Home » Мақалалар » Қош келдің, әз Наурыз!

Қош келдің, әз Наурыз!

Табиғаттың жасарып, бой түзейтін шағы – Ұлыстың ұлы күнінің қазақ халқы үшін жолы мен жөні бөлек. Ата-бабамыз сан ғасырлар бойы тойлап келген көктем мезгілінің ерекше мерекесін Жамбыл облысындағы Тараз қаласының №56 орта мектебінің ұстаздары, оқушылары әрі ата-аналары сән-салтанатты, берекелі ақ дастарханымен, ән-жырымен қарсы алды.

Аталған мекемеде мектепке дейінгі даярлық тобының 0 «А» сыныбының мұғалімі Анарбай Гүлзипа Құрманбекқызы мен ата-аналардың ұйымдастыруымен оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі «Наурыз мейрамы» жөнінде түсінік беріліп, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы шынайылыққа, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейтін ән-жырлар мен мақал-мәтелдер айтылып, әдемі өлең шумақтар оқылды.
Бүлдіршіндер ұлттық би билеуден де кенде емес. Қазақ ұлтының әдемі қызыл-сары түсті оюланған көйлектері мен тақиялары, киіз үй жабдықтарының көрнекіліктері және ұлттық тағам «наурыз көже» көпшіліктің көкейінен шықты.

Қорыта айтсақ, «Қош келдің, әз Наурыз!» атты ұлттық мерекеде қазақтың қара домалақ бүлдіршіндері Сыздықбай Алдияр, Байдулла Арнұр, Ердосқызы Аружан, Қали Ернұр, Ережеп Дастан, Сәрсенғали Жансая, Дүйсен Әлия, Бекбосын Аягөз, Рахманбек Жан және Байрамұлы Нұрлыбек өз өнерлерімен ата-аналар мен мұғалімдерді тәнті етті.

                                                                              

 

Жансая Құрманғалиқызы,
Тараз қаласы,
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.