Home » Мақалалар » Қоғам қажеттілігіне сай ұрпақ тәрбиелеу – ұстаздардың еңбегінің жемісі  

Қоғам қажеттілігіне сай ұрпақ тәрбиелеу – ұстаздардың еңбегінің жемісі  

Шымкент қаласы №27 «Мәртөбе» жалпы орта мектебінің  педагогикалық ұжымы –Қазақстан Республикасының Білім беру Заңдарының талаптарын жүзеге асыру мақсатында жұмыс атқарып келеді.

Мектеп ғимаратының 1978 жылы іргетасы қаланған. 2016-2017 оқу жылына дейін    320 орындық мектептің ғимаратында 900-ден аса оқушы үш ауысымда білім алып келген. Осы ғимарат қалалық білім бөлімінің тапсырысымен «Бейімді құрылыс»  ЖШС-ның төрағасы Б.Дүйсенов 76 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмысын жүргізді.

2015-2016 оқу жылы жаңа мектеп құрылысын «Бек» ЖШС-ның Президенті Ш.Ахметов 537 миллион теңгеге 300 орындық қосымша құрылыс салғызды.

№27 «Мәртөбе» жалпы орта мектебі 2004 жылы Сайрам ауданынан Шымкент қалалық білім бөлімінің қарамағына өтті. Жоғарыда айтылған жаңа құрылыс пен күрделі жөндеу жұмыстары қала бюджетінің арқасында қол жеткізілді.

«Елбасымыздың -100 мектеп» бағдарламасы аясында заманауи үлгіге сай салынған жаңа қосымша құрылыс 2017-2018 оқу жылында қолданысқа беріліп, мектеп ұжымы мен оқушыларды және ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі.

Мектеп қашан да оқу –тәрбиенің орталығы. Мектепке 2015 жылдан бастап басшылық жасаған Танеев Бегман Туленбекович Білім және ғылым саласы көтерген қазіргі таңдағы күрделі мәселелердің бірі жаңа мектеп соғылуына өз үлесін қосты. Қазіргі таңда мектебіміз заманауи деңгейде жабдықталған, оқушылардың терең білім алуына барынша жағдай жасалған.

Мектеп басшысы уақыт талабына сай жаңашыл үрдісте басқарып, білім беру мен тәрбие жұмысын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде ұйымдастырып, ұжым алдына міндет қоя білді.

Осы ретте Бегман Туленбекович басқаратын ұжымның директор орынбасарларының еңбектерін де ерекше атап өткеніміз жөн. Оқу ісінің меңгерушілері: Г.К.Абитаева- түрлі ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық жұмыспен айналысса; Ж.А.Жайлаубаева-жаңартылған білім мазмұны бойынша критериалды бағалаудың қыр-сырын меңгертті; Т.А.Сейдинова- бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасын қаласа; тәрбие ісінің меңгерушілері М.М.Қуанбева мен С.К.Ибишев-мектептің ішкі және сыртқы тәртібін  үздіксіз бақылап отырды. Ұстаз болу әрі бақыт, әрі абырой. Ұстаз – ұрпақ тәрбиелеп өсіруші, қоғам сенген адам. Осы қағиданы ұстанған мектебіміздің әрбір ұстаздарының шәкірт тәрбиелеуде  еңбектері орасан зор.

Мектебімізде халықаралық, республикалық, облыс, қала деңгейіндегі байқаулардың жеңімпаздарын дайындап, нәтижелі жетістіктерге қол жеткізген ұстаздарымыз өте көп. Атап айтсақ қалалық пән олимпиадасынан орыс тілі пәні мұғалімі Н. Муриенко ІІ орынды, қазақ тілі пәні мұғалімі К.Т.Сагындыкова ІІІ орынды иеленді.                                      Оқушылардыңжетістіктеріне  тоқталсақ, Халықаралық деңгейде жеңімпаз спорт өнерімен танымал 11б-сынып оқушысы Азизова Камила 2018жылы 30 мамыр мен 4 маусым аралығында Ресейдің Анапа қаласында өткен тайквандодан әлем чемпионы атанып, мектебіміздің мерейін үстем етті.

Технология пәнінен  Халықаралық  Педагогика және Инновациялық Технологиялар Ғылым Академиясының ұйымдастыруымен өткен байқауға  5 «Г» сынып оқушысы Испаева Жасмина және 5 «Б» сынып оқушысы Эгамберганова Севинч қатысып, «Академия жұлдызы» медалімен марапатталды. Бастауыш  сыныптар арасынан 21 оқушы Қ.Р Астана қаласы «Бастауыш білім» олимпиадасына  қатысып 11 оқушысы І орын, 6 оқушы ІІ орын, 4 оқушы ІІІ орын алды.

«Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» — деп Елбасымыз айтқандай;  Облыстық «Алтын Қыран» үш тілде өткен зияткерлік байқауына 2-11 сынып оқушылары арасынан 72 оқушы қатысып, 2 оқушы Асимова Айша 2в-сынып оқушысы және Құрбанәлі Бақдәулет 7а-сынып оқушысы І орын және «Алтын Қыран»  төсбелгісімен 18 оқушы жүлделі ІІ,ІІІ орындарға ие болды.   Орыс тілі пәнінен 53 оқушы   «Русский медвежонок» байқауына қатысып, жүлделі  ІІ,ІІІ орындарға ие болды.«Самұрық» математикалық – зияткерлік сайысына 40 оқушы қатысып, соның ішінде 5-11 сыныптар арасында 4 оқушы жүлделі орын алды. Тарих пәнінен «Алтын ұрпақ» зияткерлік  олимпиадасына  56  оқушы қатысып,   5б-сынып оқушысы Бадалова Моника І орын және «Алтын ұрпақ»  төсбелгісімен 8 оқушы ІІ,ІІІ орындарға ие болды.

Республикалық деңгейде өтілген «Алтын күз» байқауына бейнелеу, технология пәндерінен 20 оқушы өз қөлөнерлерін сурет салу арқылы дәлелдесе; қазақ тілі пәнінен    20 оқушы эссе жазып, өздерінің шығармашылығын көрсетті. Қатысқан барлық оқушы жүлделі орындарға ие болды. Бас жүлдені 5а-сынып оқушысы 5б-сынып оқушысы    Шерім Фархад және Гафурова Сарбиназ иеленді.

Қалалық қазақ тілі пән олимпиадасынан 8в-сынып оқушысы Мыралиева Гульназа,         9а-сынып оқушысы Амантай Мерей ІІ орынды иеленді.

Мектепте әрбір мұғалімнің ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық жұмыспен айналысуына, жаңа педагогикалық инновацияларды меңгеруіне және енгізуіне толық жағдай жасалған. 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша үздік педагог байқауының жеңімпазы- Пазаева Зейнеп, үздік жас маман- Аппакова Гүлшат, үздік спортшы-Азизова Камила, үздік оқушы-Халаева Наргиля, үздік күнделік- Сайлау Ақтолқын, үздік оқырман-Сайфуллаева Эльнура, Эрудит оқушы-Сәдуақасов Сұлтанбек, белсенді оқушы — Мыралиева Гульназа, үздік сынып жетекші — Светлана Шиловская және үздік сынып номинациясын иеленді. Мектепте оқу-тәрбие істері бір ізге қойылып, жоспар бойынша үздіксіз жүргізіліп отырады. Мектебімізде іс-тәжірибесін талқылап, шеберлігін ортаға салып отыратын тәжірибелі ұстаздардың көптігі қуантады.                                                                                                                                                                                                   «Кітап — білім бұлағы» демекші, мектеп кітапханасының да атқарған қызметі үлкен. Кітапхана меңгерушілері М. Ахметова мен А.Ергешова ұстаз бен шәкірт арасындағы өзара қамқорлық, сыйластық сезімін орнатып, балаларды кітап оқуға қызықтырып, білім мен біліктерін шыңдауда өз үлестерін қосып келеді. Оқушыларға жақсы тәрбие мен терең білім беру үлкен ерлік. Себебі біз тәрбиелеген ұрпақ ертеңгі күнгі еліміздің тірегі болмақ. Тәуелсіздіктің тұғырын, еліміздің тыныштығын сақтап қалатын да солар. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында», — демекші, еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздардың еңбегінің жемісі.

 

Байбосынова Жанар Шынарбекқызы

Шымкент қаласы

№27 «Мәртөбе» жалпы орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.