Қызылорда қаласындағы № 2 облыстық балалар оңалту орталығында жаңа жыл мерекесіне орай «Қош келдің, Жаңа жылым» атты жаңа жылдық ертеңгілік болып өтті.
Негізінен орталықта тіл мүкістігі, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен даун синдромы бар балалар және зияты зақымданған балалар тәрбиеленеді. Балалардың мүмкіндігінің шектеулілігіне қарамай мұндағы тәрбиешілер мен мамандар әр мерекені көңілді етіп ұйымдастырады.
Биылғы Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға арналған ертеңгілік те өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ертеңгілікті балаларға арналған жылы лебізімен орталықтың директоры П.Ә. Жұматова ашып, әрі қарай балалардың Аяз ата мен Ақша қарға арналған ән-жырына ұласты.
Ертеңгілікті педагог-дефектолог мамандар Таширова Гүлжахан,Сүлейменова Гаухар жүргізді. Балалар сағына күткен Жаңа жыл мерекесінде жасыл шыршаны айнала «Балапандар», «Ақшақар» билерін билеп, ән салды.
Ертеңгілікке қатысқан ата-аналар балаларының өнерін көріп қуанып, балалармен бірге шыршаны айнала ән салды. Балалар өнеріне риза болған Аяз ата мен Ақша қар дорба толы сыйлықтарын балаларға үлестіріп зор қуаныш сыйлады. Ертеңгіліктің соңы С.Майқанова атындағы мәдениет Үйінің өнерпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласты.
Гүлназ Абильдаева,
№ 2 балалар оңалту орталығының
Педагог-логопед маманы,№
Қызылорда қаласы