Home » Балабақша » Қуыршақ Әсеммен өткен бір күн

Қуыршақ Әсеммен өткен бір күн

Мақсаты:  Балаларды  «күн»  мен  «түнді»  ажыратып, өз  тілінде  дұрыс  пайдаланып  айтуға  жаттықтыру. Берілген  сұраққа   3-4  сөзден  тұратын  сөйлеммен  жауап  беруге  және  тілдің  грамматикалық  құрылымын  жетілдіру.  Триз  әдісімен    мақталы  таяқшаны  пайдаланып берілген  пішінді  салуға  үйрету. Қызыл  түсті  тани  білуге,  есте  сақтау  қабілетін  арттырып ,қол  саусақ  моторикасын  дамыту.
Әдіс-тәсілдер :  сұрақ-жауап, көрсету , түсіндіру.
Көрнекіліктер: Слайд, күннің  суреті, қуыршақ, үрленген  шар .
Сөздік  жұмыс: «күн», «түн».
Жүру  барысы: Шаттық  шеңбер.
Күнім  күліп  арайлы
Тереземнен  қарайды
Маған «  жылдам  бол»  дейді
«Бақшаға  бар,  тез»дейді.
Қайырлы  таң  адамдар
Мейірімді  жарандар,
Біз  бастаймыз сабақты,
Бақылаңдар , қараңдар.
Тосын  сый:
Әуен  ойналып  , сиқырлы  қорап  ашылады  да  ,күн  көтеріледі.
(Балалар  таңдана  қарады).
-Балалар  көкке  күн  көтерілді ,яғни  таң  атты.
Міне  біздер  балабақшаға  келдік.
Тәрбиеші:
— Балабақшаға  қай  уақытта  келеміз?
Балалар  жауабы:
— Таңертең  келеміз.
Тәрбиеші:
-Ұйқыдан  тұрғаннан  кейін  не  істейміз?
Балалар  жауабы:
-Жуынамыз, жаттығу  жасаймыз, тамақ  ішеміз.
Кенет  ұйықтап, есінеп  жатқан  баланың  дыбысы  естіледі.
-Ой  балалар, мынау  кім  әлі  ұйқықтап  жатқан?
-Бұл  қуыршақ  Әсем  ғой,  оны  қалай  оятамыз?
— Кәне  Әсем  деп  атын  атап  оятайық, бірақ  Әсем  оянбады.
Ендеше  біз  сылдырмақты  алып, сылдырлатып, ән  айтайық.
Балалар  «Сылдырмақ»  әнін  орындайды.
Балалар  сылдырмақ  соғып,  қимыл-қозғалыс  жасайды.
Әсем  қуыршақ  ұйқыдан  оянды.
Ой, балалар, мен  сендердің  көңілді  сылдырмақтарыңның  дыбысынан   оянып  кеттім.
Тәрбиеші:   Әсем  қуыршақ   біз  әрқашан  ерте  тұрып  , жаттығу  жасап , уақытында  тамақтануымыз  керек.
Сұрақ-жауап. (толық  айтуға  дағдыландыру).
Күн  ретілімі  туралы  мультфильм  көрсету.
Тәрбиеші:  Балалар  біздің  Әсем  әлі  ұйықтауға  арналған  киіммен   отыр, ал  біздер
Әдемі  киініп  отырмыз.  Ендеше  Әсем  қуыршаққа  әдемі  көйлек  дайындап  берейік. Алдын-ала    айын  көйлекті  әшекейлеуді  түсіндіру, көрсету.
Триз  әдісі  бойынша  мақталы  таяқшаларды  пайдаланып  салуды  көрсету.
Қызыл  түсті  пайдалануларын  қадағалау, қуыршақ  Әсеммен  бірге  бақылау ( қажет  деп  тапқан  балаларға  көмектесу).
Тәрбиешінің  көрсетуі  бойынша  балалар  жұмыс  жасайды.
Балалардың  жұмыстарын  бағалау, мадақтау.
Қорытынды.
—         Балалар  «күн»  мен  «түнді»  қалай  ажыратамыз?
—         Күн  шыққанда  біз  ұйқыдан  оянамыз, жуынамыз, жаттығу  жасаймыз,  балабақшаға  барамыз.  Күні  бойы  балабақшада  боламыз.
—         Кеш  болғанын  қалай  білеміз?
—         Бізді  кешке  балабақшадан  мама-папамыз  алып  кетеді
—         Ал  түн  болғанын  қайдан  білеміз?
—         Түнде  аспанда  ай  болады,  біз  ұйықтаймыз.
—           Тамаша.  Көңіл  күйіміз  көтеріңкі  Әсем  қуыршақпен  би  билейік.

Дюсембаева Айнаш Аманқызы,
Атырау қаласы,
№32 «Мөлдір» балабақшасының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.