4 жыл бойы білім алған білім, біліктерін, ой-өрістерінің жемістерін, өнерлерін ортаға сала бастауыш сыныппен, алғашқы ұстаздарымен қоштаса отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне, ата-анасына әр оқушының өзіндік ерекшелігін таныту, сәт-сапар тілеп табыстау мақсатында 2017 жылдың 22 мамыр күні Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінде сынып жетекшісі Б.О. Самиеваның ұйымдастыруымен 4 «б» сыныбында «Қош бол, бастауышым!» атты бастауыш сыныппен қоштасу мекекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға директордың оқу ісінің орынбасары А.З. Кулушева, бастауыш сынып бойынша директорың оқу ісінің орынбасары А.А. Тукенова, мектеп психологы Г.А. Абельманова, пән мұғалімдері, Қ.А. Айтжанов, М.Ж. Сисянгужина, Ш.Б. Ракымберлиева, К.А.Алпысбаева, Б.С. Жандавлетов, Д.П. Аймурзиева және ата-аналар қатысты. 4 «б» сынып оқушыларының бойындағы өнерлерін тамашалады. Іс-шараның соңында директордың оқу ісінің орынбасары А.З. Кулушева оқушыларға жақсы тілек тілеп, бастауышты бітіргені туралы дипломдармен марапаттады. Мектеп директоры Г.Б. Бисенгалиеваның атынан 4 жыл бойы оқушылардың үлгілі тәртібі, өнегелі тәрбиесі және мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқаны үшін ата-аналарды алғыс хаттармен марапаттады. Ата-аналар комитет мүшелері Д.Исагалиева мен А.Кушекбаева оқушыларға жақсы тілек тілеп, сынып жетекшіге шығармашылық табыс тіледі.
Самиева Балкенже Онгарбевна
Батыс Қазақстан облысы,
Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы,
Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім
беретін мектебі бастауыш сынып мұғалімі