Home » Ашық сабақтар » Қош келдің, Жаңа жыл! Касенова Алина Сериковна

Қош келдің, Жаңа жыл! Касенова Алина Сериковна

(Үнтаспадан Хабарландыру айтылады).

Тәрбиеші:    Сәлем бар адамдарға, аяулы аналарға,

Ардақты ұл қыздарға, бүлдіршін балаларға.

Жарқырап жастар әні,

Болсын той маскарады.

«Балалар залға музыка сүйемелдеуімен кіреді».

Ән: «Кішкентай шарша»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Әнді жақсы айттыңдар. Бүгінгі біздің «Қош келдің, ЖАҢА ЖЫЛ!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәрбиеші: Балалар, сендер ертегіге сенесіңдер ме?

Балалар: ЖОҚ.

Тәрбиеші: Қазіргі заманда ертегі жоқ деп ойлайсыңдар ма?

Балалар: ЖОҚ.

Тәрбиеші: Аяз атаға сенесіңдер ме?

Балалар: Иә.

Осы кезде жарық сөніп, айнаның сынған дауысы естіледі.

Тәрбиеші жерден айнаның сынығын тауып алады.

Тәрбиеші: Ой, балалар, қараңдаршы, мына айна қайдан шықты? Бұл «Қар ханшайымының» айнасы ғой. Ол сұлулықты сүйкімсіз етіп, жарықты қараңғы қылып тастайды ғой…

Осы кезде «Қар Ханшайымы» кіріп келеді.

Қар Ханшасы: Мен «Қар Ханшайымымын». Мен қарды, суықты, аязды, мұзды жақсы көремін. Мен тек солармен доспын. Ал, сендердің мерекелеріңе келетін болсақ, сендерге жаңа жыл келмейді. Бұл жер мәңгілікке суық болады. Далада аязды дауыл соғып тұр. Біздің суық мұздарымыз билеп жүр.

Мұздар биі: (Т.Айзере, Д.Медина, Нұрай, С.Айзере, А.Медина, Каусар, Інжу, Әдемі).

Тақпақ:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып, бет домбығып,

Барлық адам мұздайды.

Қар Ханшасы: Сендер ертегілерді күтіп отырмысыңдар? Балалар, мен ертегілерді теріс айналдырып, мына шыршаны сөндіріп тастаймын.

Шырша сөнеді.

Тәрбиеші: Ой, шыршамыз сөніп қалды. Балалар, жаңа жыл мерекесін күтіп отыр ғой. Біздің ертегілеріміз, адасып, шатасып, теріс айналып кеткен сияқты….

Осы кезде Қызыл телпек қасқырмен кіріп келеді.

Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мені таныдыңдар ма? Мен Қызыл телпекпін, менің анам әжеме бауырсақ пісіріп, маған апарып бер деді. Бірақ, бауырсақты мен өзім жеймін.

Қасқыр алдынан шығып: Ой, Қызыл телпек қандай әдемі сұлусың, неткен кереметсің!!!

Қызыл телпек: Маған дәл сен керексің, мен сені байлап, өзіммен алып кетемін. Тоқта деймін саған», – деп қасқырды қуып кетеді. Қасқыр қашады.

Қасқыр: – Ойбаай, құтқарыңдар, көмектесіңдер….

Би: «Жеті лақ»

Жеті лақ Тақпақ: Қасқырды ортаға алып, қорқытады, тебеді.

Біз лақтармыз, лақтармыз,

Қасқырдан біз қорықпаймыз.

Мүйізімізбен сүземіз,

Аяқпен біз тебеміз.

Біз бәрінен де мықтымыз,

Ал, мынау біздің алғашқы табысымыз.

Қасқырды ұстаңдар, ұстаңдар!

(Қасқырды тағы қуып кетеді.)

Қасқыр қашып келіп: Бүгін өзі не болып кетті? Қызыл телпекті де, лақтарды да жемедім. Менің қарным ашып кетті.

Осы кезде «Үш торай» биі басталады.

Би:«Үш торай»

Күшті торай болуға әрқашан да дайынбыз,

Қасқырдан біз қорықпаймыз!

Ә, қасқыр ұсталдың ба,

Біз сені жануарлар бағына апарып тастаймыз!

Қасқыр: Қасқыр қорқып қашады, Құтқарыңдар, Көмектесіңдер…

Қашып келіп:

— Менің бүгін жолым бір болмады. Лақтар менің терімді жұлып тастаймыз дейді, торайлар болса жануарлар бағына апарып қамаймыз дейді. Жоқ, мен оңайлықпен жеңілмеймін.

— Әне менің тағы бір танысым келе жатыр. Бауырсақ келеді.

Би: «Бауырсақ»

Қасқыр: Ей, бауырсақ кел, неткен тәп- тәттісің, иісің қандай тамаша, неткен доп-домалақсың, үлкенсің.

Бауырсақ: Мен қорқақ емеспін, қарасаңшы күшіме, — деп күшін көрсетеді. – Менімен қалжыңдама! Бір ұрып құлатамын, — деп қасқырдың ішінен ұрғандай болады.

Қасқыр: Онда маған денеңнің бір шетінен бөліп берші, менің қарным ашып кетті.

Бауырсақ: Қасқыр саған не болған өзі? Онда келісейік, мен саған тамақ берейін, ал сен менің күзетшім боласың.

Қасқыр: Не дейсің?

Бауырсақ: Күзетшім, қорғаушым боласың, мен біреуді «ұр» десем ұрасың, ал мен болсам қарап тұрамын.

Қасқыр: Мына ормандағы ертегілер не болып кетті өзі? Мен біреуді көмекке шақырайын, көмектесіңдер, ау, ау, ау, уууу…

Мыстан кіріп келеді: Балалар, сендер мен туралы айтып жатырсыңдар ма? Мен жаман емеспін. Мен туралы көп әңгіме айтады, ормандағы жаман кейіпкерлермен дос дейді, бірақ мен жақсы кемпірмін. Мен қонаққа барғанда сыйқырлауды, ойнағанды жақсы көремін. Мен көңілді мыстан кемпірмін.

Ойын:   (Ата-анамен).

Қасқыр: Ал, егер сен сиқыршы болсаң, ормандағы ертегілердің барлығын өз орнына, өз қалпына жайғастыр.

Мыстан кемпір: Ол өте оңай нәрсе.

Қасқыр: Ал, қанекей көрейікші…

Мыстан кемпір: Абыра-кадабыра, ширли-мырли, суф!

Аяз ата ортаға кел.

Ортаға құртақандар билеп келеді.

Би: «Құртақандар».

Тәрбиеші: Ой, мыстан кемпір, аяз аталар қайда?

Мыстан кемпір: Саған қанша аяз ата керек? Тұр ғой, міне аяз аталар.

Тәрбиеші: Жооқ, бұл құртақандар ғой…

Мыстан кемпір: Қайсысы, қане, көзәйнегімді алып көрейін. Қартайып көзім көрмей қалған ғой. Аааа иә, иә, білмеймін енді, өздерің шақырып алыңдар, мен кеттім. (Ренжіп кетіп қалады).

Құртақандар: Сәлеметсіңдер ме! Қар ханшайымы жолдың бәрін мұз қатырып, жауып тастапты. Аяз ата келе алмай жатыр. Ақшақардан сұрамасақ не істейтінімізді білмейміз.

Тәрбиеші: Онда, құртақандар, бізге көмектесіңдер, ақшақарды ертіп келіңдер.

Құртақандар: Жарайды!

Жүргізуші: Балалар, бәріміз бірге құртақандарға ән айтып көмектесейік.

Ән: «Ақшақар»

Ақшақарды құртақандар алып келеді.

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар, ата-аналар, қонақтар? Құртақандар, маған жол көрсеткендерің үшін рахмет.

Ақшақар балаларға қарап: Мен сендерді танимын, сендер Аяз атаға сенбейтін балаларсыңдар гой?

Ақшақар: Мен аяз атаның немересі – Ақшақармын. Мен бәрін білемін.

Ақшақар: Ой, балалар, қараңдаршы, сендердің шыршаларың сөніп тұр ғой.

Тәрбиеші: Қар Ханшайымы келіп, шыршамызды сөндіріп, ертегілердің бәрін шатастырып, теріс айналдырып кетті.

Ақшақар: Бүгін мереке ғой, шырша міндетті түрде жанып тұруы қажет. Олай болса балалар, шыршаны жағуға көмектесіңдер!

Балалар хормен:

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.

Ақшақар: Жарайсыңдар, шыршаны жақтық. Ал енді Аяз атаны шақырайық.

Балалар хормен: Аяз ата тез, тез кел,

Сыйлықтарды ала кел.

Кішкентай аяз аталар үлкен қапшықпен келеді.

Кішкентай аяз аталар: Біз Аяз атаның көмекшілеріміз, сендерге көп сыйлықтар алып келдік. Қаптың аузын ашады, қаптың ішінен шар ұшып шығады.

Кішкентай аяз аталар: Сыйлықтар қайда? Қар Ханшайымы біздің сыйлықтарды алып кетіпті ғой.

Осы кезде Аяз ата келеді: Сәлеметсіздер ме? Жаңа жылдарың құтты болсын!

Ақшақар: Аяз ата, Қар Ханшайымы балаларға арналған сыйлықтарды алып кетіп, барлық ертегілерді теріс айналдырып тастапты.

Аяз ата: Қорықпаңдар, мен бәрін қалпына келтіремін, бірақ маған балалардың көмегі керек. Балалар, мен көп жол жүрдім, шаршадым. Сендермен бірге ән айтып, ойын ойнап, күш жинап аламын.

Ақшақар: Балалар, Аяз ата алыс жол жүріп шаршап келіпті, кішкене отырып демалып алсын, ал біз ойын ойнайық?

Ойын:   (Балалармен)

Ән хормен: «Жаңа жыл»

(Үнтаспадан ертегінің аяқталғаны айтылады).

Касенова Алина Сериковна,

КМҚК №147 бөбекжай — балабақшасы,

Музыка жетекшісі,

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.