Қуанышбек Ұлжан Оралбекқызы,
Нұр-Сұлтан қаласы,
№70 «Құлыншақ» балабақшасы,
«Ақжелкен» ІІ кіші тобының тәрбиешісі
Мақсаты : Қылқаламды дұрыс ұстай білуді,керек бояуды дұрыс таңдап,штрихтау тәсілі арқылы қуыршаққа арналған бөкебайдың суретін салуды үйрету.Тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Қол икемділіктерін дамыту.
Шаттық шеңбері
Аппақ аппақ жапалақтап
Қар жауады тынбастан
Қалын орманқар жамылған
Маужырайды түнгі аспан
Балалар айтындаршы, қазірқай жыл мезгілі?
Қыстын белгілерін атайықшы?
Аладамдар қалай киінеді?
Дұрыс айтасындар балалар.
Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.
-Айнала қандай?
-Қар қандай?
-Ал мұз ше?
-Ауақандай?
-Терезелерде не бар?
Қысқандай болады? (қарлы,боранды,аязды)
Қыста аулада қай құсты кездестіруге болады?
-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?
(балалардың жауабы)
Қазір қыстың нағыз ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жалтыр қыс деп те атайды сен білесің бе?
Иә, білемін айнала ақ көрпеге оранып, тап-таза күйге енеді.
Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз.
Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?
Жерді қарбасады.Өзенді мұз басады.
Құстар ән салмайды.Ағаштар өспейді.
Жәндіктер тығылып қалады.
Адамдар қалың киінеді.
Ғажайып сәт: Қонаққа қуыршақ Айша келеді. Балалар бізге қонаққа қуыршақ Айшакелді. Қуыршақтың көңіл-күйі жоқ екен. Неліктендеп сұрайықшы? Қуыршақ Айша саған не болды?
Әрине!Далада қыс. Далаға шыққанда біз қалай киінеміз? Қуыршақ Айша жылы киіну білмейді екен балалар, қуыршаққа көмектесеміз бе? Ол үшін мендесиқырлы сандық бар! Бұл не? (құлақшын, биялай, пима, тон) Енді қуыршаққасеруенге киінуге көмектесейік! Біріншіден, нені кигіземіз? – Құлақшын Содан кейін?- Тон Тоннан кейін нені кигіземіз?- Аяғына пима немесе етік. Ең соңғы кигізетініміз ол не- Биялай мен бөкебай.
Бәрекелді! Біз енді бөекбайдың суретін салып берейікші Айшаға қуанып қалсын Бөкебайдың суретін салу реттілігі:
Қуыршақтың киімдеріне балалардың назарын аударып,оларды атап шығуды ұсынады. Бөкебай туралы әңгімелейді,үлгі суретін көрсетеді. Балалардан өздерінің бөкебайының қандай түсті екенін сұрайды.
Сергіту сәті:
Көп отырып,шаршадық
Қозғалуды аңсадық.
Жүгіргіміз келеді.
Әдемілеп ән салып.
Қуыршаққа қарап,киімдерін атап шығады.(құлақшын, биялай, пима, тон)
Үлгі суретті тамашалайды. Бөкебайдың киім екенін түсінеді,үлгі суретті тамашалайды.Өздерінің бөкебайы және түсі туралы айтады. Қимыл-қозғалыстар жасап, бойларын сергітеді. Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.Түсті өздері таңдап, бөкебайды қылқаламен солдан оңға қарай бояйды.Мақалды тыңдап,мағынасын түсініп алады.
Қорытынды:Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырады,мадақтайды. Бүгінгі оқу іс-әрекетінен не туралы білгендерін, ненің реекше естерінде қалғанын сұрап, жақсы қатысқандар үшін мадақтап,оқу іс-әрекетін аяқтайды. Балаларды мақтайды.
Жасаған жұмыстарын көрмеге апарады.