Home » Ашық сабақтар » «Қош келдің, Жаңа жыл!» ертеңгілігі

«Қош келдің, Жаңа жыл!» ертеңгілігі

Абишева Жанар Қонашқызы,
МКҚК № 17 «Көктем» балабақшасының
№8 «Ботақан» ересектер тобы тәрбиешісі

 

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

                     Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

                     Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

                     Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін !

                     Бәрімізге мына жыл арайлы

                     Құтты болсын ағайын!

                     Жаңа жылын тағы да

                     Қол соғып қарсы алайық

                     Шақырайық ортаға

                     Ертеңгілік басталсын

                     «Ботақан» тобында!

(сахнаға балалар шығып, би билейді)

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы, көптен күткен Жаңа жылымыз да келіпті! Бүгін сендер қандай әдемісіңдер.Шыршамыз қандай әдемі.Олай болса осы әдемі шыршамызды айналып,ән салып,би билейік.

Ән: «Шырша жыры»

Жүргізуші:Балалар біздің әдемі мерекемізге кімдер жетіспейді?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар

Жүргізуші:Олай болса,Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!

Балалар:Аяз ата!Аяз ата!Аяз ата!Ақшақар!

Ау-у-у-у 3-рет

(музыка ойналып,Жалмауыз кемпір келеді)

Жалмауыз кемпір: Ха-ха-ха! Сәлеметсіңдер ме.Мында не болып жатыр ! Қандай мереке болып жатыр?Менсіз тойлайын деп жатырсындар ма ? Киімдерің қандай жаман, шыршаларың қалай жаман безендірілген.Ха-ха-ха.

Жүргізуші: Жалмауыз кемпір,менің балаларым әдемі.Шыршамыз да әдемі.Балалар қараңдаршы,Жалмауыз кемпірдің киімі қандай жаман, мұрны ұзын,тырнақтары кір-кір…

Жалмауыз кемпір: Ха-ха-ха!Қазір мен сендердің шыршаларынды жоқ қылып жіберем.

Жүргізуші:Балалар менің қолымда сиқырлы таяқша бар.Осы сиқырлы таяқшамен Жалмауыз кемпірді мерекеден қуып жіберейік.Балалар бірге «1-2-3» деп айтайық.

Балалар: 1-2-3

(Жалмауыз кемпір шығып кетеді)

Жүргізуші:Балалар енді Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар:Аяз ата!Аяз ата!Аяз ата! Ақшақар!

(Музыка ойналып, Аяз ата мен Ақшақар келеді)

Аяз ата:

Құтты болсын, балалар,

Келген Жаңа жылдарың.

Алаңдамай өсіңдер,

Еркелеп қыз, ұлдарым.

Өткен жылы келіп ем,

Бәріңді де көріп ем.

Жыл өткізіп келем деп,

Уәдемді беріп ем.

Ойларың мен бойларың да ,

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал, мен кіммен айтыңдаршы

Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармын арайлы.

Жалт-жұлт еткен жүзімнен,

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын,

Қалай тыныш жатпақпын.

Менсіз қыстың сәні жоқ,

Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Аяз ата: Балалар мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой.Сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Балалар: Қуант бізді таңырқат (3 рет)

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, алыс жолдан келдіңіздер.

Әсем әні де ,  би де бар

Отыр ата, сәл дем ал.

Жүргізуші:Аяз ата менің балаларым сізге арнап тақпақ айтады.

1.Жаңа жыл келгенде,

Қуанып қарсы аламыз.

Аят ата келгенде,

Билейміз,ән саламыз.(Амира)

2.Ақ қар жапты даланы,

Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға. (Арыстан)

3.Жаңа жылда балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен.(Елнар)

4.Әдемілеп бізілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай әсем шыршамыз,

Ән шырқайық шыршамыз.(Диана)

5.Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Қандай сұлу шыршамыз,

Көз тоймайды қарасаң.(Эльмира)

6.Ақ қырауға малынған,

Сақалы да,мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Салем берді жұртына.(Санжар)

7.Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жол болсын! (Диляра)

Аяз-ата: Жарайсыңдар балалар,қандай ақылды болып өскенсіңдер! Тағы қандай өнерлерің бар?

Би (ұлдар мен қыздар)

Жүргізуші:Аяз ата,менің өнерлі қыздарым Ақшақарға арналған әндерін шырқап бергісі келеді. Қабыл алыңыздар!

Ән: «Ақшақар»

Ақшақар:Қыздар өте керемет орындады. Көп рахмет! Сондай сұлу және талантты екенсіңдер! Енді мен сіздердің ұлдарыңызды сынап көргім келеді.Ұлдар менімен ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?

Ұлдар: Әрине ойнаймыз!

Ойын: «Қар жинау»-ойынның шарты:Ұл балалар екі топқа бөлінеді. Оларға берілген аз уақытта, жерде жатқан қарларды шелекке тездетіп жинайды. Қай топ көп жинаса,сол топ жеңімпаз болады.

Жүргізуші: Аяз-ата,Ақшақар. Балақайлар сіздердің сырттарыңыздан бақылағанды жақсы көреді. Сол арқылы олар сіздерді бейнелеп бергілері келеді?Қарсы емессіздер ме?

Аяз-ата мен Ақшақар: Жоқ әрине, біз қуана-қуана тамашалаймыз!

Жүргізуші:Олай болса,мен өзімнің кішкентай Ақшақар мен Аяз атамды ортаға шақырайын.

Ән: «Снегурочка»

Би (қыздардың орындауында)

Жүргізуші: Ал енді кезекті басқа бүлдіршіндеріміздің дайындаған тақпақтарына берейік.

1.Жапалақтап ақшақар,

Жауып күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.   (Бақдәулет)

2.Тоғай да,баулар да,

Ақ күміс жамылды.

Дала да,таулар да,

Өзіңді сағынды.   (Айтуар)

3.Оралды өлкеме,

Жаңа жыл армысың!

Оранды ақ көрпе,

Асқар тау қарлы шың. (Саян)

4.Аяз ата келіп тұр,

Бізге салем беріп тұр.

Сақалыңның ұзын-ай,

Кесіп алсам шіркін-ай.   (Шерхан)

5.Аппақ тоңға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.   (Аяулым)

6.Бақша іші мереке,

Ойын-күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа көп,

Мерекені бастаған.   (Тамерлан)

7.Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын Жаңа жыл.

Ата-әже, әке-ана,

Құтты болсын жаңа жыл.   (Дамира)

Ақшақар: Жарайсыңдар балалар!

Жүргізуші:Мерекеміз жақсы өтіп жатыр, енді оны одан сайын жақсы ету үшін бәріміз шаттық шеңберіне тұрып,ән шырқайық!

Ән «Ай да елочка»

Балалардың тақпақтары:

1.Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.   (Рифат)

2.Жаңа жыл , жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жаңында

Барлық бала билеп жүр.   (Дильназ)

3.Жылдың әнін бастайын.

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жас қайын

Көтере алмай көп қарды. (Батырхан)

4.Келіндер,келіндер

Тақпақ айтып беріндер.

Жомарт Аяз атадан

Сыйлық алып көріндер.   (Мансур)

5.Қарандар мынау шыршаға,

Неткен әсем көрікті

Жаңа жылдық думанға

Аяз ата келіпті.               (Алишер)

6.Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз атаны.   (Лейла)

Аяз ата: Балаларым өте өнерлі,ақылды,сондай сүйкімді. Осындай тамаша балаларға арналған менің сыйлықтарым бар. Кәне,қызым,алып келші.

Ақшақар: Иә,балалардың керемет өнерлерін тамашалаймыз деп сыйлықтар туралы ұмытып кетуге сәл қалыппын. Жарайды Ата, қазір алып келейін.

(Сыйлықтар әкеліп,балаларға тарту етеді)

Жүргізуші: Аяз-ата,Ақшақарымыз сыйлықты әкелемін дегенше біз сізге тағы да бір әнімізді айтып берейік.

Ән «Шыршаға бардық»

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар мен қонақтар! Осымен «Қош келдің,жаңа жыл» атты мерекелік таңертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп келгендеріңіз үшін алғыс білдіреміз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.