Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін тойлап өтті.
Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп,ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі,өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Таң атпай Зияткерлік мектепте мерекелік көңіл-күй байқалды. Мектеп әкімшілігі, оқушылары және ұжымы ұлттық киім мен әшекейлерін киіп, бір-біріне тілек айтып «Наурыз» мерекесін қарсы алуға барынша дайындалды.
Мектеп дәстүрі бойынша мерекелік концерт ұйымдастырылды, ал спорт зал уақытша нағыз қазақша ауыл үлгісіне айналды. Онда үзілістер аралығында ұлттық ойындар орын алды.
Мерекелік концертте оқушылар мен мектеп мұғалімдердің қатысуымен ұлттық салт-дәстүрлерінен үзінділер көрсетілді. Оның ішінде «Тұсау кесу», «Бесікке салу», «Қыз Ұзату», «Көкпар» және тағы басқалар болды.
Бүгінгі таңда «Наурыз мейрамы» халық үшін көктемнің бірыңғай бірлік пен еңбек мерекесі болып саналады. Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттар үшін бұл мейрам өте маңызды, өйткені ол өзінің дәстүрлі бағалы маңынасын жоғалтпаған. Сол себептен халық бұл мейрамды жыл сайын асыға күтіп, бір ай көлемінде тойлап өтеді.