Home » Баяндамалар » «Қызанақ» атты ғылыми жоба

«Қызанақ» атты ғылыми жоба

Кіріспе

Қызанақ (Lycopersіcon), томат, помидор— алқа тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер (кейде жартылай бұта). Оңтүстік Америкадан таралған. Оның 3 түрі бар (кейбір деректерде). Қазақстанда 1 түрі: кәдімгі (ас) Қызанақ (T. esculentum) барлық жерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 30 — 40 см-ден жоғары. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі — екі не көп ұялы жидек, пішіні әр түрлі. Салм. 25 — 500 г, кейде 800 — 900 г-ға дейін жетеді. Қызыл, сарғыш жемісінің құрамында 4,5 — 8,1% құрғақ зат, 3,5 — 8,5% органикалық қышқыл, минералдық тұздар, С витамині, В, РР тобының витаминдері, каротин бар. Жемісін тамаққа пайдаланады, тұздайды, шырын алады.

Қызанақ  – жемісін жеуге жарамды, біржылдық немесе екіжылдық шөптесін өсімдік. Орыс  тілінде «помидор» атауы итальян тіліндегі «pomodoro–алтын алма» дегеннен шыққан. Ал «томат» атауы француздардан «tomate» деген сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Ең алғаш Еуропаға XVI ғасырдың ортасында ИспанияПортугалия,кейін Италия мен Францияға да жеткен. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп есептеп, жемісінің әдемілігі үшін бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Қазіргі уақытта қызанақ ең кең таралған және өсіретін көкөністердің бірі болып саналады. Түрінің көптігімен, дәмімен және диеталық қасиеттерімен танымал. Қызанақтың тамыр жүйесі қатты және жақсы дамыған болып келеді. Кейбір түрлерінің тамыры 1 метр тереңдікке дейін барады. Өсімдікке дұрыс күтім жасалса, тамыр сабағының бойына да өсіп шығады. Осыдан қызанақты тек тұқымы арқылы емес, тамыр сабақтары арқылы да көбейтуге болады. Сабағының биіктігі түріне қарай 30 см-ден 2 метрге дейін барады. Ұсақ, сарғыш түсті болып келетін гүлдері бір түпке жиналып өседі. Бір сабағында аталықтары да, аналықтары да кездеседі. Жемісі өте шырынды, түріне қарай домалақ, сопақ, майда, ірі болады. Түсі ашық күлгіннен, қою қызылға дейін болып келеді және сары түстілері де кездеседі.

 Қызанақты жеміске де, көкөніске де жатқыза береді. Өйткені, 1893 жылы АҚШ Жоғарғы Соты қызанақты көкөніс деп қабылдаса, 2001 жылы еуропалықтар оны жеміс деп шешті. Біздің елде қызанақ көкөніс деп саналады.

Күтімі Қызанақтан ертерек өнім алу үшін жылыжайда немесе үй жағдайында наурыздың соңы, сәуір айларында көшетін дайындайды. Мамырдың 10 — нан кейін немесе үсік жүріп өткеннен кейін бақшаға егеді. Өнім алу мерзімі – шілде, қыркүйек айлары аралығы.

Қолданылуы:  Жылыжай жағдайында жыл он екі ай өнім алуға болады. Жеке жанұяға жетерлік қана өсіру үшін, базардан мамандар дайындап өсірген көшетті алған дұрыс. Ал шаруа қожалықтары үшін көшеттерді өздерінің дайындағаны тиімдірек.

   Қызанақтың адам ағзасына  пайдасы

         Қызанақ  жемісін жеуге жарамды, бір жылдық немесе екі жылдық шөптесін өсімдік. Орыс тілінде ‘помидор’ атауы итальян тіліндегі ‘pomodoro — алтын алма’ дегеннен шыққан. Ал ‘томат’ атауы француздардың ‘tomate’ сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Ең алғаш Еуропаға  XVI ғасырдың ортасында  Испания,  Португалия, кейін Италия  мен Францияға  да жеткен. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп санап, бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Осыдан 200 жыл бұрын құмыраға егілген бұл өсімдікті Англияда үйлердің терезесінен, бақтан кездестіруге болатын еді.

1811 жылы ботаникалық сөздікте ‘томат — улы өсімдік болып есептелсе де, оны Италияда бұрышпен, сарымсақ және маймен қосып жейді, ал Португалия мен Богемияда одан ерекше қышқыл дәмі бар соус дайындалады деген хабар пайда болады.  

Қызанақ адам ағзасына пайдалы дәрумендерге бай, құрамында қышқыл, каротин бар. Ересек адамдарда жиі кездестін көк тамыр қуысының тығындалып қабынуы (тромбофлебит) мен көк тамырдың кеңеюін (варикоз) емдеуде әсері зор. Сонымен қатар, қызанақ пен оның шырынын төменгі қышқылдықты, гастритті емдеуге пайдаланады.

Қызынақты жүрек-қан тамыр аурлары кезінде жеген пайдалы. Өйткені, қызанақтың сорттарынан ғалымдар 24 пайдалы химиялық элемент тапқан. Онда темір, мыс, калий тұздары көп. Бұлар жүректің жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі, ағзадағы артық сұйықтықтарды, зиянды қалдықарды жұмысын жақсартады.

Томаттың балдырында өт айдағыш, несеп айдағыш, микробтарға, қабынуға қарсы әсер ете алады. Және зәрдің шығуын тездетеді, бұзылған зат алмасу процесін қалыпқа келтіреді.

Қызанақ асқазан мен ішектің сөл бөлу қызметі нашарлаған ас қазан ішек жолдары сырқаттары кезінде аса пайдалы. Ас қорытуды жақсартады. Іштің қатуы мен қатар жүретін ішек қызметінің бұзылуы кезінде жеген дұрыс. Қантты диабетке және семіздікке шалдыққан науқастар үшін томат құнды тағам. Сапасы жақсы, тұзы аз немесе мүлде жоқ томат шырынының құрамында ликопин бар. Ол ағзаны зиянды ісік ауруларының талшықтарынан қорғайды. Қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді. Қызанақ  ‘иммунитетті  де көтереді. Қызанақ пен бал қоспасының денсаулыққы пайдасы мол. Ара шаққанда, дене күйіп қалған кезде де сол жерге қызанақты екіге бөліп басудың пайдасы зор. Себебі қызанақ ара уын денеге жаймайды және күйіктің ыстығын алады. Оған қоса ол теріні күн сәулелерінің зиянынан қорғайды.

Дегенмен, үш айдан асқан қызанақ шырынын пайдаланбаған жөн, бұл ағзаға зиян. Алайда бұл зиян бірден байқалмайды. Мұның зардабы бүйрекке, қуыққа тас байлануға әкеп соқтыра

 Қызанақ — құнды тамақ

Томат (қызанақ) аса құнды тағам өнімдеріне жатады, өйткені оның құрамында жеңіл сіңетін көміртегілер-фруктоза, глюкоза, органикалық қышқылдар (лимон, алма, шарап және т.б),  каротин мол, В, С, РР, Р тобы дәрумендері және минералды заттар — темір, калий, кобальт, хром, мырыш, марганец, молибден бар.

Томаттың балдырында өт айдағыш, несеп айдағыш, микробтарға, қабынуға қарсы әсер ететін заттар бар. Қызанақ емдік және профилактикалық тамақтануда дәрумендердің және минералды тұздардың көзі ретінде кеңінен қолданылады. Бұл көкөніс асқазан мен ішектің сөл бөлу қызметі нашарлаған асқазан — ішек жолдары сырқаттары кезінде аса пайдалы. Қызанақ зәрдің шығуын тездетеді, бұзылған зат алмасу процесін қалпына келтіреді, ас қорытуды жақсартады. Қызанақты жүрек — қан тамыры аурулары, іштің қатуымен қатар жүретін ішек қызметінің бұзылуы кезінде жеген пайдалы. Қантты диабетке және семіздіккке шалдыққан науқастар үшін томат құнды тағам. Сапасы жақсы, тұзы аз, немесе мүлде жоқ томат шырыны да жаңа піскен қызанақтың қасиеттеріне ие. Томаттарда, алқа тектес басқа көкөністерде секілді, оған өзіне тән ерекше дәм беретін глюкозид — соланин бар.     

         Кейбір диетологтар томаттарда қымыздық қышқылы көп болғандықтан, оны подагра, диатез кезінде және егде адамдарға жеуге болмайды, сондықтан оны қатаң емдәм тағайындалғанда да шамалап жеген дұрыс деп есептеген. Алайда, сәтіне орай, соңғы жылдары бұл пікірдің қате екендігі дәлелденді. Тек томатты басқа тағамдармен дұрыс үйлестіру керек әрі оны жылумен өндеуге болмайды.

Бұның мәні мынада: қызанақты қайнатқан, буландырған, қалбырлаған кезде ондағы қышқылдар органикалық емес жағдайға көшеді. Бұл ағзаға зиян. Алайда бұл зиян бірден байқалмайды, уақыт өте келе, біртіндеп анықталады. Бүйрекке, қуыққа, тас байлану, мысалы, қалбырланған томат шырынын ұзақ уақыт бойы, әсіресе крахмалы бар тағамдармен (нан, картоп және т.б) қосып пайдаланудың зардабы болуы мүмкін. Қызанақтар белокты тағамдармен (етпен, жұмыртқамен, сүзбемен т.б) үйлеспейді. Кейбір диетологтардың пікірінше, қызанақтың қабығы сіңірілмейді. Сондықтан асқазаныңыз тамақты нашар қорытатын болса, қызанақты қайнап тұрған суға бірнеше секунтқа малып алып, қабығын сылып алып тастаңыз.

Қызанақты көк-сөкпен, жасыл бұршақпен, кез-келген жаңа піскен қырық қабатпен, пиязбен, жаңғақпен баклажанмен және т.б, қосып даярлайтын салаттардың түр-түрі бар.

Қызанақтың 100 г – 19 ккал

Құрамында бағалы жасұнық, сонымен қатар кальций, фосфор және көп А, В, С мен Е дәрумендері бар.

Жеке дәрігер, үйдегі фитнес

Қызанақтардың тек қана жүрекке және бүйректерге емдік әсері ғана емес, сонымен қатар теріге байланысты жасарту әрекеті де дәлелденген.

Халықтың сүйіктісі Дүниедегі ең сүйікті көкөністердің бірі болып табылады. Қызанақтарды шикі түрінде  жеу ең пайдалы нәрсе. Америкалық емдәм дәрігерлерінің пікірінше, күнделікті ішілетін бір стақан қызанақ шырыны Сізге денсаулықты, сұлулықты және жасаруды қамтамасыз етеді.   Арықтауға арналған емдәм барысында, қант сусамырын және бүйректердің ауруын емдеу кезінде қолдануға кеңес беріледі.

Сіз піскен қызанақты ұнатасыз Піскен қызанақтар өзінің қызыл түсімен ликопенге міндетті. Бұл табиғи бояутек склероздан және ісіктерден сенімді қорғанысты қамтамасыз етеді, атап айтқанда, қуық түбі безі қатерлі ісігінің пайда болу қауіп-қатерін төмендетеді. Оның жаңа піскен қызанақтарға қарағанда сорпалар мен тұздықтарда жақсы сіңірілетіні дәлелденген.

Махаббат алмасы Қызанақтар Еуропаны жаулап алу кезінде, оны афродизиак деп есептеген. Француздар оны «махаббат алмасы» деген мағына беретін «pomme d’amour» деп атаған.

Құпиялы латынамерикандық Қызанақтар Латын Америкасынан шыққан. Еуропаға XVI ғасырда әкелінді. Алғашқыда оны сәндік өсімдік ретінде өсірді, өйткені оны улы деп есептеген. Оның дәмін бірінші білгендер және бағалағандар итальяндықтар, бірақ ол үстел үстіне емес, бәрібір сиқыршылар қазанына жиі түсетін еді. АҚШ — қа қызанақтарды Италиядан және Франциядан келген қоныс аударушылар алып келді.

Ля Томатина Валенсияға жақын, кішкене испан қалашығы Буноль жыл сайын тамыз айының соңғы сәрсенбісінде қызанақты өлермен шайқас — Ля Томатинаның орнына айналады. Осылай созылмалы фиеста аптасы аяқталады. Шайқас алдындағы түні қызанақтары бар жүк машиналарының дайындығы жүреді, олар келесі күні шамамен азаңғы сағат 11 — де қалашықтың негізгі алаңына шығады. Мерекенің жүргізушілері екі сағаттық «қанды» шайқасты бастайды. Шайқастан кейін өзенде суға түсіп алуға, сосын теңдесі жоқ жергілікті шараппен іше отырып, әйгілі паэльді жеуге болады.

Хасанов Әділетбек
Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясы
5 «в» сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.