Home » Балабақша » ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!

Жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Наурыз тойы басталды,

Көрген де арманда, көрмеген де арманда,

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Жүргізуші: Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып,

Жадырасып бәріміз.

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды!

(Көңілді музыка ойналады. Гүлдермен бірге шаттық биін билеп Наурыз қыз шығады билейді)

Жүргізуші: Наурыз келсе құт келгені, халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел болып қарсы алайық!

(Наурыз қыздары шашу шашады Айналайын, Достар, «Қарлығаш»  тобының  қыздары)

Жүргізуші: Күн мен түн теңелді.

Жер шуаққа кенелді,

Қуанышта ел енді.

Наурыз келді , салтымыз,

«Көгерсін» деп халқымыз,

Көшеге тал егеді.

Күн: Сәулесі мол Күннмін.

Түн: Жұлдызы көп Түнмін.

Бірге: Бүгін біздер бірдей боп,

Теңелеміз біз бүгін.

Түн: Ал ертең күн ұзақ

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Бірге: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек шырақ

Жүргізуші: Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетімен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын ниетімен Қызыр баба келеді. Қәне қол соғып қарсы алайық.

Жүргізуші: Армысыз, Ата!

Қызыр баба: Армысыңдар балалар!

«Батамен ел көгерер,

Жаңбырмен жер көгерер» демекші:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң

Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын.

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин!

Жүргізуші: Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

Әже: Ау аталар, аналар

Айналайын, бабалар!

Жеп ішсін деп тамсанып,

Жеті түрлі дәм салып,

Наурыз көже пісірдім,

Тойға қазан түсірдім.

Құйдым алтын табаққа

Құлшыныңдар тамаққа.

Бал көжеден татыңдар

Бар қызыққа батыңдар!

Көжеге жас-кәріңді,

Шақырамын бәріңді!    (Наурыз көжені тартады)

Жүргізуші: Наурыз тойдың межесі,

Әжеміздің көжесі.

Қане ішіп, тойыңдар!

Одан кейін ойын, өлең,

Күлкі, би де бар!

Жүргізуші: Ортаға «Айналайын» тобының орындауында  «Қара жорға» биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Ал, қазір балалар  қазақтың  ұлттық ойыны «Теңге алуды ойнаймыз».

Жүргізуші: «Достар» тобының орындауында «Ах, как весело живется» өлеңі.

Жүргізуші: Ойын «Қыз қуу».

Жүргізуші: «Қарлығаш» тобының орындауында «Арқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші: Құрметті көрермендер, тойымыздың жалғасын өз ауылдарымызда жалғастырамыз.

 

«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің» МКҚК

   «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі

Кубекова Анар Мухамбеткалиевна

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.