Қуатым — ана тілім
Қазағым, қайда жүрсең біл тіліңді,
Айтады ана тілсіз кім түбіңді?
Қайсы бір қандастарым шүлдірлес
Жүрегім біз сұққанай мың тілінді.
Қуатым — ана тілім ақ сүт берген,
Жан емен, сен бар кезде қаңсып көрген.
Өлеңде топқа түссем, өзіңсің ғой,
Әперген маған орын ашып төрден.
Қалса егер жалғыз сәтке қалғып тілім,
Дей бергін ауа жетпей, қарлықты үнім.
Сен барда терезем тең, еңсем биік,
Қасында тұрсам-дағы қай мықтының!
Ардағым, ана тілім — жан мерейім,
Сен болсаң көш бастауышым келешекке,
Соңынан көзім жазбай, мәңгі ерейін.
Төбемде тұса сенің жанып нұрың,
Демеймін сөз сөйлеуден жалықты ұлың!
Түсінген ардақ тұтқан ана тілім,
Екенін жан сырымның анық мұның !
Рудный қаласы әкімдігінің
«№19 орта мектебі»КММ
8«В» сынып оқушысы