Home » Ашық сабақтар » Қоянның үйшігі

Қоянның үйшігі

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Драма»

Топ: ересек

Мақсаты: Әр түрлі театрлар арқылы балаға ертегіні әңгімелеуге үйрету. Ұсақ қол моторикаларын дамыту, сөздік қорларын байыту. Әсемдікке, сұлулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:

Көрініс арқылы көрсету.

Саусақ театры арқылы «Қоянның үйшігін» ертегісін әңгімелеу, сахналау.

Диірмен, қамшы, бүрме театрлары арқылы ертегіні сахналау.

Көрнекі- құралдар: Саусақ, диірмен, қамшы, бүрме театрлары, ертегі кейіпкерлерінің суреттері. Кескінделген бөлшектер.

Билингвалды компонент: түлкі-лиса-fox, әтеш-петух, қасқыр-волк, қоян-заяц, аю-медведь, ит-собака, т.б.

Сөздік жұмыс: қу айлакер-алдап кету, быт-шыт – түк жоқ, шалғы – шөп шабатын құрал.

Сабақтың барысы:

Балалар шеңберге тұрып, амандасып, бір-бірінің қолдарынан ұстап тұрып:

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы күн.

Бәріміз күндей жарқырай,

Бәріміз дос болайық.

  • Балалар, бүгін біз театрға барамыз. Театрға бармас бұрын, біз театрға кассадан билеттер сатып алуымыз керек.

Билеттерде әрқайсысының орындары жазылған. Билетке қарап балалар орындарына жайғасып отырады.

  1. Саусақ театры арқылы тәрбиеші «Қоянның үйшігі» ертегісін сахналап, айтып береді.

Қане, бәріміз отырамыз, ертегі тыңдаймыз.

Балалар ертегі тыңдап болған соң екі орталыққа бөлінеді.

Сол тыңдаған ертегілерін тәрбиешінің көмегімен рөлдерге бөлініп орталықтарда сахналайды.

  • Балалар, рөлдерге бөлінбес бұрын ертегіде кездесетін кейіпкерлердің мінезін, қимылдарын есімізге түсірейік.
  • Түлкі ертегіде қандай? Ол қалай сөйлейді?
  • Түлкі қу, айлакер, майысып сөйлейді.
  • Қоян ше?
  • Қоян қорқақ, әсіресе түлкі үйшігін алып қойғанда дауысы ақырын, жыламсыраған.
  • Ал әтеш ше?
  • Әтештің дауысы қатты, әсіресе түлкіні үйшіктен шығарғанда. Бірінші топ: Диірмен театры арқылы сахналайды. Екінші топ: Қамшы театры арқылы сахналайды.  Қорытынды.
  • Ауысқан топ «Бүрме» театры арқылы ертегіні қорытындылайды. Өз пікірлерімен бөліседі, сұрақтарға жауап береді.
  • Балалар орталықтармен ауысады.    
  • Суреттермен бейнеленген әр қамшы әр баланың қолында болады. Балалар кейіпкерлердің бейнесін, мәнерлі интонацияны өздігінен жасауға тырысып ертегіні сахналайды.
  • Диірменді айналдыра отырып ертегінің реттілігі де сақталады және қай балаға диірменнің белгісі келсе сол бала сол кейіпкердің сөздерін айтып, мәнерлілік құралдарының сипатын бейнелей отырып, қимылдарды музыкамен сәйкестендіреді.

Кулян Шапиева,

№6 сәбилер бақшасының тәрбиешісі,

Павлодар қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.