Ақтау қаласында 2017 жылғы 24-29 наурыз аралығында өткізілген қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға 586 оқушы қатысты.
Павлодар облысының намысын облыстық пән олимпиадасының 35 жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен құралған команда қорғады. Зияткерлік жарыста павлодарлық оқушылар өздерін жоғары мәртебеде көрсетіп, 23 медальға ие болды, оның ішінде 2 алтын, 9 күміс, 12 қола. Жеті оқушы «Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамоталарымен марапатталды. Облыс командасы І орынға ие болып, «Ең үздік олимпиадалық команда – 2017» атанды.
Жеңіске қол жеткізген оқушыларымыз:
I орын иегерлері - «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы Калиева Азиза (қазақ мектебіндегі орыс тілі, мұғалімі Куставлетова Айгуль Баяновна); облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Қайыргелді Данияр (Қазақстан тарихы, мұғалімі Бичинева Татьяна Юрьевна).
II орын иегерлері - дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 11 сынып оқушылары Кива Мария (орыс тілі мен әдебиеті, мұғалімі Валова Мария Валериевна), Пазылов Темирлан (француз тілі, мұғалімі Батаева Кымбат Канашевна); «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10 сынып оқушысы Жакенова Жамал (қазақ мектебіндегі орыс тілі, мұғалімі Куставлетова Айгуль Баяновна); дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Муратова Айдана (ағылшын тілі, мұғалімі Якутович Юлия Сергеевна); дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Сатыбаев Данияр (Қазақстан тарихы, мұғалімі Исабаева Зарина Нурлановна); Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Смайлова Гульден (құқық негіздері, мұғалімі Каримжан Жарылғап Толепбергенұлы); Павлодар қаласы №35 жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Тлектесова Асия (қазақ мектебіндегі орыс тілі, мұғалімі Аубакирова Манат Камельевна); Павлодар қаласы «Стикс» бейіндік бағыттағы мектебінің 11 сынып оқушысы Кан Полина (неміс тілі, мұғалімі Мокроусова Татьяна Рафкатовна); Екібастуз қаласы С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінің 11 сынып оқушысы Тлепберген Дана (қазақ тілі мен әдебиеті, мұғалімі Сеитова Гүлбаршын Архалыковна).
III орын иегерлері облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10 сынып оқушылары Жалелова Адила (қазақ тілі мен әдебиеті, мұғалімі Камзанова Гульнар Екпиновна), Ауталипов Нияз (құқық негіздері, мұғалімі Бичинева Татьяна Юрьевна), Педченко Полина (орыс мектебіндегі қазақ тілі, мұғалімі Аманжолова Амина Аманжоловна); дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 11 және 10 сынып оқушылары Разиков Шерали (орыс мектебіндегі қазақ тілі, мұғалімі Слямбекова Карлыгаш Сайлаубековна), Юсупова Аяна (неміс тілі, мұғалімі Байгужинова Галия Темирхановна); «Зерде» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы Жансултанова Ақбота (Қазақстан тарихы, мұғалімі Жантемирова Рыстыгүл Баттаховна); дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Аманбаева Дина (құқық негіздері, мұғалімі Секенова Макпал Жанатаевна); дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Дубинина Екатерина (ағылшын тілі, мұғалімі Васильева Татьяна Владимировна); Павлодар қаласы №39 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Адильсеитова Айдана (неміс тілі, мұғалімі Мокроусова Татьяна Рафкатовна); «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10 сынып оқушысы Мухаметжанова Аружан (француз тілі, мұғалімі Петрова Валентина Михайловна); Павлодар қаласы «Стикс» бейіндік бағыттағы мектебінің 11 сынып оқушысы Протасов Богдан (француз тілі, мұғалімі Сигакова Татьяна Григорьевна); Екібастуз қаласы №6 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Кубеева Лунара (Қазақстан тарихы, мұғалімі Нуркенов Қазтай Жангабылович).