Home » Мақалалар » Қош келдің, Жаңа жыл!

Қош келдің, Жаңа жыл!

Жаңа жыл мерекесіне арналған                                                                               ертеңгілік

Джусупбекова   Акмарал   Аликовна

№ 76 «Әдемі» балабақшасының  тәрбиешісі 

Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл!
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесінің маңызын үйрету. Балалардың есте сақтау қабілеттерін тақпақтарын жаттау арқылы дамыту. Жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: Жүргізуші, Аяз ата, Ақшақар, Мыстан кемпір, сиқыршы, қасқыр,түлкі, сайықмазақ.

Түрі: концерттік бағдарлама.

1-ші жүргізуші:

  • Құрметті ата-аналар, қонақтар, «Әдемі» бақшасының ұжымы, ата-аналар мен кішкентай бүлдіршіндеріміз, сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден  құттықтаймыз! Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып  келсін дейміз.

2-ші жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Көркем» тобында!
(балалар ата-аналарымен қол ұстасып кіреді)

Ән: «Қыс туралы».

1-ші жүргізуші:

  • Біздің балалардың жаңа жылға арналған тақпақтарын тыңдайық.

1-бала(Адина):
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
2 – бала (Мунира):
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел, жаңа жыл, біздерге,
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл.
3 — бала(Нурали):
Көрсін біздей балғынды,
Көңілденсін ол енді.
Шырқатайық ән жырды,
Шырқатайық өлеңді.
1-ші жүргізуші:

  • Балалар, біз барлығымыз жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Бүгін біздің мерекемізге кім келеді?

Балалар :

  • Аяз ата!

2-ші жүргізуші:

  • Дұрыс балалар, ал Аяз ата не әкеледі?

Балалар:

  • Сыйлықтар.

(Әуенмен  Түлкіжүгіріпкеледі).
Түлкі:

  • Ой, балалар, мені құтқарыңдаршы. Ол мені жеп қоямын дейді.

1-ші жүргізуші:

  • Кім сені ренжітті, сен кімнен қорқып отырсың?

Түлкі:

  • Кім болушы еді – қасқыр! Мен естігенмін, ол жаңа жыл мерекесінде мені қуырып жеймін дейді.

2- жүргізуші:

  • Сен бізбен бірге жүр, ешкімнен қорықпа, біз барлығымыз қосылып қасқырдан сені құтқарамыз. Ал қазір бізге ұлдар тамаша би дайындады. Бәріміз бірге билейік.

Түлкі:

  • Менің де билегім келіп тұр, билесек билейік.

Би: «Көңілділер биі». Ұлдар аналарымен.

Орындайтын: Ерсұлтан, Елдар, Даниял, Нурали, Сұлтанхан, Диас, Алиқайрат, Әлішер, Сұлтан, Т.Алишер, Ж.Алихан, М.Алихан, Ансар, Жанболат, Ермекгали және аналары.
1-ші жүргізуші:

  • Мынау кім екен?

Қасқыр:

  • Кім дегенің қалай? Ол ең әдемі, ең батыр, ең мықты, ең шапшаң, ол  мен – қасқыр.

2-ші жүргізуші:

  • А…..солай ма? Осында қалай келіп қалдың?

Қасқыр:

  • Мен сендердің мерекелеріне әдейлеп келдім. Ал сендер түлкіні көрген жоқсыңдар ма?

1-ші жүргізуші:

  • Ал сен оны қайтейін деп едің?

Қасқыр:

  • Жай, менің қарным ашты, ой айтып қойдым ғой.

1-ші жүргізуші:

  • Қасеке, одан да біздің балалардың тақпағын тыңда.

4-бала(Ж.Алихан):
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршаның
Көптен күтіп сағынған.
5-бала(Нұрай):
Келді, келді жаңа жыл,
Қуанып қарсы ала біл.
Аяз ата сыйлығын,
Алайық айтып жаңа жыр.
2-ші жүргізуші:

  • Қасқыр, саған ұят емес пе? Сен неге оны қуалайсың?

Қасқыр:

  • Мен бәрі бір оны жеймін.

Түлкі:

  • Қасеке, сен мені жеме, менің саған деген мерекеге арналған сыйым бар.

(Сиқыршы шығады).
Түлкі:

  • Сиқыршы, сиқыршы, қане, сиқырыңды көрсет.
    (Сиқыршы, сиқырлап сиқырлы бишілер шығарады).

 

Гимнастикалық қойылым: «Қояндар мен тиіндер».
Қасқыр:

  • Ой, түлкі, сыйлығыңа рахмет, менің көңілім көтеріліп қалды. Мен саған енді тиіспеймін.

2-ші жүргізуші:

  • Сиқыршы, сізге біздің балалар ағылшын тілінде тақпақтарын айтқысы келіп тұр.

Сиқыршы:

  • Әрине, тыңдайын.

Тақпақтар:

Даниял:

A happy New Year for me,

A happy New Year for you.

A happy New for everyone,

That’s what i wish – i do.

Адия:

See the pretty snowflakes,

Falling from the sky.

On the wall and housetops,

Soft and thick they lie.

(Сиқыршы сиқырлап ортаға сайықмазақты шығарады).

Сайықмазақ:

  • Ой… мен қайдамын?

Қасқыр:

  • Қалай қайдасын, мерекедесін, сенің киімің қандай әдемі, маған берші?

Сайықмазақ:

  • Мереке? Қандай мереке? Мен білмейді екенмін. Жоқ… бермеймін, ол менікі ғой.

Түлкі:

  • Оой, досым-ау, қалай сен білмейсің? Бүгін жаңа жыл мерекесі ғой…

Сайықмазақ:

  • Ааа… мен ұмытып қалыппын. Кешіріңдерші мені. Ал, менімен ойын ойнағыларың келеді ме?

Барлығы:

  • Ия.

Сайықмазақ:

  • Жақсы, онда ойнаймыз.

Ойын: «Ең әдемі шырша».

Шарты:екі бала ата-анасымен шығады, түрлі-түсті маркерлермен шыршаның суретін салады, кімнің шыршасы ең әдемі жеңінпаз болады.  Берілетін уақыт 2 минут. Екі рет қайталанып ойнатылады.

Сайықмазақ:

  • Рахмет, бәріне үлкен рахмет.

1-ші жүргізуші:

  • Кешіріңіз, сіз бізге ойын ойнаттыңыз, ал енді біздің балалар сізге тақпақ айтып берсін.

6-бала(І.Айдана):
Шеберін – ай аяздың
Әйнектерді қағаз ғып
Әшекейлеп қойыпты
Бірнеше ою ойыпты
Суреттерді әр үйге
Әйнектерге әрине
Түнде салып береді
Көзі қалай көреді?
7-бала(М.Алихан):
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсы үміт
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық
Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ән: «Шыршы жыры».

 

1-ші жүргізуші:

  • Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
    Соны шешесіңдер ме?

Балалар:

  • Иә.

Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бір-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді. (Аяз Ата)

2-ші жүргізуші:

  • Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

Балалар:

  • Аяз Ата! Аяз Ата!
    (Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады).

Мыстан кемпір:

  • Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Үйге алып кетпесем бе екен? (Осы кезде мыстан кемпір төменге еңкейіп, шыршаның түбімен жұлып алғысы келеді).

1-ші жүргізуші:

  • Мыстан кемпір!

(Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды).

1-ші жүргізуші:

  • Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тименіз біздін шыршамызға!

(Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді. Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып).

Мыстан кемпір:

  • Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой.

(Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда).

Мыстан кемпір:

  • Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ак,осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!

(Мыстан Кемпір кетіп қалады. Сол кезде қалтасынан бір таяқ түседі).

2-ші жүргізуші:

  • Балалар, кәне тойды жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізді шыркап, атамызды шақырайық!
    Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз-ата мен Ақшақар кіреді. Аяз-ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.

Ақшақар:

  • Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мында, үйге кетемін.

Аяз-ата:

  • Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба?

Ақшақар:

  • Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда барғым келмейді, үйге қайтамын.

Аяз-ата:

  • Қызым-ау, не айтып тұрсың!
    Қарашы біз тойға келдік!
    Қане, балалармен амандасайық.
    Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
    Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
    Қандай жарқын жүздерің
    Қандай әсем жырларың
    Асаулармен алысқан,
    Асау желмен жарысқан
    Аталарың сендерге
    Шаршап келді алыстан
    (Балалар амандасады.)

Аяз-ата:

  • Рахмет, балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан ұят болады, басыңды көтер. (Ақшақар басын көтермейді)

Аяз-ата:

  • Қарашы балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
    Шырша шамын жағайық,
    Жаңа жыл тойын ашайық!
    (Сол кезде Ақшақар жылап тұрып).

Ақшақар:

  • Мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым. (Осы кезде Аяз – ата оны жұбатып тұрып).

Аяз ата:

  • Қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын.

Ақшақар:

  • Қойыңыз Аяз-ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.

1-ші жүргізуші:

  • Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?

Ақшақар:

  • Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?

2-ші жүргізуші:

  • Жаңа мында мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе екен?
    Қане, барлығымыз іздеп көрейікші?
    (Сөйтіп жатқанда балалардың біреуі сиқырлы таяқты тауып алады)

Аяз-ата:

  • Жарайсың, балапаным!

1-ші жүргізуші:

  • Қане, шырша жағуға көмектесейік, балалар!

Бәрі:

  • Қуант, бізді, таңырқат
    Шамдарыңды жарқырат! 2 рет.
    1-ші жүргізуші:
  • Ортаға жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтар.

8-бала (Қ.Әлішер):
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз!

9-бала (Адема):
Әдемілеп тізілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Енжарлықты тастайық,
Шырша тойын бастайық!

10-бала(Ермекгали):
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Балдырғандар би билеп,

Шыр ойналып ойнайды.

2-ші жүргізуші:

  • Достарымыз бар қуанып,
    Тамашалар кештер де
    Талшыбықтай бұралып
    Биші болам өскенде
    Құрметті қонақтар, «Көркем» тобының биші қыздары мен әкелері

«Сиқырлы жаңа жыл» биін тамашалайық!

Би: «Сиқырлы жаңа жыл».

Орындайтындар: А.Акжана, Данеля, Б.Айдана, Медина, Жазель, Нұрай, Хадиджа, Адема, Аделя, Мунира, Дания, Ақжан, Адина, Адия, Айдана, Ботакөз және әкелері.

1ші жүргізуші:

  • Балалар Аяз Атамен көңіл көтеріп ойын ойнап алайық!

Ойын: «Әдемілеп қайтала».

Шарты: ойынға барлығы қатысады, әуен қосылған кезде, белгілі бір дене мүшесімен билеу керек. Әуен ауысып тұрады, әуен ауысқан сайын берілген дене мүшелеріде ауысады.
1-ші жүршізуші:

  • Аяз ата сіз білесіз бе, біздің балалар мен ата-аналар сізге ән айтқылары келеді.

Ән: «Аяз ата».

2-ші жүргізуші:

  • Аяз Ата Сіз біздің балалардың өнерін тамашаладыңыз, Сізге ұнады ма? Сыйлық әкелдіңіз бе?

Аяз Ата:

  • Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар мына сандықтың кілті қайда?

Ақшақар:

  • Білме ймін.

2-ші жүргізуші:

  • Өзі жылтыраған, әдемі кілт пе?

АязАта:

  • Иә, сол кілт шығар.

1-ші жүргізуші:

  • Аяз ата, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды алып кеткісі келген.

Аяз ата:

  • Қап, әттеген-ай! Қане, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
    (Осы кезде залға мыстан кіріп келеді).

Мыстан кемпір:

  • А-а, мында екен ғой. Таптым, сандық мында тұр екен ғой!

Аяз ата:

  • Мына ұрлықшы мында жүр ғой! Қане кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.

Мыстан кемпір:

  • Ойбай, тағы не дейді? Сыйлық өзіме де керек.

Аяз ата:

  • Ой сені ме… Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын. Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
    (Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)

Мыстан кемпір:

  • Әй, Аяз шал!Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не істесем екен?

Аяз ата:

  • Бересің ба сандықтың кілттін?

Мыстан кемпір:

  • Жоқ, бермеймін!

Аяз ата:

  • А-а, онда осылай тұра бер! Мен кеттім!

Мыстан кемпір:

  • Жоқ, Аяз-ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтартарымды шешсін!
    (осы кезде мыстан кемпір қалпына келеді, балаларға жұмбақ жасырады.)
    Жұмбақтар:
    Қолы менен қаламы жоқ,
    Бірақ сурет салады көп.

(Аяз)
2. Суда қалқиды,
Жылыда балқиды.

(Мұз)
3. Зулап түсті төменге,
Менсіз шықпас төбеге.

(Шана)

Мыстан кемпір:

  • Жарайсындар, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.

Аяз ата:

  • Ал, енді біз сыйлықтарымды таратайын.

(Сыйлықтар таратады).

Мыстан кемпір:

  • Балалар мен кетейін енді, сендер сыйлықтарыңды алдыңдар, мерекелеріңді бұза алмадым, бірақ маған өте қатты ұнады, сау болыңыздар.

Аяз ата:

  • Жарайсындар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
    Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым?! Біздің сыйлымызға риза болыңдар. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,. Аспандарын ашық болсын! Қош болыңдар!

(қолдарын бұлғап шығып кетеді).

2-ші жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты,
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.