Мақсаты: электронды билет сатудың аясын арттыру және жемқорлыққа жол бермеу.
Электронды сату каналдары мен сату әдістерін дамытуға бағытталған жол жүру құжаттарын сату процесінің трансформациясы аясында 2014 жылы электронды құжат рәсімдеу технологиясы енгізілді. Бұл технология өзіне-өзі қызмет көрсету режимінде интернет-ресурстары және өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы билет сатып алуға және кассаға бармай-ақ сол билетпен пойызға отыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда жол жүру құжаттарын мынадай тәсілдермен рәсімдеуге болады:
1.Жолаушылар тасымалын басқаруды ұйымдастыру «Экспресс-3» ақпараттық біріңғай жүйесіне қосылған дәстүрлі билет кассалары арқылы 7 Оның сату процесіндегі үлесі 86% құрайды;
- Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары және автоматтары арқылы. Сату процесіндегі үлесі — 8,3% құрайды;
- Фискалды билет кассалары арқылы. Үлесі- 1,8%;
- Интернет сайттары арқылы 3,9%.
Жылдық сату көлемі – 20 млн. билетті құрайды.
Электронды билеттерді сату процесінің трансформациясы 2016-2017 ж.ж. арналған мақсатты схемасына сәйкес жалпы билет сату үлесінің 48%-ы фискалды билет кассалырына тиесілі болады. Одан кейін 24 және 26% билет сату автоматтары мен интернет ресурстары үлесіне тиесілі болады деп жоспарлануда. Ал дәстүрлі билет кассалары арқылы алыс шетел елдеріне қатынайтын пойыздарға ғана билет сатылады және оның үлесі 2% құрайды деп болжануда. Жылдық сату көлемі – 22 млн. Билетті құрайды деп болжануда.
2010-шы жылдан бастап электронды билеттерді рәсімдеу транзакциялар көлемінің динамикасына көз салар болсақ жыл сайынғы билет транзакцияларының өсу процесін көруге болады.
Қортынды: электронды билет сату технологиясы «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардың ыңғайлылықтары үшін сервистің бір түрі ретінде және болашақта жемқорлық мәселесін шешуге пайдасын тигізер үлкен жобалардың бірі болатыны сөзсіз.
М.Тынышпаев атындағы
Ақмола колледжі
ТҰ-25-2 тобының студенті:
А.Н. Маркенова
Жетекшісі: Э.А. Есенова