Home » Ашық сабақтар » Қуаттты Қазақстан, қуатты аймақ

Қуаттты Қазақстан, қуатты аймақ

Сабақтың мақсаты: а) Қазақстанның аймағына саяхат жасау арқылы қалаларымен таныстыру, оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.  ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру. б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы плакат, проэктор, компьютер, үнтаспа, кітаптар көрмесі.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі ( музыка орындалады. Барлық оқушылар сахнаға шығады).
  2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Мұғалім: Тыңда жолдас,тыңда дала,тыңда ел! Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар  тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға  сая панамыз – Қазақстан көркем жер!

Аруна: Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме, бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!

Муслим: Қазақстан – бүгін міне, достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін көп ұлтқа төккен жер!

Мұғалім: Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке, байлық пенен ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы, сырға толы менің байтақ мекенім! Бірлікке білек қосылып, жүрекке жүрек тіл қатты, ағайынды адамдай, ұласқан көңіл тым қатты! Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға. Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім, Қазақстан!

— Ендеше бүгінігі біздің «Қуатты Қазақстан, қуатты аймақ» атты ашық сынып сағатымызға қош келдіңіздер. Әнұран орындалады.
Алматы қаласы

Аруна: Жақсы екен ғой Алматым

Алтын тулы астанам.

Осы екен ғой жаннатың

Атам қазақ аңсаған

Муслим: Алматының алмасы

Күннің қызыл түсіндей.

Ұсынғанда алмайсың,

Жүрмін, сәулем, түсінбей.

Аруна: Иә, осы апорт алмасы мен әлемге әйгілі шаһарымызға 1000 жыл толып отыр.

— Осы Алматы қаламыз туралы не білесің?

Муслим: Алматы қаласы Алатаудың етегінде орналасқан. Алматы бізге тәп-тәтті алмаларымен белгілі. Алматыда ірі орталықтар бар, экспонаттар көп. Алматы өте әдемі, сұлу, көркем. Қала көшелері түзу, кең, әрі жарық. Саябақтар мен демалыс үйлері бар. Жазы ыстық емес, қысы жылы.

Аруна: Ия, дұрыс айтасың осындай туған жерімізге жететін қала жоқ шығар сірә. Ендеше  қаламызға арналған «туған ел»  әнін тамашалайық.

(Әжесі шай ішіп отырады немересі мектептен келеді).

Немересі: Әже бүгін біз өзіміздің тұрып жатқан Алматы қаламыз туралы ашық сабақ өттік, Алматының әдемі жерлерімен таныстық. Маған Алматыдан басқа Қазақстанда қала жоқ сияқты көрінеді.

Жоқ, балам олай деме Қазақстанның әрбір аймағындағы қалалар Қазақстанымыздың өсіп өркендеуіне үлкен үлестерін қосып жатыр. Мен саған Қазақстанның қалаларымен таныстырайын.

Тараз қаласы.

Амирхан:

Тақ Тараз. Тарихи қала  жаһандағы,

Түп қазық, туған үйім Отандағы.

Ежелгі замандардың шаңы жұққан,

Шаһарлы шежіремнің қаһарманы!

Асылхан

Берілген ұлылардан бағасы – шың.

Тарихтың салиқалы саласысың.

Киелі, әулиелі, көне Тараз,

Сүюдің, сұлулықтың қаласысың!

Әжесі: Міне, Тараз қаласына да келдік. Жамбыл облысында мал шаруашылығы жақсы дамыған. Шипалы сусынымыз қымызды дайындап Қазақстанның барлық өңірін қамтамасыз етіп отыр. Тараз қаласы тарихи астанамыз. Сонымен қатар, бұл өңірде Қазақстанды әлемге танытқан Жамбыл Жабаев дүниеге келген. Тәуелсіздгіміз үшін жанын құрбан еткен Қайрат Рысқұлбеков ағамыз дүниеге келген (көрініс).

1986-ның 16 желтоқсаны еді. Таңертең сағат 10 да республиканы үздіксіз басқарып келеген Д.А.Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ тағайындалған еді.

«Сол бір күнде» атты Қайраттың өмірінен көрініс

Хатшы: — Кезекші! Қылмыскер Қ.Рысқұлбековті алып келіңдер!

Тергеуші: — Халық жасақшысы Савицкийді өлтірдің бе?

Қайрат: — Жоқ, мен емес.

Тергеуші: — Сен өлтірген. Мойныңа ал.

Қайрат: — Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар.

Хатшы: — Орындарыңыздан тұрыңыздар!

Сот келе жатыр.

Сот: — Қылмыскер Қ.Рысқұлбеков, сіз желтоқсанның 17, 18- күні алаңға бардыңыз ба?

Қайрат: — Иә, бардым. 17 желтоқсан күні.

Сот: — Не мақсатпен.

Қайрат: Ол жерге барған себебім: 1-ден, айтқан, естіген сөздерді өз көзіммен көру үшін бардым. 2-ден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып-соғып жатыр деген соң бардым. Оларды арашалап, қорғау үшін барғаным рас. Сол жерде қаракөз қарындастарыма қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім де рас. Ол үшін өкінбеймін, керісінше, мақтаныш тұтамын.

Сот: — Сен, 9 автомашинаны өртепсің, соны мойындайсың ба?

Қайрат: — Жоқ!  Ондай жалғандықты мойындамаймын.

Хатшы: — Сот кеңесуге кетеді.

Хатшы: — Сот келе жатыр. Тұрыңдар!

Сот: — Қазақстан Республикасының жоғарға соты үкім етеді. Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков халық жасақшысы Савицкийдің өліміне байланысты және 9 автомашинаны өртеп, 152 автомашинаны зақымдап, 326 милиционер мен 196 әскерді жаралап, ауруханаға түсуіне қатысты деп тауып, ату жасазына үкім шығарды.

Қайрат: — Жоқ. Бұл әділдік емес. 21 жасар мені осынша қылмыс жасады деп жала жауып көзімді жойғанмен, ертең ақ пен қараны ажыратар күн туар!

Елім деп еңіреген ерлер аз емес халықта.

Хош, аман бол артымда,

Ағайын-туыс, азамат,

Артымда қалған ата-анам,

Ел жұртым саған аманат!

Анасының зарлы даусы:

— Балам, балапаным! Оның не жазығы бар еді?! Сенбеймін. Ұлым! Қайратым!

(Залдан екі қыз анасын алып кетеді)

Жүргізуші: Президиумның шешімімен 1988 жылдың 28 сәуіріндегі Жарлығымен Қ.Рысқұлбековке кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды. Алайда бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ.

(Сырттан Қайраттың хаты оқылады)

Қайраттың хаты: «Міне өздеріңіз естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғаным жоқ, өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде жүйек тамырым жұқарды. Әбден шаршадым, сол себептен 20 жыл бойы өз-өзімді қинағым келмейді».

Жүргізуші: Қ.Рысқұлбеков 21 мамырда семей түрмесінде 21 камерада қаскөйлікпен қаза болды.

Әжесі: Міне көрдің  бе, қызым, Тәуелсіздігіміз үшін жанын құрбан еткен Қайраттан басқада Сабира, Ләззат, Ербол деген бауырларымыз бар. Соларға арнап 1 минут үнсіздік етейік.

Шымкент  қаласы.

Имран:

  1. Аңсайтын адам басқа емес,

Шымкенттің дәмін аңсасын.

Тоймайсың тіпті жесеңде,

Кәуәптарының баршасын.

Таңдайдан дәмі кетпейді,

Бұл жақтың ішсең сорпасын.

Берекелі елсің осындай,

Қарайтын жұрттар таң қылып.

Түлкібасыңның алмасы,

Салтанат қылар сән құрып.

Төлебиіңнің қымызы-ай,

Апалар баптар бал қылып.

Рауан:

2. Палауы жақсы Сайрамның,

Бөлек қой онда дәмділік.

Сарыағаш суын бір ішсең,

Дертіңнен кетер сау қылып.

Ал Шардараның балығы,

Жадыңда тұрар жаңғырып.

Осындай құтты өлкені,

Айтпаймын қалай ән қылып.

Қайсар:

  1. Өзіңде туған адамдар,

Өлгісі келмес мәңгілік.

Оңтүстік жақта болған соң,

Дейді ғой сені жалпы ыстық.

Ауасы емес бұл жердің,

Қонақжай, дархан халқы ыстық.

Әжесі: Міне, оңтүстік өңіріміздің шырайлы қаласы Шымкентке де келдік. Бұл өңірдің егістігі жақсы дамыған. Қазақстанның барлық өңірін мақтамен, матамен, жіппен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, бұл өңірдің халықтары өте өнерлі. Елімізді бүкіл әлемге танытқан гимнастика өнерінің майталманы Әлия Жүсіпова осы жердің тумасы.

Попурри: Гимнастика.Самбо, Ча Ча Ча

Қызылорда қаласы.

Немересі: Шымкент қаласының халқы расында да өнерлі екен. Әже, қазір қай қалаға келе жатырмыз..

Әжесі: Мына өзенді көрдің бе? Бұл Сырдария өзені, Сыр бойында орналасқан Қызылорда қаласына келе жатырмыз. Бұл қалада ең қымбат мұнай мен ақ алтын күріш өндіріледі. Қазақстанның барлық өңірін күрішпен қамтамасыз етіп отыр.

Ердәулет

Қызылорда қаласы

Болған бір кез астана.

Ал бүгінде құлпырып

Өркен жайған жас қала.

Әлішер

Сұлу сырдың бойында

Жағажай да салынды.

Ми қайнатар ыстықта

Жадыратар жаныңды.
Нұрғиса
Сыр бойында осындай

Сәулетті бір қала бар.

Гүлзар бақта ойнайды

Шат-шадыман балалар. Домбыра күй  тартады.

Әжесі: Ал енді қызым Қазақстанның батыс өңіріне жол тартамыз. Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласы. Бұл өңірде мұнай мен газ өнеркәсібі жоғары деңгейде дамыған. Қазақстанның біраз аймағын газбен қамтамасыз етіп отыр.

  Ақтау қаласы.

Рамазан

Кесірлерден сақтаған

Халықты аман, Ақтау! Ақтау!

Азулы – алып қалам!

Астарында бітпейтін байлық жатыр,

Аспанында шағала қалықтаған!
Абай
Ғажабына жетпейді баға сірә,

Ақтау! Ақтау! Маңғыстау даласын(д)а!

Ақпандағы «Аққуды» көруге кел,

Ақтаудағы теңіздің жағасына!
Арафат
Жүректерге тұратын толтырып ән,

Ақтау! Ақтау! Әуелден – Халқы қыран!

Дара тұрған жағада – АҚТАУға кел,

Жаратылған – Каспийдің толқынынан!!!
Қазақ биі

Астана қаласы.

Еділ

Елорда
Киелі менің Елордам,
Арудай сұлу таранған.
Береке-бірлік, достықтың
Тұнығынан нәр алған.
Айжарқын

Жайнай бер, жаңа Астанам,

Ертегідей ғажап бас қалам.
Ынтымақтың тербеп бесігін,
Тәуелсіз ел көшін бастаған.
Ерамир

Ей, Астана!
Сен деген туған елдің жүрегісің,
Өзінен бастау алар өрелі ісім.
Шаһарлар толып жатыр, бірақ та сен,
Бәрінен бірегейі, бөлегісің.
Әжесі: — Бұл біздің жас қаламыз, бас қаламыз – Астана қаласы. Астананы қанша араласаң да, сұлулығына көз тоймады. Қазақстанда осындай көркем қалалар көп болсын. Қазақстанның әрбір өңіріндегі қалаларын мақтан тұтып жүрейік. Қазақстанымыз,  қазақ елі көркейіп, жасай берсін.

Қазақстаным

Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Гүл дала – Қазақстаным.

Сен менің шұғылаға толған даламсың,

Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың.

Бабамның көздерінің қарашығы ең,

Баламның бақытына да қорған боларсың.

Жан дала – Қазақстаным.

Керемет өріледі гүл өңірде өлең,

Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген.

Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,

Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.

Кең дала – Қазақстаным.

Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,

Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.

Халқым маған сенеді әлсіз демей,

Өйткені мен, туған жер, саған сенемін.

Жасай бер, Қазақстаным.
 «Қазақ елі осындай» әні

Муслим: Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын!

Аруна: Еліміздің әрбір аймағы қуаттана берсін!

Мұғалім: Қуатты Қазақстан жасай берсін.

 

Алматы қаласы

Бостандық ауданы

146 мектеп-лицей  КММ

А.Ә. Тағыбаева

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.