабамыздың тәрбиесі мен қазіргі тәрбиенің айырмашылығы бар ма? Бар болса неде?
Кезектесіп 3 қонақ жауап береді. Рахмет айтып отыру керек сөйлеп болған соң.
1-оқушы: 1. Қазақ қызы қандай болу керек?
2. Қыз өссе, елдің көркі… деген қалай түсінесіңдер?
3. «Отан отбасынан басталады» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
4. Қазіргі тәрбиемен бұрынғы тәрбиені салыстырғанда айырмашылық бар ма?
5. Үйде ата — аналар балаларын қалай тәрбиелейді?
2-оқушы: Құрметті бүгінгі ток шоуымызға келгеніңізге рахмет. Енді жеке бас гигиена жайында толық айтып берсеңіз.
3- оқушы; 1. Қазақ қыздарының киімі тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?
2. Дөрекі сөйлейтін қыздар туралы ой — пікіріңіз?
3. Сән мен сымбат туралы айтып берсеңіз?
4-оқушы: Қыздарыңызға не себепті қымбат ұялы телефон сатып әпересіз? Оқушылардың әртүрлі желілерде отырғаны дұрыс па?
- 5-оқушы: Қызыңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
- Қызыңыздың арманын білесіз бе?
- Қызыңыз үйде сізге қандай көмек көрсетеді?
Ғайни: Көп рахмет сіздерге! Енді өз тарапымнан да бәріңізге ортақ етіп, бір сұрақ қойсам деймін. Ал осы қоғам сіз бен бізден, ата-аналар мен ұстаздардан, тәрбиешілерден құралмай ма? Қазіргі кезде тәрбиеге не әсер етуі мүмкін? Ал қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана, әке емес, радио мен теледидар, газет-журнал, кітаптар мен кинолар, дискотекалар жан-жақтан әсер етуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата-аналары күнұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады. Мектебіміздегі қыздардың тәрбиесіне көңілдеріңіз тола ма?
Қонақтар жауап береді. Рахмет айтылады.
Ән: Әке –ана 3 оқушы
Ғайни: Құрметті қонақтар! Сіздерге оқушылар атынан, өз тарапымнан ерекше алғысымды білдіремін. Бүгін біз қыз бала тәрбиесіне қатысты көптеген ойларымызды ортаға салдық
Оқушыларға қарата: Қымбатты оқушылар! Сіздер бүгін Ұстаз-ақылшың, оқытушың, шын досың. Әр уақытта пікірлесіп ішкі жан дүниеңді ашуда ата-анңмен бірдей адам. Ата-ана мен ұстаздың арсына қаяу түсірме. Сыйла, айтқанын тыңда. Олар сендерді қорғайды, қолдайды
Қорытынды сөз, Ғайни: өнеге сағатына қатысқан қонақтарымызға алғыс айтамыз. «Сіздерге көп рахмет!!!