Home » Балабақша » Қош келдің, әз-Наурыз

Қош келдің, әз-Наурыз

(зияткерлік сайыс)

Мақсаты: Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт — дәстүрін, әдеп — ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.
      Құрылымы: Ойынға 6 баладан құралған 2 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны — 12. Ойын 8 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қорытындысы бойынша сақиналармен пирамида құрайды. Барлық айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады
 Жүргізуші: Наурыз тойы-көңіл тойы,көктем тойы

Жақсылық бола берсін өмір бойы.

Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін,

Елдегі бақыт, байлық, бақ көбейсін.

Наурыз құтты болсын ағаларға

Наурыз құтты болсын аналарға.

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи

Наурыз құтты болсын баршамызға!

Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

Бүгінгі «Қош келдің, әз-Наурыз» атты зияткерлік сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

        Жүргізуші:  Көңіл қойып қараңыз,

Жалындап тұр ғой баламыз.

Жарыссын қане екі топ,

Қол соғып қарсы аламыз!

1-топ: «Алғырлар»

  2-топ: «Тапқырлар»
Жүргізуші:
Гүл көңілдер қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой әне, үніңнен.

Көпшілікке таныстыршы өзіңде.

    1-топ: «Алғырлар»

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Сабақты да жақсы оқып,

Кілең бестік аламыз.

   2-топ: «Тапқырлар»

Біз әдепті баламыз,

Оттай болып жанамыз.

Сұрақ қойса ойланып,

Дұрыс жауап табамыз.

Топ мүшелерін орындарына отыруға шақырамыз

Бүгінгі ойынымыз өте ерекше. Өйткені біз командамен жұмыс істеуіміз керек. Ережелерді естен шығармайық.
Командалар орындарына отырады. Ойын шартын тыңдайды. Біздің ойыны-мыз тапсырмалар мен сұрақтардан тұрады. Сұрақтарды мұқият тыңдап топ-пен ақылдасып жауап беру керек. Әрбір жауапқа әр команда пирамидалық жетістікке жеткізетін «Сәттілік сақинасын»  алады. Қай топтың пирамидасы биік болса сол команда жеңіске жетеді.
Жауап дайын болған кезде белгі береді. Жылдам жауап берген топ ұпай алады. Бүгінгі сайысымыз 8 кезеңнен тұрады.

  1. Білгенге маржан
  2. Сұрақ жауап
  3. Мақал-мәтелді жалғастыр
  4. Санды табу
  5. Сөз ойла, тез ойла
  6. Артығын тап
  7. Салт-дәстүр
  8. Қорытындылау, марапаттау

    Бірінші айналымның аты – «Білгенге маржан».Бірінші айналымда топ-тарға туыстық атулар аясында әзірленген 6 сұрақ қойылады. Топ дұрыс жауапқа сәттілік сақинасын алады.
Сұрақтар:

Нағашы әже деген кім?
Нағашы ата деген кім?
Жиен деген кім?
Бөле деген кім?
Немере деп кімді атайды?
Жеңге деп кімдерді айтамыз?
Екінші кезеңнің аты – «Сұрақ-жауап»

Сұрақтар:

   1-топ:
1. Ерулік беру дегенді қалай түсінесіз?
Ерулік — басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерден бұрыннан тұратындар ерулік береді, қонақ шақырады.
2. Құдайы қонақ дегеніміз не?
Құдайы қонақ дегеніміз — бейтаныс, шалғай ел, алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ. Олар нағыз сауабы тиетін қонақ.
3. Мәйек дегеніміз не?
Мәйек дегеніміз — жас қозының ұлтабары. Оны ірімшікті ұйыту үшін пайдаланады.

  1. Қымызмұрындық дегеніміз не?
    Қымызмұрындық дегеніміз — бұл жаз тойы, мамыр айынан басталып, маусым айына дейін созылатын үлкен той. Осы күні биелер желіге байланып ағайын жекжат бірігіп қымызға шақырады.
    5. Тоқымқағар дегеніміз не?
    Тоқымқағар дегеніміз — жас жігіт алғашқы сапарға шыққанда оның ата — анасы тоқымқағар жасап, мал сойылып, үлкен кішіні шақырып қонақ етеді.
    6. Ең көп сақталатын ұлттық тағам?
    Ең көп сақталатын ұлттық тағам – құрт

   2-топ:
7. Бастаңғы дегеніміз не?
Бастаңғы дегеніміз — үлкендер жоқ кезде үйде қалған жастар жиналып достарына тамақ береді.
8. Соғым сойғанда алыстағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде?
Соғым сойғанда алыстағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде — ол сыбаға.
9. Арнайы қонақ дегеніміз не?
Арнайы қонақ дегеніміз — алыстан әдейі іздеп келген тума — туыстар, жолдастар. Бұлар нағыз сыйлы, сағына күткен қонақтар.
10. Үш арсызды ата?
Үш арсыз — тамақ, ұйқы, күлкі.
11. Жеті жоқты ата?
Жеті жоқ —
аспанда — тіреуіш жоқ
жерде — өлшеуіш жоқ
аққуда — сүт жоқ
жылқыда — өт жоқ
тасбақа да — талақ жоқ
таста — тамыр жоқ
балықта тіл жоқ
12. Беташар дегеніміз не?
Беташар дегеніміз — жаңа түскен келіннің бетін ашу.

    Үшінші кезең: Мақал — мәтелдерді жалғастыру

   1-топ:
1. Жері байдың -……….
2. Өнер алды -………..
3. Айдағаны бес ешкі -……….

     2-топ:

1.Еңбек түбі-………….

  1. Жүз сомың болғанша-…………..
  2. Би болмасаң да-…………..

Жауаптары:

1.Жері байдың-елі бай

2.Өнер алды-қызыл тіл

3.Айдағаны бес ешкі-ысқырығы жер жарады.

4.Еңбек түбі береке

5.Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.

6.Би болмасаң да-би түсетін үй бол.

   Төртінші кезең:  «Санды тап»

Бесінші кезең:  «Сөз ойла, тез ойла»
     «А» және «Т» дыбысына байланысты сөздер ойлап табады.

Алма, алша,ай, ата, ана, айна, адам, аяқ, аспан,айран, ара, ас, ар, арман.

Тал, тарақ, тамақ, терек, тас, таяқ, темір, теңіз, тай, тон, той.

   Алтыншы кезең: «Төртінші артықты тап»
Жетінші кезең «Салт дәстүр»

Салт — дәстүрім жарасса,
Қайта түлеп жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша — деп келесі кезекті салт — дәстүрді дәріптеу.

а. Наурыз мейрамы жайлы не білесіңдер?
ә. Бесік деген не?
    1. Наурыз – жыл басы. Шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні, яғни бір тәуліктегі күн мен түннің ұзақтығы бірдей болған күні тойланады. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.

2. Бесік жабдықтары бесік, көрпе, жастық, шүмек, түбек
Бесік ырымдары болады.
Бесікті аттауға болмайды, оны ашық тастауға болмайды, сатуға болмайды.

Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!- дей келе келесі кезекті әділ қазы мүшелеріне берейік.

Қорытынды
Барлық кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып жеңімпаз анықталады. Жүргізуші топтарды марапаттап, мақтау қағаздарын табыстайды Құрметті балалар, міне бүгін сендердің мынадай талапты, салт — дәстүрімізді жалғастырушысы екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!- деп қорытындыланады.

Иманбекова Жазира Ораловна

Алматы қаласы, Алатау ауданы,

«№164 бөбекжай-балабақшасы»

I- Санатты тәрбиеші

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.